Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - «Өзін-өзі тану» пәнінен интеграциялау сабағы

«Өзін-өзі тану» пәнінен интеграциялау сабағы

НҰРСАҒАТОВА К.Р., САДЫБЕКОВА С.Ж.,
«№19 ЖОББМ» КММ-нің «Өзін-өзі тану» мұғалімдері, Өскемен қаласы

      Мектептің басты міндеттерінің бірі — оқушыларды жалпыадамзаттық қүндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу. Өзін-өзі тану пәні күні бүгінде өмірдің өз сұранысы, қоғам қажеттілігімен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрінісі болып отыр. Мамандар оқушылардың рухани-адамгершілік тұлғасын қалыптастыру ісі оларға адамзат баласының қолы жеткен қоғамдық-тарихи тәжірибесін игерту және тұтастай алғанда әлеуметтік-этикалық нормалар мен жалпыадамзаттық ізгіліктерді қатар игертуге болатынын дәлелдеп берді.
      Тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, бір ғана өзін-өзі тану сабағы Бағдарлама идеяларын табысты жүзеге асыруға жеткіліксіз. Бағдарламаны дамыту жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа барлық оқу пәндері аясының мазмұнында интеграциялауды, сабақтан тыс іс-әрекет пен қосымша білім берудің құндылықтық әлеуетін күшейтуді, әлеуметтік серіктестікті кеңейтуді көздейді.

      Мектептегі рухани-адамгершілік білім берудің маңызды шарты болып, білім берудің мазмұнын  мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтармен байыту негізінде рухани адамгершілік білім беру мен оқытуды интеграциялау, сонымен қатар білім берудің рухани-адамгершілік құрамдасын анықтау болып табылады. Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек, сондықтан да «интеграция» ұғымы біріктірілген сағаттардың арифметикалық қосындысы емес екендігі өзінен-өзі түсінікті, ол рухани-адамгершілік пен интеллектуалды дамудың бірігуі, оның жаңа белгілерге, жоғары сападағы жаңа сипатқа ие болуы назар аударатын мәселе.
Біз әріптестеріміздің назарына «Өзін-өзі тану» пәні мен математика пәнінен кіріктірілген  сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.
      Сабақ тақырыбы: «Ондық бөлшектер»
      Сыныбы: 5
      Құндылық: ақиқат
      Қасиеттер: шыншылдық,адалдық

Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, кейбір бөлімі 10, 100, 1000... т. с. с. болатын жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын. Ондық бөлшек деп аталатын сандармен танысу. Оларды оқу және жазуды үйрену. Бірліктен де кіші разрядтар, олардың атаулары, ондық бөлшектерді оқу және жазудағы маңыздылығын меңгерту.

Ондық бөлшектермен танысу,жай бөлшектердің бөлімсіз жазылуын,оқуын меңгеру.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектерге амалдар қолдану дағдысын қалыптастыру;
  2. Дамытушылық: Ауызша есептеу дағдысын тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, топтық және жеке жұмысқа дағдыландыру;
  3. Тәрбиелік:Оқушылырды шыншылдыққа,адалдыққа  тәрбиелеу

Ресурстар:
құралдар, оқулық.

 Мұғалімге арналған нұсқаулық/Р.А. Мұкажанова,Г.А. Омарова,Р. Мұратханова. - Алматы: «Бөбек» ҰҒПББСО, 2015 ж.-65- 67 б, 

А3 түрлі-түсті қағаздар)

 

1.Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңi.
Сынып оқушыларын түгендеу. Топқа бөлу.(фигура арқылы топқа бөлініп отырады)
«Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық).Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеру.
Тыныс алуға шоғырлану (Баяу әуен ойналады)
Мұғалім сөзі.

Тыныштық сәті.
«Су асты патшалығына ойша саяхат.»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмыңыздар,және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан - жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы - берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.
1. Жай бөлшектерді қосу және азайту.
2. Жай бөлшектерді көбейту және бөлу
3. Қандай математикалық амалдарды білесіңдер?
4. Қандай түрлендіру орындалған?
Графикалық диктант:

- иә, - жоқ

1. Санның бөлігін табу үшін, санды осы бөлікке бөлу керек. (жоқ)
2. Бөлігі бойынша санды табу үшін, бөлікке сәйкес санды осы бөлшекке бөлу керек(ия)
3. Алымы бөлімінен кіші бөлек бұрыс бөлшек. (жоқ)
4. бөлшектері қыс қарылмайтын бөлшектер. (ия)
5. Көбейтіндісі 1 - ге тең болатын сандар өзара кері сандар.(ия)
6. Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады.(ия)
7. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады(жоқ)
8. Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.(ия)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ: Сабақ тақырыбы жазылып, мақсаты айтылады.
Ондық бөлшектер ұғымын енгізу, ондық бөлшектерді оқуға және жаза білуге жағдай жасау;
Үтір арқылы жазылған бөлшек сандар ондық бөлшектер деп аталады.

