Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жалпы адамзаттық құндылықтар - рухани дамудың көзі

Жалпы адамзаттық құндылықтар - рухани дамудың көзі

 

 

 

Зайсанбаева Г.Н. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша БАИ «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша тренер,
Ибраимова М.М.,
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің «Өзін-өзі» тану пәні мұғалімі, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы

    Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер, біріншіден, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, екіншіден қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне бағытталған. Білім беру жүйесіне қарқынды енгізіліп жатқан білім беру мазмұнын жаңарту үдерістерінің басты мақсаты - білім алушылардың өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез - келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  жеке тұлғаны дамып-жетілдіру болып табылады. Осындай реформаларға негізделген Қазақстан білімі қоғамдағы барлық саланың жандануына, азаматтардың саналы әрекетінің сапасының артуына, адамның ішкі әлеуетінің жарыққа шығып, қоғамның қажеттілігін өз мүддесінен жоғары қоя білетін азаматтардың санының артуына ықпал етері сөзсіз.

 

       Осы мақсаттарды негізге алуда, облысымызда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялауды  пилоттық білім беру ұйымдарына енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2017 жылдың 2 мамырындағы №208 бұйрығына сәйкес төрт білім беру ұйымы пилоттық ұйым болып бекітілді. Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының шешімімен Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» осы жоба бойынша өз жұмысын бастады.

Пилоттық ұйымдар «Бөбек» ҰҒПББСО Ғылыми-Әдістемелік Кеңесінің шешімімен 2017 жылғы 22 қыркүйектегі мақұлданған №4 хаттама Пилоттық білім беру ұйымының ережесіне сай жұмыс істейді. Пилоттық ұйымдардың жұмысы мемлекеттің білім беру саласындағы басым бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына, барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарына және нормативтік-құқықтық актілерге  толықтай сәйкес келеді.

    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша пилоттық білім беру ұйымдары жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған тұлғаны тәрбиелеу үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай рухани-адамгершілік кеңістігін құруға бағытталған білім беру үдерісінің ерекше түрін ұйымдастыру талап етіледі. 3 жылға жоспарланып отырған пилоттық білім беру ұйымдарының мақсаты: білім беру ұйымдарында жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген біртұтас тәрбие ортасын құру болып табылады.

       Сондықтан да, білім беру ұйымдарына төмендегідей міндеттер қойылады:
      * Тұтас педагогикалық үдеріс субъектілерінің жалпыадамзаттық құндылықтар негізіндегі тәрбиенің басым рөлін түсінуіне көмектесу.
    * Жалпыадамзаттық құндылықтарды тұтас педагогикалық үдеріске интеграциялау негізінде тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту ісінде білім беру ұйымдарының, отбасының және басқа да әлеуметтік институттардың күштерін біріктіру.
   *  Тұтас педагогикалық үдеріс субъектілерінің жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жағымды ойлауын дамытуына және құндылық бағдарларын айқындауына жағдай жасау.
     *  Құндылықтық дүниетанымдық ұстанымды және адамгершілік таңдау жасауға даярлықты қалыптастыруға көмектесу.
       *  Қоғамға риясыз қызмет ету дағдыларын және өзінің ойы, сіөзі мен ісіне жауапкершілігін дамыту.

     Бұл міндеттердің барлығы күнделікті оқу-тәрбие үдерісінде өзін-өзі тану пәнін өз дәрежесінде ұйымдастырыру, рухани-адамгершілік білімді басқа пәндердің мазмұнына интеграциялау, оқудан тыс іс-әрекетті ұйымдастыруда рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялау, ата-аналармен жұмысты рухани-адамгершілік білім арқылы ұйымдастыру осы міндеттерді жүзеге асыруға негіз болады.

    Пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасы бойынша жұмыс атқаруда інде келесі қиғадалар басшылыққа алынады:
 -  Ізгілікке бағыттылық қағидасы бірінші орынға ізгілік идеялары мен бағдарларын шығаруды көздейді. Ізгілік бағыт бұл, ең алдымен, адамгершілік қағидаттарының орындалуын талап етеді. Педагогикалық үдеріс субъектілерінің адамгершілікті қарым-қатынасы нәтижесінде білім беру басты болып табылады.
-  Жалпыадамзаттық құндылықтар қағидасына сәйкес «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны адамның жоғарғы рухани табиғатының көрінісі ретіндегі мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуі тиіс.
-  Педагогтың адамгершілік үлгісі қағидасына сәйкес мұғалімнің кәсіби қызметіндегі және жеке өміріндегі ұстанатын адамгершілігі мен моральдық ережелері, оның педагогикалық еңбегіне, оқушыларға, әріптестеріне деген қатынасы, сондай-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдануы – білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесінде жоғары маңызға ие. Егер педагог адамгершілік тұрғыда азаматтық тұлғалық мінез-құлық үлгісін көрсете алмаса, онда ешбір тәрбие бағдарламасы табысты бола алмайды.
-   «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау қағидасы қоғам өмірінің барлық саласының адамның зияткерлік және рухани дамуының бірлігімен айқындалатын рухани-адамгершілік білімдерді меңгеруге бағыттауды көздейді. Пилоттық білім беру ұйымдарының қызметі аясында бұл қағида рухани-адамгершілік білімдердің оқу мекемесінің тұтас білім кеңістігіне интеграциялаумен айқындалады. Жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі тұлғаның рухани-адамгершілік даму кеңістігінің мағыналық негізін құрады, онда жекеленген оқу пәндерінің арасындағы, мектеп пен отбасы арасындағы, мектеп пен қоғам, мектеп пен өмір арасындағы кедергілер жойылады.
-  Әлеуметтік ынтымақтастық қағидасы тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігін, қоғамға риясыз қызмет ету дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қағиданың мәні қайырымдылық акциялары мен еріктілер қозғалысын ұйымдастыру, отбасы мен білім ұйымдарының әлеуметтік серіктестігін дамыту негізінде әлеуметтік мекемелермен өзара әрекеттесу арқылы адамның рухани-адамгершілік дамудағы қажеттіліктерін, мотивтері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру ретінде қарастыруға болады. Мұндай өзара әрекеттесу үдерісінде ақпараттармен, рухани-адамгершілік білімдермен, жалпыадамзаттық құндылықтарды іс жүзінде қолдану тәжірибесімен алмасу жүреді.
-  Ұлттық мұра қағидасы жалпыадамзаттық рухани құндылықтарды ұлттық рухани мәдениет арқылы тану қажеттілігін алға тартады. Бұл қағида өңірлік мәдени құндылықтарға да сүйенуді көздейді, мысалы «Туған жер» жобасының аясында. Қоғамдық сананы жаңғырту туралы мақаласында Елбасы Н. Назарбаев жергілікті киелі жәдігерлерді танумен қатар халықтың санасына ұлттық бірегейліктің іргетасын қалайтын жалпыұлттық киелі мекендерді де бекіту қажеттілігіне мән береді. Осы қағида іс жүзінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды бірге жаңғырту тетіктерінің күшті катализаторы болып табылады.

ü  Табиғи сәйкестілік қағидасы тұлғаның жас және дара ерекшеліктерін, рухани-адамгершілік дамудағы ішкі қажеттіліктер деңгейін, физиологиялық қалпын және психикалық саулығын, адамның рухани табиғатының бірлігін ескереді.
    Мақаламызда көрсетілгендей, пилоттық білім беру ұйымдарында рухани-адамгершілік білім тұтастай педагогикалық үдеріске интеграцияланады. Бұл ретте педагогикалық үдеріске қатысатын субъектілердің барлығы өз әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарды негізге алып, ойы, сөзі, ісі бірлігінде өзінің тұлғалық дамуын басты көрсеткіш қылып алуы қажет.

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Пилоттық білім беру ұйымының ережесі. - Алматы,  2017
2. Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үдерісіне «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны мониторингтік сүйемелдеу бағдарламасы. - Алматы, 2017
3. «Самопознание. кz» журналының жинағы, 2013-2014 жж.