Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Өзін-өзі тану

Жалпыадамзаттық құндылықтар – жанұялық тәрбиенің негізгі тірегі (Ата-аналар жиналысы)

 АУБАКИРОВА Б., «Абай атындағы орта мектеп» КММ-нің өзін-өзі тану пәні мұғалімі, Қарабұлақ ауылы, Зайсан ауданы

 «Әр бала белгілі бір борышпен өмірге келеді. Әрбір сәбидің тек өзіне тиесілі жаны – ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету».
                                                        Ш. А. Амонашвили

       Ұстаздық жолында қаншама шәкірттерге дұрыс тәрбие беру үшін, алдымен өзіңді тәрбиенің отанында үлгілі тәрбиеленген адам қатарында болуға  аса мән беру керек-ақ. Даналардың айтқан қасиетті сөздері мен сара жолдарын есте ұстап, сол жолмен жүре алу тәрбиелі адамдардың күнделікті азығы іспетті. Егер, кімде - кім сөзінің, ісінің, ойының біріккен үштіктен табылуына көңіл бөліп, естілердің сөздерін есінде ұстап әрекет етіп отырса ғана өзгелерге тәрбиенің тамаша жемісінен дәм татқыза алады дер едім. Өйткені, бүгінгі таңда жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі тәрбиеге ауадай қажет екенін еріксіз мойындап отырмыз.

Подробнее...

Жүсіпбек Аймауытов - ізгілік педагогикасы классигі

Сатиева Г., Жарсу орта мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі,  Зайсан ауданы
Зайсанбаева Г., "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың Деңгейлік бағдарламалар орталығы басшысы

       Мен Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың деңгейлік курсын оқыдым. Адам бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтар ізгілікке бастайтын керемет күш. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы – сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Осы игі істің орындалуына тамшыдай болса да үлес қосып, «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ беруім кездейсоқ емес екенін ұғына түскендеймін.
       Курста үйренген әдіс-тәсілдерді алда тиімді қолдана отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды шәкірт бойында дамыту әрбір курс тыңдаушысының парызы деп түсінемін. Курс барысында бойындағы бар асылын беріп, ішкі әлемінің Нұрын бізге аямай құя білген ұстазымыз Гүлнар Ниғметқызына ризашылығым шексіз. Біз ол кісіден беретін білімді өз бойынан өткізіп, жүрекпен жеткізуді үйрендік. Біздің санамызды нұрландырып, ішкі әлемімізді ізгілікке бағдарлады. Ізгілік ізгілікпен тәрбиеленеді. Сұлулық сұлулықпен тәрбиеленеді. Тұлғаны тек тұлға ғана тәрбиелейді, – дейді ізгілік педагогикасының аксиомасы.
       Курс барысында рухани-адамгершілік білім беруде ізгілік педагогикасы классиктерінің бірі Ж.Аймауытовтың педагогикалық еңбектерін оқып таныстым және өзімнің ұстаздық қызметімде қолдануды мақсат еттім.

       Сан ғасырлардан бері ата-бабаларымыз егемендікті аңсап, ұлан-ғайыр даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, біздерге аманат етіп жеткізген байтақ жерімізде бабаларым арман еткен құндылықтарға бүгінде қол жеткізгендейміз. Қазіргі Қазақстан көк байрағы бейбіт аспанында қалықтаған, алпауыт елдермен терезесін теңестірген, сан түрлі ұлттарды құшағында сыйыстырып отырған тәуелсіз мемлекет.  

Подробнее...

Менің Отаным (1-сынып)

Торехан А.,   «Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ-нің мұғалімі, Абай ауданы
Зайсанбаева Г., "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың Деңгейлік бағдарламалар орталығы басшысы

 
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Отан ұғымы арқылы сүйіспеншілік құндылығы туралы түсінік беру
Міндеттері:
Білімділік:
оқушыларға Отан ұғымы арқылы отансүйгіштік туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларды Отанға сүйіспеншілікке баулу арқылы жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды Отанды құрметтей отырып, отансүйгіштікке, жауапкершілікке, татулыққа тәрбиелеу.

Құндылық: Сүйіспеншілік.
Қасиеттер: Отансүйгіштік, жауапкершілік, татулық.
Ресурстар: плакат, суреттер, желім, бейнефильм.
Оқулық:
1. Өзін-өзі тану. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.- Р.Ә. Мұқажанова, Г.А. Омарова, Р.О. Ізғұттынова, – Алматы: «Атамұра» баспасы,-2016.
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық / Руководство для учителя. / Р.А. Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015. – 144 бет

Подробнее...

«Мәдени өсімдіктер» («Өзін-өзі тану» пәні мен интеграцияланған биология пәні сабағының жоспары)

АХМЕРОВА М.М., биология пәні мұғалімі,
ТОРЕХАН А.Т., Өзін-өзі тану мұғалімі,
«Абай атындағы ЖОББ мектеп-лицей» КММ, Абай ауданы

Сынып: 6-сынып
Оқушы саны: 20
Тақырыбы:
Мәдени өсімдіктер
Құндылық: Қиянат жасамау
Қасиеттер: тазалық, жауапкершілік, қамқорлық

Подробнее...