Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Өзін-өзі тану

Жалпы адамзаттық құндылықтар - рухани дамудың көзі

 

 

 

Зайсанбаева Г.Н. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,
Ибраимова М.М.,
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Өзін-өзі» тану пәні мұғалімі, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

    Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер, біріншіден, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, екіншіден қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне бағытталған. Білім беру жүйесіне қарқынды енгізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту үдерістерінің басты мақсаты - білім алушылардың өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез - келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  жеке тұлғаны дамып-жетілдіру болып табылады. Осындай реформаларға негізделген Қазақстан білімі қоғамдағы барлық саланың жандануына, азаматтардың саналы әрекетінің сапасының артуына, адамның ішкі әлеуетінің жарыққа шығып, қоғамның қажеттілігін өз мүддесінен жоғары қоя білетін азаматтардың санының артуына ықпал етері сөзсіз.

Подробнее...

Өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен маңызы

Оразова Нургуль Асылбековна,  «Көлік колледжі» КМҚК-нің өзін-өзі тану пәні оқытушысы, Семей қаласы

    Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі әрқашан өзекті болып табылады. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз,оны жан-жақты дамыту,жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі, рухани- адамгершілік қасиеттерге бай болуын талап етеді. Өзін-өзі тану пәні жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өміріндегі орнын анықтау біз үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қайырымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше.

Подробнее...

«Өзін-өзі тану» пәнін басқа пәндермен интеграциялау

Зайсанбаева Г.Н., «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,

Мергазина Н.М., ШҚО Ұлан ауданы Ново-Одесское ауылы Базылбек Ахметов атындағы орта мектеп, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

   Жүрек – рухтың ұясы, рухани санамыздың орталығы, ол біздің болмысымыздың қозғаушы күші, рухани қабілетіміздің қайнар көзі. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады. Ал үлкен ағашы болғанда оны түзете алмайсың » - деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде, өзіндік талдау жасауына ықпал етуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.

Подробнее...

Руханияттың кәусар бастауына апаратын жол - жалпыадамзаттық құндылықтарда

 Зайсанбаева Гульнар Нигметовна, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың Деңгейлік бағдарламар орталығы жетекшісі
Аубакирова  Бахыткуль  Кайрбековна, Шығыс Қазақстан облысы,  Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылы, «Абай атындағы орта мектебі» КММ,«Өзін-өзі тану»  пәні   мұғалімі

«Адамның жақсы өмiр сүруiне үш қасиет негiз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мiнсiз ақыл, таза жүрек».
Шәкәрiм Құдайбердiұлы

     Ұлттың рухани жаңғыруы әр адамның рухани-адамегршілік білімінің толығуына тікелей байланысты. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы Сара Алпысқызының: «Біздер,  ХХ ғасырдың естен айырылған перзенттері ұзақ пайдаланған «өркениет әдебі» шарттылығының орнына өмір әдебін қайта жаңғыртуымыз керек. Адамдар ғасырлар бойы осы құндылықтарға ие болып, тиісінше пайдаланып келді ғой. Бейнелі тілмен айтқанда, руханияттың мөлдір кәусар бұлағынан үнемі сусындап отырды. Соңғы онжылдықтардың асау ағыстары кезінде осы бастауларға апаратын жолды замандастарымыз естен шығарып алды»,- деп жазған сөздерінен бастау алғым келеді. Расымен, рухани бастаусыз білім зиянды екенін өз заманында небір ұлылар дәлелді айтып кеткен, бүгінгі таңда  оны мойындауға тура келіп отыр. Сондықтан, руханияттың кәусар бастауына апаратын жолды іздеу – бүгінгі таңда өмір сүріп  жатқан әрқайсымыздың міндетіміз деп түсінеміз.

Подробнее...