 

3.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:
І тапсырма
 І топ Ондық бөлшектерді қосқанда:
1) бірдей разрядтар бірінің астына (үтірлер де бір бағанның бойында) жазылады;
2) натурал сандарды қосу сияқты разрядтар бойынша қосамыз;
3) қосындыдағы үтірді бір қосылғыштағы  үтірлердің астына қояды.

ІІ топ. Ондық бөлшектерді азайтқанда:
1) бірдей разрядтар бірінің астына (үтірлер де бір бағанның бойында) жазылады;
2) натурал сандарды азайту сияқты разрядтар бойынша азайтамыз;
3) айырмадағы үтірді азайтқыштағы үтірлердің астына қояды.

ІІІ топ. Ондық бөлшектерді көбейту үшін:
1) үтірге назар аудармай, натурал сандарды көбейткендей көбейту керек;
2) көбейткіштің біреуінде неше ондық таңба болса, көбейтіндіде сол жақтан сонша цифрды үтірлермен ажыратамыз.

 ІV топ. Ондық бөлшектерді бір-біріне бөлу үшін:
1)  бөлінгіште үтірден кейін қанша цифр болса, бөлінгіш пен бөлгіштегі үтірлері оңға қарай сонша орынға жылжытамыз;
2)  ондық бөлшекті натурал санға бөлу амалын орындаймыз 

 

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс:

ІІ тапсырма. Жұптық жұмыс. Амалдарды орындап, жасырын сөзді табу керек.

№1 жұптарға:
  1) 3,02 – 0,8                   2) 13 -   3,5   3) 3,4 ∙1,5                    

   4)      1,6 : 8       5)45,2 + 26,05        6) 2,1 : 8,4

Ж. 

Қ

Ы

Ш

Н

Д

Ы

0,25

71,25

2,22

5,1

0,2

6,5

 № 2 жұптарға. 

1) 5,04 – 0,6                     2)  25 – 5,4                   3) 37,4 + 23,05 

4)     2,8 ∙ 2,5                 5) 2,7 : 9                        6) 1,6 : 6,4 

К

Т

Ө

І

Р

І

0,25

19,6

4,44

60,45

7

0,3

 Жеке жұмыс  Логикалық есеп.

Төрт оқушы: Манат, Нұргүл, Әсел және Дана шаңғы жарысына қатысып алғашқы төрт орынды иеленді. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олар әртүрлі жауап берді: 1) Әсел - бірінші орынды иеленді, Нұргүл – екінші, 2) Әсел - екінші, Дана – үшінші, 3) Манат – екінші, Дана – төртінші. Жауап бергендер олардың жауаптарының бір бөлігі – дұрыс, екіншісінің дұрыс еместігін мойындады. Оқушылардың әрқайсысы қандай орынды иеленді?

Ж.  Әсел – 1-ші, Манат – 2-ші, Дана – 3-ші, Нұргүл – 4-ші орын.

 

 

4. Бекіту сұрақтары:
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Бірліктен кіші разрядтар қалай аталады?
3. Бөлімі 10; 100; 1000;... болатын жай бөлшектер қалай жазылады?
4. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
5. Ондық бөлшектегі үтірден кейінгі ондық таңбалар саны қалай анықталады?
6. Бес бүтін мыңнан он сегіз саны ондық бөлшекпен қалай жазылады? Түсіндіріп бер.
7. Берілген ондық бөлшекке тең бөлшекті қалай анықтауға болады? 13, 55 санына тең бөлшекке мысал келтір.
8. Бөлшектің ондық жазылуында қанша цифр болуы мүмкін?
9. Ондық таңба деген не?

 

4.Үйге тапсырма №888  №889 есептер

 

5.Рефлексия:  Білемін

     Не білдім?

Білгім келеді?

     

Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды жүрекшемен (стикермен) бағалау.
Соңғы тыныштық сәті.
Баяу музыка қосылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
- Көздерімізді жұмамыз, бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады.Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар.