Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңартылған білім беру - қазіргі заман талабы

Жаңартылған білім беру - қазіргі заман талабы

Абетаева Гульнара Зекеновна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ жаңартылған білім беру бағдарламасының тренері
Жаирбаева Аманкайша Кокуевна, «№20 ЖОББДОМ» КММ-нің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі, Семей қаласы

     Елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағытталып барамыз», - деген болатын.
    Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын маңызды бағдарлама.
    Бүгінгі күні еліміздің барлық облыстарында Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде пәндер бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары жүргізілуде.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының ең негізгі мақсаты - білім алушылардың оқу нәтижелерін жетілдіру, «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бағдарламаны жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Орта білім мазмұнын жаңартудың көптеген компоненттері, соның ішінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы осы мақсатқа бағытталған. Ағымдағы жылы мамыр айында Семей қаласында өткен курста меңгерген теориялық білімімді тәжірибеде ұштастыра білдім деп ойлаймын.

Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері мынадай бөлімдерден тұратын жаңа құрылым болып табылады:
1.Пәннің маңыздылығы;
2.Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3.Тілдік мақсаттары жүзеге асыру;
4.Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5.Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер;
6.«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идесының құндылықтары;
7.Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі;
8.Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9.Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10.Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Бағдарламаның міндеттері:
- мұғалімдердің пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұнын білуін қамтамасыз ету;
- Пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;
- Пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Оқудан күтілетін нәтижелер:
- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- мұғалімдер пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жоспар бойынша орындалды. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер - педагогтердің оқытудың үлгісін және тиімді әдістер жүйесін пайдаланып, оқушыларды оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауға көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған.

Курсқа келген мұғалімдер ықшамсабақ өткізу барысында оқушы орнында болғандарын ерекше бір сезіммен айта отырып, сабақты өмірмен байланыстырып ұйымдастыру оқушының қызығушылығын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге және мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы деп пікір білдірді.

Курс соңында тыңдаушылардың барлығы қысқамерзімді жоспар жобасын әзірледі. 6-сыныптың қазақ тілі пәні бойынша әзірлеген жоспарды жиынтық бағалау критерийлеріне сәйкес құрылымдалған «Ғылым және технология жетістіктері» бөлімінің «ЕХРО-2017 Астанада» тақырыбы бойынша таныстырылымыммен бөлісемін.

 

 

Қорыта келе, ұстаз қауымына үлкен жауапкершілік міндеттелгені анық. Қазақ халқының кемеңгер, ойшыл ақыны Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, өз пәнін, өз мамандығын, шәкірттерін сүйетін мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады деген ойдамын. Болашақ – білімді ұрпақ қолында.