Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - «Өзін-өзі тану» бойынша өткізілген игі шаралар

«Өзін-өзі тану» бойынша өткізілген игі шаралар

НУГЫМАНОВА Г.,
Көктүбек орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі,Көктүбек ауылы, Тарбағатай ауданы

     Елімізде тұңғыш рет 2004 жылы Сара Алпысқызы білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізді. «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты – адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау, адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету, рухани-адамгершілік білім беру. Ал «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімінің басты міндеті – балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру, ұрпақты бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.
     Көктүбек орта мектебінде ақпан айының 2-9 аралығында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбындағы «Ізгілік бесігін тербеткен аяулы жан!» атты онкүндік болып өтті.

         Республика көлемінде өткізіліп жүрген дәстүрлі онкүндік мақсаты: болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік іс-әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басшылққа алатын тұлға қалыптастыру.
      «Мейірім шашқан жүрегі» тақырыбында рухани және әлеуметтік, шығармашылық лездемеде барысында оқушылар Сара Алпысқызына арнап  өлең жолдарын оқып, жүректен шыққан жылы тілектерін білдірді.
     Мектеп кітапханашысы Гүлнар Игілікқызының ұйымдастыруымен апта бойы «Мейірім төгетін ана!» тақырыбында кітап көрмесі жасалынып тұрды.

      «Алтын жүректі анамыз!», «Жан қазынасы – адамгершілік негізі» «Сүйіспеншілік жүректен!», «Ән – көңілдің ажары», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Сен де бір кірпіш дүниеге...» тақырыптарында тәрбие сағаттары мен ән байқауы өтті.
     Апталықтың қорытындысы ретінде мектеп тәлімгері А.Тәкібаева мен «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.Нугыманованың  ұйымдастыруларымен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында «Ізгілік бесігін тербеткен аяулы жан!» атты мерекелік концерт өткізілді.
     Онкүндіктің әрбір күні – мейірімділікке толы мерекеге айналды.
     Акцияға ауылдағы кәсіпкер азаматтарымыз бен жеке шаруашылық қожалығының иелері қатысты. Кәсіпкерлер мен қожалық иелеріне алдын ала хат жолданып, сол хат негізінде барлығы мерекелік концертке қатысып, өздерінің азын аулақ көмектерін берді. Жиналған қаражатқа мектептегі аз қамтылған, көпбалалы отбасы және жартылай жетім оқушыларға киім-кешекпен оқу құралдары алынып, таратылды. Ата-аналар шексіз алғыстарын білдіріп, рақметтерін айтты.
     Адамгершілік құндылықтың негізінде өзара түсіністік пен үйлесімділікте өткізілген онкүндік қатысушылардың жүрегіне өшпес із қалдырды.
      «Өзін-өзі тану» пәні бойынша болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік іс-әрекеттер мен мұраттарды өмірлік басшылққа алатын тұлға қалыптастыру мақсатында Осы мақаламды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мынандай бір сөзімен аяқтасам: «Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенді, жоғары моральді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек», – деген екен.