+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Айдарлар

Мақалалар

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін театр және театрландырылған қойылымдар арқылы дамытудың маңызы

Мухаметжанова Шынар Ерланқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№13 «Дария» балабақша-бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі

Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр және театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балабақшада балалардың тілін халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдалана отырып дамыту әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы іске асырылады. Әдіс-тәсілдер балалардың жас ерешеліктеріне қарай сана сезіміне әсер ету арқылы қызықтыра отырып бойларына сіңіртіп тілін дамытуға септігін тигізеді.

Толығырақ »

ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру

Шакерова Алия Кусайнгазиевна, ШҚО білім басқармасы кәсіптік білім беру орталығының әдіскері

Қазіргі жағдайларда мемлекеттің, қоғамның, білім берудің негізгі мақсаттарының бірі еліміздің шығармашыл, жауапкершілігі мен адамгершілігі жоғары азаматын тәрбиелеу мен дамыту болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметтің алға қойған басым міндеттерінің бірі – оқушы жастарға рухани-адамгершілік білім беруге жағдай жасау. Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында (27.01.2012 ж.) «…Білім берудің тәрбиелік компонентін күшейту қажет. Ешқандай жеке меншік түріне қарамастан – адамгершілік пен патриоттық мораль нормалары, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани және физиологиялық даму, заңға бағынушылық – осы құндылықтар барлық білім беру мекемелерінде дағдыландырылуы міндетті… Бұл біздің жастарға ауадай қажет».Сондықтан біздің бүкіл білім беру жүйесінің негізгі міндеті – болашақ мұғалімдерге рухани-адамгершілік білім беру.

Толығырақ »

Түкті кілем тоқу өнері

Саканова Жанар Муратқызы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің көркем еңбек пән мұғалімі

Қазақ халық қолданбалы өнерінің дәстүрлі түріне киіз басу, кілем тоқу, тоқыма тоқу, кесте тігу, күмістен әйелдердің әшекей бұйымдарын жасау, ағаш өңдеу, металл өңдеу, тері мен сүйек өңдеу кәсіптері жатады. Қазақ кілемдері тоқылу ерекшелігіне қарай — түкті және тықыр; материалына қарай — жібек, масаты боп бөлінеді. Қазақ кілемдері өндірілген жеріне қарай – Торғай, Қызылорда, Алматы, Жамбыл кілемдері, ру үлгілеріне қарай -қыпшақ кілемі, адай кілемі, керей кілемі, қоңырат кілемі, үйсін кілемі, қосалқы белгілеріне қарай – шашақты, оқалы кілем деп те аталады.

Толығырақ »

Комплекс мероприятий по формированию антикоррупционного мышления

Редикульцева Елена Николаевна, заместитель директора по воспитательной работеКГУ «Средняя школа №3» отдела образования по городу Курчатову управления образования ВКО, г.Курчатов

Одной из приоритетных задач построения демократического общества на сегодняшний день является борьба с коррупцией. Актуальность борьбы с коррупцией заключается в том, что она должна носить комплексный характер и начинаться со школьного возраста.

В КГУ «Средняя школа №3» отдела образования по городу Курчатову управления образования ВКО на системной основе поставлена работа по разъяснению коррупционных действий, формировании у школьников антикоррупционных взглядов.

Толығырақ »

Білім беру үрдісінде ақпараттық-коммуникативтік технологияның тиімділігі

Каримова Армангуль Жумабековна, «А.Байтұрсынұлы атындағы № 47 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің тарих пәні мұғалімі, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы

«XXI ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» болғандықтан бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құзыреттілігін арттырып, пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі кезде білім алушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамассыз ету жеткіліксіз. Жалпы ақпараттық-коммуникативтік технологияларға тоқталатын болсақ, коммуникация-ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды, тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс-әрекетке  өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде  жеке тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады.

Толығырақ »

Бipтұтaс хaлық жaсaғының ұйымдaстыpылуы (қысқа мерзімді сабақ жоспары)

Алдажарова Дидар Маратбекқызы, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ-нің  тарих және құқық пәнінің мұғалімі

Үш жарым ғасырдан астам өмір сүрген Қазақ хандығына Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар оқиға. Сабақ барысында қaзaқ хaлқының iшкi және сырты жaғдaйындa жоңғapлapғa қapсы шaпқыншылықты ұйымдастыру, бipтұтaс хaлық жaсaғының  ұйымдaстыpушылapы мен оғaн қaтысушылap, қaзaқ хaлқының жоңғap шaпқыншылығынa қapсы күpесiнiң тapихи мaңызы туралы мәліметтерді өз бетімен қарастырады. Бұл сабақ жоспарында жаңартылған бағдарлама негізінде оқушыларға бағыт бағдар беру арқылы тақырыпты түсіндіру жоспарланған.

Толығырақ »