+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Сейсенбi, 19 қазан 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 10 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Айдарлар

Мақалалар

Комплекс мероприятий по формированию антикоррупционного мышления

Редикульцева Елена Николаевна, заместитель директора по воспитательной работеКГУ «Средняя школа №3» отдела образования по городу Курчатову управления образования ВКО, г.Курчатов

Одной из приоритетных задач построения демократического общества на сегодняшний день является борьба с коррупцией. Актуальность борьбы с коррупцией заключается в том, что она должна носить комплексный характер и начинаться со школьного возраста.

В КГУ «Средняя школа №3» отдела образования по городу Курчатову управления образования ВКО на системной основе поставлена работа по разъяснению коррупционных действий, формировании у школьников антикоррупционных взглядов.

Толығырақ »

Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі

Каримова Армангуль Жумабековна, «А.Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде білім алушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамассыз ету жеткіліксіз. Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға тоқталатын болсақ, коммуникация-ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды, тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке  өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде  жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

Толығырақ »

Бipтұтaс хaлық жaсaғының ұйымдaстыpылуы (қысқа мерзімді сабақ жоспары)

Алдажарова Дидар Маратбекқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ-нің  тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығына Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар оқиға. Сабақ барысында қaзaқ хaлқының iшкi және сырты жaғдaйындa жоңғapлapғa қapсы шaпқыншылықты ұйымдастыру, бipтұтaс хaлық жaсaғының  ұйымдaстыpушылapы мен оғaн қaтысушылap, қaзaқ хaлқының жоңғap шaпқыншылығынa қapсы күpесiнiң тapихи мaңызы туралы мәліметтерді өз бетімен қарастырады. Бұл сабақ жоспарында жаңартылған бағдарлама негізінде оқушыларға бағыт бағдар беру арқылы тақырыпты түсіндіру жоспарланған.

Толығырақ »

ХБК Қазақстан Халықтарының Студенттік Ассамблеясы

Нурпейсова Назира Турсуновна, Халықаралық білім беру корпорациясы ЖБПФ ассистент профессорі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 1 наурыздағы Жарлығына сәйкес Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтарының бірінші форумында айтқан болатын. Онда сөйлеген сөзінде Президент: «Қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы біздің басты байлығымыз – халықтар достығын қалыптастырды. Қазақстандықтардың бұл байлықты ысырап етуге, игі дәстүрлерді ұмытуға құқығы жоқ. Олар соңғы онжылдықта және коммунистік емес директиваларда пайда болған жоқ. Әр халықтың, әр ұлттың дауысын күнделікті есту керек.

Толығырақ »

Cпартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды

Чекетаева Роза Саркытбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы

Орамалова Айзат Женисхановна, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі

Сабақ – педагогикалық туынды, мұғалімнің жұмысының көзге көрінетін негізгі бір бөлігі. Әрбір сабақ біртұтас педагогикалық үдерісті жүзеге асыруға бағытталады: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Сабақ сыныпқа кіргенге дейін оған алғашқы дайындықтан басталады және сабақ жоспарын дайындау – табысты сабақты құрылымдаудағы жауапты кезең. Белсенді сабақ – сәтті сабақтың алғышарттарының бірі. Белсенді сабақты жоспарлау неден басталады?

Толығырақ »

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда халық ауыз әдебиетінің маңызы

Рахатбаева Гульнара Токтаровна, ЖШС «Erudit Kids» балабақшасының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Бала тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны өте ерекше. Халық ауыз әдебиеті – өмірдің айнасы, тәрбиенің таптырмас құралы. Халық ауыз әдебиеті – халықтың рухани асыл қазынасы. Мектеп жасына дейінгі балардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекшелігін іс-тәжіріибемде кеңінен қолданамын.

Толығырақ »