Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру сабақтарынан

«Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру сабақтарынан

Адильханова Гульназ Ертаевна, «№23 ЖОБММ» КММ «өзін-өзі тану» пәні мұғалімі, Семей қаласы
Зайсанбаева Гульнар Нигметова, «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының тренері

 «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани-адамгершілік білім беру сабақтарында оқушылардың ішкі білімін дамыту маңызды болып табылады.Сыртқы әлемді тануда жас жеткіншектің өмір сүруде қиындықтарға төтеп бере алатындай жақсы қасиеттердің дамуысабақ барысында жүзеге асырылады. Оны дамытудың өзіндік әдіс-тәсілдері де бар. Сіздердің назарларыңызға, «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» ұзақ иерзімді біліктілікті арттыру курстарында өткен сабақтардың бірін ұсынмыз. Сабақ жоспарлауда қойылған мақсатқа сай оқушылардың ішкі білімін дамыту мәселесіне талдау жасаймыз. Сабақ Семей қаласының «23 ЖОБММ» мекемесінде, 10-сынып оқушыларымен өткізілген.

 Сабақтың құндылығы: Дұрыс әрекет, осы құндылыққа сай қасиеттер ретінде жауапкершілік, еңбекқорлық, жігерлілік таңдап алынды.

Мақсаты: Оқушыларға уақыттың мәнін және оны бағалай білу жайында түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

 Міндеттері:
-  Уақыттың маңыздылығы туралы білімдерін кеңейте отырып,  жауапкершілік пен жігерлілік туралы түсінік беру. 
- Оқушылардың  бойында еібекқорлық, жігерлілік қасиеттерін дамыту.
-   Ұқыптылыққа, жігерлілікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

1.Ж.Ж.Әкімбаева, Б.А.Әрінова, А.Қ.Рауандина «Өзін-өзі тану» оқулығы,Алматы, -2010.

2.Мукажанова Р.А. және басқалар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Алматы: Бөбек, 2015 бейнежазба-3.https://youtu.be/hgsoPZZPlAI,

4.А3-қағаздар, маркерлер, музыкалық әуендер.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т ережесімен таныстыру, талқылау

«Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәті.

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтан Н. Шәкузадаұлының шығармасын оқып, ой-пікірлерімен бөлісу.  

Сұрақтар:

  1. Уақытты тиімді пайдалану жайында не айтылған?
  2. Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?
  3. Уақытты тиімді пайдаланбаудың салдары қандай болады?
  4. Өз тәжірибеңізде, уақытты қалай жоспарлайсыздар?

 

            Дәйексөз 

Егер дұрыс пайдаланар болса,
уақыт қашан да жеткілікті.                                                           И.Гете

 -   Уақытты дұрыс пайдалану дегенді қалай түсінесіздер?

-   Бізге уақыт жеткілікті ме?

 

      Әңгімелесу

«86400 секунд» өсиет әңгімесі

           Банкте есеп-шотың бар делік. Сол шотыңа күн сайын таңертең 86400 доллар түседі және түскен ақшаны сол күні кешке дейін жұмсап бітіру қажет. Бір шарты тағы бар: ол ақшаны басқа банкке аудару мүмкін емес және түгесілмеген жағдайда шоттағы сома келесі күні нөлге айналады. Ал енді не істейсің? Әрине, әйтеуір сол ақшаны не болса да жұмсауға, өз игілігіңе пайдалануға тырысасың. Мінеки, барлығымыз да - «Уақыт» атты банкінің тұтынушыларымыз. 
          Күн сайын қолымызға пайдалансын деп 86400 секунд беріледі. Берілген бұл шектеулі уақытты басқа күнге не қоса алмайсың, не ертеңгі күннің уақытын мезгілінен бұрын қолдана алмайсың. Күндік уақыт қорымыз таңертең толып, кешке ада болып отырады. Өткен уақытты қайта иелене алмайсың. Сондықтан, күнделікті қолыңа түскен осы қазынаны өміріңдегі бақыт, денсаулық, жетістік, ырыс-береке, бақ сияқты маңызды нәрселерге жұмса. Заман зулап өтіп барады, күнде ең жақсысын жасауға тырыс.

       Уақыттың қадірін толығырақ түсіну үшін мына теңеуге бір қарашы:
*  Бір жылдың қадірін мектепте сол сыныпты қайтадан оқуға қалған оқушыдан сұра.
*  Бір айдың қадірін 8 айлық баланы туған анадан сұра.
*  Бір аптаның қадірін апталық газеттің редакторынан сұра. 
* Бір сағаттың қадірін сүйгенін күтіп отырған ғашық жаннан сұра. 
*  Бір минуттың қадірін пойыздан қалып қойған жолаушыдан сұра. 
* Бір секундтың қадірін апат аузынан аман қалған жүргізушіден сұра

ü   Ал бір миллисекундтың қадірін олимпиадада 100 метр қашықтыққа жүгіру сайысынан күміс медаль алған атлеттен сұра. 

          Мінеки, уақыт бізге берілген үлкен қазына. Осы қазынаны маңызды нәрселерге жұмса. Ұмытпа! Уақыт ешкімді күтпейді, өткен уақыт – тарих, ал келер шақ сырларға толы. Осы сырларды арзан нәрселерге айырбастама.

 «Уақыт деген не?» бейнежазбаны көру

Сұрақтар:

  1. Әңгіме неге «86400 секунд» деп аталады?
  2. Күн сайынғы 86400 секундты қайта пайдалана аламыз ба?  
  3. Уақытты қадірін білу ішін кімдердерге жүгінеміз?
  4. Неліктен уақыт бізге берілген үлкен қазына?
  5. Қазынаның бағасын біліп жүрміз бе?  
  6. Уақытты жоспарлаудың тиімділігі неде?

