Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Рухани-адамгершілік білім - заман талабы

Рухани-адамгершілік білім - заман талабы

Чокубаева Маржан Куанышпековна,  «Ахмер орта мектебі» КММ-нің педагог-психологі,  Өскемен қаласы

  "«Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде,  адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз  процесі болып табылады".
Назарбаева Сара Алпысқызы

     Адамзат тарихы өзін-өзі жетілдіру үстінде үздіксіз еңбектер атқара келе, тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, көк байрақ астында дамушы елдер қатарын толықтырушы мемлекет болып, барынша еңбектер атқарып жатырмыз.  Ал,тәуелсіз елімнің, тәуелсіз ұрпағы адам қалпын сақтап қалса, егемендігімізде шексіз ғұмырлы болатынына сенемін. Сол сенімді, адамилық қасиеттерді, ізгі ниеттерді, рухани-адамгершілікті ізбасар жастарымыз бен ұрпақтарымыздың санасына сіңіру ұстаздық етіп келе  жатқан мына біздерге берілген үлкен сый десем еш қателеспеспін.

      «Мен ештеңе білмейтінімді білемін» деген екен Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы Сократ. Демек адам баласы тарихының жетілуі үшін ұстаздардың білімін жетілдіру бірінші кезекке қойылу керек екендігін мақсат етіп, деңгейлік курстардың ұйымдастырылып жатқаны жанды қуантады. 

    Жылдар бойы ұрпақты білім мен тәрбиеге баулып келе жатсақта, «білерім біл тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» екеніне, Өскемен қаласындағы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ-да «Сабақтағы жалпыадамзаттық  құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың деңгейлік курсына келгенде түсінгендей болдым. Мен үшін ұрпақты тәрбиелеуде  өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге көмектесіп, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға (С.А. Назарбаева) баулу бірінші кезекке  қойылуы керек екендігін түсіндіретін «өзін-өзі тану» пәнінің мектеп бағдарламасы ішінде алатын орынының зор екендігі айқындала түсті.  Мұндай ойды 4 аптаның ішінде санама қондыра білген, өзі ісінің нағыз маманы, жалпы адамзат баласына деген шексіз сенімі мен жақсы көру сезімі тұла бойынан көрініп тұрған  жетекшіміз Людмила Николаевна Гавриловаға, әр мекемеден жиналған тыңдаушы-ұстаздар атынан шексіз рақметімді айта кеткім келеді. Өзінің бойындағы бар білгенін, 1 ай ішінде  біздің санамызға құйып,  әр сұрағымызға дәлелді жауап беріп, шығармашылық жұмыстарда, модуль қорғау кезеңдерінде сабақтан кейін қалып, уақытпен санаспай, тек біздің білеріміздің сапалы болуына қатты мән бере отырып, біздерді білім мен біліктілікке даярлай алды.
     Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлеріне арналған «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын практикалық жүзеге асырудың табыстылығына оны үш нақты сипатталған кезеңдерге құрылымдалуы ықпал етті. «Жүректен жүрекке», «Құндылықтар практикасы» және қайтадан – «Жүректен» жүрекке» кезеңдері тұлғалық, рухани-адамгершілік өсу мен кәсіби оқытудың және ынтымақтастықтың үздіксіз тәртібін құруға мүмкіндік берді. Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінің тақырыптық мазмұны курстық даярлықтың басты міндеті – әрбір тыңдаушыға өзінің мұғалім әрі адам ретіндегі жаратылысын жаңаша ұғынуға көмектесумен сәйкес құрастырылған. Курстың мазмұны нені және қалай оқыту туралы ақпарат алуға ғана емес, ең алдымен, мұғалімнің тұлғасының ішкі жан дүниесінің өзгеруіне бағдарланғанын байқауға болады. Яғни әр мұғалімнің оқыту іс-әрекетінде әрбір оқушының ішкі рухани-адамгершілігін аша алатындай жағдай туғызуын қамтамасыз етеді.
Бағдарлама негізгі  үш модулден тұратындығы туралы курстың басында айтылып,  мақсат-міндетімен таныстырды.  Олар:

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері.
  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының аксиологиялық негіздері.
  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі. [1,б.8-9] Бұл модульдарды оқып, танысып, жүзеге асыруға ат салысқалы отырған, 23 әр мекемеден жиналған ұстаздар қауымының тобын құрдық.  

