Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тырнақалды

Балалардың жарқын болашығы біздің қолымызда!

Смекенова Гулбану Турсынбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Міне, автобустан асыға үйге түсіп, мектепке қарай жүгіре ұшып келемін. Жерге жанай тиген аяқтарым құстың қос қанатындай қалықтап келе жатқандай сияқты. Тез, тез. Жүгір, жүгір. Келдім киіндім. Әне, әжесінің жетегіндегі Әсем де келіп жетті. Екі беті назтай болып қызарған, көзінде қуаныш, аузында маза жоқ. Недеген тәтті еді. Әне, екінші, үшінші төртінші бөбектерде көріне бастады. Әрқайсысы бір әлем. Әрқайсысы бір тұлға. Бәрі келді ме екен! Бәрі келсе екен, қалмаса екен. О, бүгін толықпыз.

Міне, біздің-болашамығыз, міне, менің қуанышым-сағыныштарым, оқушыларым. Бүгін дәл бүгін бойымыздағы бар білімді білдіремін, бойларына қондырамын, тәрбиені сіңіремін. Күні бойы құстай ұшып, кешке қарай мұрттай ұшып, шаршаса шалдықпайтын, болдырса алдырмайтын, сіңірсе құламайтын, ренжісе жыламайтын ұстаз жұмысы басталды да кетті.

Подробнее...

Жас мамандарды командалық көшбасшылыққа бағыттау

Хизина Айжан Талгатовна, Бауыржанова Алма,

Өскемен қ. Қ.Нұрғалиев аындағы №43 мектеп-лицейінің психологтары

Подробнее...

Түсімдегі тұлпар

Тұрарбеков Ерсұңқар Жасұланұлы, "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" КММ-нің тарих пәнінің жас маманы, Абай ауданы, Саржал ауылы

Болат тұяғы шаң қылып құба белді

Кең жазыққа құйғытып шыға келді

Жібек жалы желменен тербелгенде

Еске салды аңыз ат Құлагерді.

Подробнее...

Қазағым, елім, жасай бер, жаса мәңгіге

Слямханов Н., главный специалист отдела информационных технологий филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО

Қазағым елім жасай бер жаса мәнгіге

Тарихың терең бітпестей ұзақ әңгіме

Болашақ жарқын күтеміз алдан жақсылық

Бақыт қонсыншы аралай бәрін әркімге

 

Жоспарың бар көшбасшың бар нұр елім

Асқақтай көкте жалауың бүгін тұр елім

Бір өзің деп бала шақтан ойларым

Елім менің бір өзің деп ауырады жүрегім

Подробнее...

Әрбір қазақ жалғызым

Тұрарбеков Ерсұңқар Жасұланұлы, "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" КММ-нің тарих пәнінің жас маманы, Абай ауданы, Саржал ауылы

Әрбір қазақ жалғызым жалғандағы,

Орындалсыншы ақ тілек армандары.

Жігіттері елімнің аман болсын,

Тепсе темір үзетін арландары.

Подробнее...