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Тапсырма
Matrix Эйзенхауэр - біздің уақыт дұрыс бөлу, деп аталатын тайм-менеджмент құралы үлгісі болып табылады. Матрица арқылы адамның шұғыл, шұғыл емес, маңызды, мағызды емес  жұмыстарынжоспарлай алады.

          Әр топ Эйзенхауэр  матрицасы бойынша «Бір күндік уақытыңызды жоспарлаңыз»(8 минут уақыт беріледі)

 Кесте

шұғыл
маңызды істер
1

шұғыл емес
маңызды
2

Шұғыл
маңызды емес
3

Шұғыл емес
маңызды емес
4

 

     Топпен ән айту
 «Өмір өзен» әні
Әні: Ұ. Жолдасов, сөзі: Р. Зайытов

1. Асып-тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай,
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

 Қайырмасы:

Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы
Қай жағада қалады?

2. Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, жаратқан.

 

Үй тапсырмасы

Т.Тобағабыловтың «Жүрегім соғып тұрғанда»  әңгімесінен үзіндіні оқып, сұрақтарды талдау

 

Сабақтың соңғы тыныштық сәті

Енді көзімізді жұмып, әдемі әуенді бойымыздан өткізіп,  осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Сабақ аяқталды.  Сау болыңыздар!

 

 Осындай жоспармен өткізілген сабаққа рефлексия жасайық. Сабақтың басында тыныштық сәті өткізіліп, оқушыларды бүгінгі  әңгімеге бағыттау арқылы, көңіл-күйлері реттелді.  Сабақ мақсатына сай  үй тапсырмасы да уақыт тақырыбына раналды. И.Гетенің «Егер дұрыс пайдаланар болса, уақыт қашан да жеткілікті» дәйексөзінен балалар біраз ой түйді. Карина есімді оқушының: «Қазір біз өз уақыттымыздың көбін ұялы телефон, интернетте көп босқа отырып, уақытты тиімді пайдалана алмаймыз» - деген ойымен оқушылардың басым көпшілігі келісті. Мұғалімнің сыйы ретінде оқушыларға «86400 секунд» өсиет әңгімесін айтып бердім. Байқағанымыз, әңгіме оқушыларға ерекше әсер етті. Өсиет әңгімеден түйгендерін толықтыру мақсатында оқушылар «Уақыт деген не?» бейнежазбасын тамашалады.  Оқушылар бейнежазбаны ерекше ықыласпен көріп отырды. Әңгімені айтып, бейнежазбаны көріп болғаннан кейін сұрақ қою арқылы оқушылармен талдау жасадық. Айдананың осы жерде мынандай пікіріне тоқталғымыз  келеді: «Мен түсінгенім уақытты босқа өткізбей тиімді пайдалану керек. Үйдің үлкені болғандықтан мен артымнан ерген сіңілім мен ініме қамқорлық жасау үшін уақыт бөлу қажеттігін түсіндім».  Уақыттың қадірін білмеуге байланысты сұраққа Шыңғыс былай деп өз ойын білдірді: «Адам өмір сүру кезінде уақыттың қадірін біле бермейді. Мен сіздің көрсеткен бейнежазбаңыз арқылы уақытты қалай босқа өткізіп жүргенімді, қадірін білмейтіндігімді түсіндім. Болашақта уақытты тиімді, дұрыс пайдалануға тырысамын». Сабақ  кезінде байқағанымыз,  әңгіме мен бейнежазба кезеңінде оқушылар ерекше күйде болып,  уақыт жайында түсініктерін кеңейте түсті.

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыста Matrix Эйзенхауэр - біздің уақыт дұрыс бөлу, деп аталатын тайм-менеджмент құралы үлгісі екендігі және матрица арқылы адамның шұғыл, шұғыл емес, маңызды, маңызды емес  жұмыстарын жоспарлай алуға болатындығы жайында айтылып, әр топқа Эйзенхауэр  матрицасы бойынша «Бір күндік уақытыңызды жоспарлаңыз» деген тапсырма берілді. Топтар тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтан бір оқушы шығып жасаған жұмыстарымен таныстырды. Оқушылардың көпшіліг өздерінің іс-әрекеттерін матрицаға салып, жоспар құра білді. Қорытындылай келе, оқушылар матрица арқылы уақытты жоспарлау оңай емес екен және бұрын соңды уақытты жоспарлауға аса көп мән бермегендіктерін айтты.  

Шығармашылық жұмыстан кейін Заман тобының «Өмір - өзен» әнін топтасып шырқадық. Содан кейін Т.Тобағабыловтың «Жүрегім соғып тұрғанда»  әңгімесінен үзіндіні үй тапсырмасы ретінде бердік.

Сабақтың соңғы тыныштық сәтінде оқушыларға көздерін жұмып, әдемі әуенді бойымыздан өткізіп,  осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізу, барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастыру ұсынылды. Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Балгерім: «Бүгінгі сабақ ерекше өтті, жақсы әсер алдым. Бұрын мән бермеген маңызды мәселе «уақыт» жайында көп ой түйдім»- деп пікірін ортаға салды.

«Уақыт - мезгіл пернесі» тақырыбында  өткізілген сабақ осылайша өз мәресіне жетті. Аптасына бір рет болатын «өзін-өзі тану» пәні сабағын осылайша өткізе отырып, ұстаз оқушының өз өмірін жоспарлау, өзін-өзі реттеу, өз ішкі мүмкіндіктерін аша білуге басты назар аударады.