     Әр модуль бойынша ақпараттар алынғаннан кейін, бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде Бағдарламаның түйінді идеялары мен оларды мектеп тәжірибесіне енгізу әдістемесіне шолу жасалды.
       Бұл кезеңде біздерге келесі тапсырмаларды орындау міндеттелді:
     -   әрбір модульдің материалдарын зерделеп, модульдің бір тақырыбы бойынша презентацияларды қорғау, жұмыс жеке дара орындаудан және әрбір модуль тақырыптарын топтық талқылау;
   -  тыңдаушының жеке және кәсіби тәжірибесі туралы терең ойлануына және талдауына, Бағдарламаның түйінді идеялары аспектісінде жеке дара зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін бірнеше жазбаша тапсырмаларды орындау;
    -  мектепте өтетін өзін-өзі тану сабақтарына қатысу арқылы әрбір сабақты жеке-жеке бағалап, топ ішінде талқылау. [1, б.12]

      Тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тәлімгеріміздің еңбегінің жемісі десем болады. «Жүректен жүрекке» кезеңі бойынша білімді қалыптастыра алған Людмила Николаевнаның тыңдаушы-шәкірттері, екінші «Құндылықтар практикасы» кезеңіне жол тарттық.
       «Құндылықтар практикасы» кезеңінде Бағдарламаның негізгі идеяларын сыныпта және тыңдаушының жеке өмірінде тәжірибе жүзіне асыруды міндет етіп отырмыз. Аталмыш кезең екі бағыт бойынша жүзеге асыру үшін тәлімгеріміз Людмила Николаевна біздерді, үлкен дайындық кезеңінен өткізді.
        Алынған білімдерді күнделікті жеке өмірде және жалпыадамзаттық құндылықтарды сыныпта оқыту практикасына қолдану бірінші бағыт болып болып табылса, екінші бағыт бойынша, бірінші «Жүректен жүрекке» кезеңінде берілген «Құндылықтар практикасы кезеңінде орындауға арналған тапсырмалармен» жұмыс жүргізуді мақсат етіп отырмыз. Мектептегі тәжірибе алмасу барысында, білім беру порталының көмегі арқылы тренерімізден  қолдау, көмек алуға болатыны жанымызды жылытты. Ұядан жаңа ұшқалы отырған балапандай, әр қайсысымызда өзіндік үрей бардай көрінді. Әрқайсымызға тәлімгеріміздің жылы сөзі, қолдауы керектей, сол себептен де біліктілікті арттыру курсының тигізер пайдасы өте көп деп ойлаймын.
       «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты –
      Қырандай күштi қанатты. Мен жастарға сенемiн!» - деген еді алты алашымның айнасы Мағжан Жұмабаев. Дәл сондай сенімді арқалап,  арыстандай айбаттанып, жолбарыстай қайраттанып, қырандай қанаттанып, бар білген түйгенімізбен өз мектебіміздің қызметкер ұстаздары мен оқушыларын рухани-адамгершілік қасиеттеріне баулу үшін  екінші кезеңге аяқ бастық. Сенім артылып, үмітпен күтіліп отырған, әлі талай еңбекті қажет ететін алдағы атқарылатын жұмыстарымызға табыс тілеймін, сәттілікпен үшінші кезеңде қауышайық.

 Қолданылған әдебиеттер тізімі:

  1.  Мұкажанова Р.А. и др.   Мұғалімге арналған нұсқаулық / Руководство для учителя. / Р.А. Мұкажанова, Г.А. Омарова, Р. Мұратханова. – Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015. – 144 бет. - / қазақша, орысша