Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі

Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үрдісінің негізі

Зайсанбаева Гульнар Нигметовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО БАИ деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі
Шакиртова Маржан Сериккановна, «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» КММ-нің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

Қазіргі таңда мектептің педагогикалық үдерісін ізгілендіру, оқу мен тәрбиеге рухани-адамгершілік білімді интеграциялау маңызды мәселе болып табылады. Рухани-адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Ақиқат, дұрыс әрекет, сүйіспеншілік, ішкі тыныштық және қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез-келген адам осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адам нағыз білімді адам деп айтуға болады. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, Семей қаласының «№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей» ұжымында «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» ұзақ мерзімді  біліктілікті арттыру курсының аясында мұғалімдермен әдістемелік семинар ұйымдастырып өткізілді.

 

Семинардың мақсаты: рухани-адамгершілік білім берудегі жалпыадамзаттық құндылықтарының мәнін терең аша отырып, оны оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау. Міндеттері: жалпыадамзаттық құндылықтарының мәнін ашу; адамгершілік, сүйіспеншілік, ізгілік деген қасиеттерді өз пәнінде ықпалдастыру арқылы дамыту; мұғалімнің іс-әрекетін ізгілендіруге ықпал ету.

         Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімдерді құндылықтар бойынша топқа бөліп отырғызып, «Су асты патшалығына саяхат» атты тыныштық сәті өткізілді. Мұғалімдер тыныштық сәтінен кейін алған әсерлермен бөлісті. Анар Қаиртаевна: «Бұл тыныштық сәтінен кейін өзімнің жан тыныштығына иелендім. Су асты патшалығына саяхат маған тамаша әсер берді», -деп пікірін ортаға салса, Самал (машықкер): «Мен 4-курс Педагогика және психология факультетінің студентімін. Бұл тыныштық сәтінен ойым жинақталып, жаным рахатқа бөленді. Шаршағаным басылды», - деген ойларымен бөлісіп жатты.

         Семинардың келесі кезеңі мұғалімдерге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері туралы түсінік бердім, Сократ, Шәкәрім, Ш. Амонашвилидің еңбектерімен  танаытыра келе, рухани-адамгершілік – адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттер туралы түсінік берілді.

         «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының аксиологиялық негіздеріне тоқталған кезде  мұғалімдермен құндылықтар бойынша пікір алмастық.Ұстаздар: «Дұрыс әрекет адам бойындағы санасының тазалығы мен ойының дұрыстығына байланысты. Әр мұғалімнің ниеті ізгі болу керек. Ойы дұрыс болса, адамның әрекеті де дұрыс болады. Дұрыс әрекет - жақсы ойдың жемісі», «Ақиқат – басқа құндылықтардың бастауы. Адамның өмірі ақиқаттан басталады. Әрқашан шындықты айтуды жақтаймын. Барлық адамзатқа ақиқат біреу. Оқушыларымды да адалдыққа тәрбиелеймін», «Сүйіспеншілікті әрбір адам қажет етеді. Бала түгіл өзіміз де сүйіспеншілікпен өмір сүргіміз келеді. Егер баланы сүйіспеншілікпен оқытып, оны риясыз қабылдай білсек, өз мамандығымызда нағыз шебер боламыз», «Ішкі тыныштық біздің жұмысымызда жетпейді. Ішкі тыныштығымызды әр түрлі ойлар бұзады. Біз болашақты асықтырамыз. Өткен шақты жібергіміз келмейді. Осы сәтте өмір сүрудің мүмкіндігін жоғалтамыз. Адам ішкі тыныштықты басқа жерден іздемей, өзіңнен іздеу керек. Адамның әрекеті дұрыс болса, ішкі тыныштық жүрегіне ұялайды», «Қиянат жасамау дегеніміз, адамға зияның тигізбеу. Адам өз ойымен, сөзімен, әрекетімен қиянат жасамау керек. Білгенімен бөліспеудің өзі қиянатқа жатады. Қиянат жасамау, адамға үнемі қолдау көрсету деп білемін»,- деп рухани-адамгершілік білім жайында ойларымен бөлісті.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының және басқа пәндердің интеграциясы туралы  талдауларды ұсына отырып, әріптестерімнің интеграциялауға қызығушылық танытқанын байқадым. Әр пән мұғалімі өз тәжірибесіне сүйене отырып, сыртқы білім мен ішкі білімді тоғыстыратын мысалдармен бөлісті.

Семинардың қорытынды сәтінде де рухани-адамгершілік білімнің қазіргі таңдағы өзектілігі жайында ой қорыта келіп, әріптестерім бұл шараның өте мазмұнды, тәжірибе алмасуда қажеттілігі жоғыры болғанын айтып кетті. Осылайша, біліктілікті арттыру курсында алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде ұжым мүшелері арасында таратып, рухани-адамгершілік білімнің интеграциясының маңызына тағы да көз жеткіздік.