+7 (7232) 71-21-04
vko.press@orleu-edu.kz
Дс - Жм: 9.00 - 18.30
Share on facebook
Share on twitter
Share on linkedin

Желілік басылым айына 1 рет қазақ және орыс тілдерінде шығады

ШҚО ақпараттық-педагогикалық газеті
Бүгін: Жексенбi, 19 қыркүйек 2021 жылы
Осы нөмірден оқыңыз: № 9 - 2021
18+ балаларға тыйым салынады

2000 жылдың қыркүйегінен бастап шығарылады. Куәлік №16323-СИ

Айдарлар

Мақалалар

Физиканы оқытуда гигиеналық білім беру

ҚЫДЫРМОЛДИНА А.Б.,

Электротехника колледжінің физика пәні оқытушысы, Семей қаласы

     Дамудың қазіргі кезеңінде физика ғылымы адамзат өмірінің барлық саласына ерекше әсерін тигізуде. Қазіргі физика биология ғылымдарымен, медицина және гигиенамен тығыз байланысты. Физика пәнін оқытуда оқушыларға гигиеналық білім берудің мүмкіндігі мол. Себебі физика заңдары мен олардың тәжірибеде қоданылуының адам денсаулығын сақтау және еңбек қабілетінің артуына тигізетін әсері зор.

Толығырақ »

Оқу үдерісінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың функционалдың сауаттылығын дамыту

 Жанузакова Надия Ахметказиевна, п.ғ.м., «Өрлеу» Біліктілік арттыру ұлттық орталығы»  АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Тұлғаны  тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының  аға оқытушысы

       Бүгінгі күннің басты талабы – біліммен жан жақты қаруланған, дарынды, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу болғандықтан, білім мазмұнын жақсарту, жаңарту мақсатында түрлі ізденістер жасалуда. Сол жаңашылдықтың бірі – педагогтардың біліктілігін жетілдіру, сабақтарында түрлі технологияларды, стратегияларды, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану болып табылады.

Толығырақ »

Балабақшада ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолдары

 Мухамадиева Алия Кабылгазыновна, №38 «Ласточка» бөбекжай балабақшасы КМҚК-нің  қазақ тілі пәнінің мұғалімі,  Риддер қаласы 

      Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану – үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, eceйіп өcyiнe де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің eciгiн ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

Толығырақ »

Модельдік оқытудың маңыздылығы

Нургалиев Рауан Еримбекович, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО  бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

     Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту, білімділікке ұмтылу Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына  арқау болғаны анық. Біздің, яғни ұстаздардың еңбегі жас ұрпақтың рухани жаңғыруына бастама бола алады. Білімділікке ұмтылу жолындағы ұстаздардың мақсаты –  оқушыларға сапалы әрі бәсекеге қабілетті білім беру. Сапалы білімге әр түрлі  заманауи құралдар мен әдіс-тәсілдерді өзгерту арқылы, оқушының қабілеттері мен әлеуетін мүмкіндігінше толық аша алғанда және жас ерекшелігіне сай білімге қол жеткіземіз.  Оқушылар білімді механикалық түрде  жаттап қана қоймай, есте сақтап, алған білімді өмірде кез-келген жағдайда қолдана білулері керек. Сонда ғана сапалы білім болады. Ал осындай сапалы білімге жету үшін оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту керек. Ал, есте сақтау қабілеттерін қалай дамытуға болады? Есте сақтау қабілеттері артады егер де, мәтін мазмұнына талдау жасап,  оны модельдеу арқылы көрсете білсе.

Толығырақ »

Мектепке дейінгі білім мекемелері музыка жетекшілерінің тәжірибе алмасуы

КАМАЛИЕВА Қ.К., ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ-нің Ұлттық әдебиет және өлкетану орталығының кітапханашысы

      Баланы қоғамдық өмірде, еңбекте, табиғатта көркем өнерде бар әсемдікті сезіне білуге уйрету, тәрбиелеу маңыздылығы оның эстетикалық талғамы жоғары тұлға болып қалыптасуына ықпал етері сөзсіз.
      Жас ұрпақтың эстетикалық талғамын дамыту мынау – «жақсы, әдемі, ал, мынау – жаман, көріксіз» деп ауызша айтумен жүзеге асырылмайды, бала өнер шығармаларын түсініп, нәр алумен қатар табиғаттың өнердің, еңбектің, тұрмыстың, ән сазын, қолөнер шығармаларын танып білу, өзі жасау арқылы талғамы дамиды. Әрине, бұл жерде оқыту ісі ерекше роль атқарады.
      Мұндай оқыту тәжірибелерін жетілдіру мақсатында облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Мектепке дейінгі тәрбие, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында музыкалық жетекшілердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында болып өткен семинар-практикумның маңызы зор болды.
       «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының тыңдаушылары қатысқан семинар-практикумда ұсынылған іс-тәжірибелер әртүрлі формаларда жүргізіліп, музыка жетекшілерінің кәсіби біліктіліктерін арттыра түсті.

Толығырақ »