Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияларды қолдану

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдарда ақпараттық технологияларды қолдану

 Ақсартова Самал Ахметкаримовна, «Қалжыр орта мектебі» КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі, Күршім ауданы
Жаксылыкова Гульмира Идришевна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ» аға оқытушысы

Шағын орталық - келешек ел басқарар, жер-суына иелік етер, халқының мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз ұрпақты шыңдайтын киелі ұя. Сондай-ақ, шағын орталық - баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын орталық тәрбиешіден оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрыңғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға икемді және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол сала білетін, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл болуды талап етеді.

Қазіргі таңда шағын орталық тәрбиешілерінің білім беру мазмұнын жаңарту аясында тиімді әдістерді меңгеруі - оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруы басты мақсаттардың бірі. Шағын орталықта тиімді әдістерді пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманға нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады», - деп үміт артып отыр. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс – тәсілмен берілетін жан – жақты тәлім – тәрбие ісі көбінесе мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан басталып, мектепте педагогикалық үрдістің жалғасын табатыны бәрімізге белгілі. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі екені баршамызға мәлім. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке тұлғасының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие беру үрдісін технологияландыру – басты мәселенің бірі. Осыған  орай  шағын орталықтардағы тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеудегі тиімді төмендегідей бірнеше технологиялары қолданылуда [1]: 

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында ақпараттық-коммуникативті технологиялар мектепке дейінгі жастағы балаларға білім берудің ең тиімді құралы болып келе жатыр. Ақпараттық-коммуникативті технологиялар – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері.  Ақпараттық-коммуникативті технологияларды пайдалану мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу әрекетінің мақсаттылығын дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді. Шағын орталық сабақтарында АКТ-ны пайдалану тәрбиешілерге бірден бірнеше педагогикалық міндеттерді орындауға мүмкіндік береді:

  • фонематикалық есту қабілетін дамытады;
  • лексикалық сөздік қорын дамытады;
  • қарапайым сөйлеу дағдыларын дамытады.

Балаларға оқыту бағдарламасын қарағаннан гөрі ертегі, әңгіме немесе танымдық фильм көрген немесе тыңдаған әлдеқайда қызығырақ. Олар тілдің семантикалық негізін жылдам ұғып алады және өздері сөйлей бастайды. Әсіресе, оқыту кезінде толық ену әдісі пайдаланылса, әсері көп болады. Бұл баланың қазақ тілімен тұрақты және терең байланыс жасауын білдіреді. Бала санасының астары өте алғыр және айқын нәтиже дәл қазір көрінбесе де, бір-екі жылдан кейін баланың өте дамыған лингвистикалық қабілеттерін әбден байқауға болады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тікелей білім беру қызметінде қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды төмендегідей бөлуге болады:

  • аудио;
  • бейне;
  • мультимедиялық құралдар.

Біздің балабақшада ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың осы жоғары көрсетілгендердің барлық түрі қолданылады. Соның бірі - Quiver бағдарламасы. Бұл бағдарламаны кез-келген    адам жеңіл, әрі еш қиындықсыз appstore немесе playmarket-тен тегін жүктеп алуға болады. Бұл да жаңа технологиялардың бір түрі. Бағдарламада балалар өздерінің қиялындағы ертегі кейіпкерлерін және басқа да қиял ғажайып жануарларын, адамдарын бояп, оларды жандандыра алады. Бұл бағдарламада балалар боямақтарды ғана бояп қоймай, бояп болғаннан кейін осы бағдарлама арқылы бояған суретінің жанды бейнесін көреді. Мысалға, бала өзінің ертегі кейіпкерін ұнайтын түсіне бояп болғаннан кейін, бағдарламаға енгізіп, кейіпкерінің қалай қозғалатының көре алады. Бұл балардың қызығушылығын арттырады.

Қорытындылай келе, қазіргі заман білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында жаңашылдық, жаңа көзқарас, жаңалықтар заманы. Заман талабына сай тәрбие саласына енгізілген жаңа бағыттағы тың үрдістерді тәрбиеші меңгеріп қана қоймай, оны тәжірибеде орынды қолдана отырып, өз білімін, іскерлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін тәрбиешіде ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Тәрбиешінің қызметі ауысады. Зияткерлік ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы болып табылады

Ал тәрбиеленуші ақпараттық білім негіздерін меңгереді, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттері дамиды, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптасады, ақпараттық қоғамға бейімделеді.

 Өмір сүру барысында біз жаңа өнімдерді, заттарды, білімдерді, идеяларды кездестіреміз. Олай болса, оқыту үдерісі, әдістері де осы жаңашылдыққа сәйкес болуы керек. Сонда ғана білім беру саласында, шағын орталықта тұлғаны қалыптастыруда жаңа технологиялардың тиімділігін көре аламыз. 

Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауы.
2. Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технология», - Тараз, 2016ж.
3. Бөрібаев Б., Балапанов Е. «Жаңа ақпараттық техналогиялар», - Алматы, 2017ж.