Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қазағым, елім, жасай бер, жаса мәңгіге

Қазағым, елім, жасай бер, жаса мәңгіге

Слямханов Н., главный специалист отдела информационных технологий филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО

Қазағым елім жасай бер жаса мәнгіге

Тарихың терең бітпестей ұзақ әңгіме

Болашақ жарқын күтеміз алдан жақсылық

Бақыт қонсыншы аралай бәрін әркімге

 

Жоспарың бар көшбасшың бар нұр елім

Асқақтай көкте жалауың бүгін тұр елім

Бір өзің деп бала шақтан ойларым

Елім менің бір өзің деп ауырады жүрегім

 

 

*****************************************

Әттең ай қамшы сабындай

Ешбір жанға бағынбай

Қытайдың май шамындай

Зымыран болған заманым

 

Әттең ай тоқтай алмайсын

Сәуле боп сағым заулайсың

Бір сәтке ғана жайнайсың

Алшаңдай басқан заманым

 

Әттең ай жақсы жамансың

Соңында құзға барғансың

Қиқулап ұшқан қаз болып

Түсініксіз тұман замансың

 

Әттең ай сусың себесің

Мұз болып еріп нетесің

Көзімді ашып жұмғанша

Өтесің де кетесің

 

*****************************

Ойлаушы едік қосыла

Қалмасам деймін тосыла

Көңілім күнгірт болғаны

Сағынғандығын  осыма

 

Бармасам дағы қасыңа

Жаным ау менің жасыма

Үнсіздіктен құралған

Махаббатың осыма

 

**********************************

Сағындым сені ойға батамын күнігі

Ақыл есім адасқандай жұдырық жүрек түгілі

Ғашық сезім алдады дағы арбады

Ерінің көзің жұпарың қайда бүкілі

 

Елестетемін көз алдыма бақ күнді

Ойландырмас шынымен осы сәт кімді

Сен қасымда отырғандай боласын

Сағына беремін сағына беремін тәттімді

 

******************************************

Қиналғанда бұл жүрек қиналғанда

Дәл мені түсінетін адам барма

Қарап тұрсаң үңілсең бір қарасаң

Төзімді болу керек бұл жалғанда

 

Сезім керек адамдық сезім керек

Суыққа да ыстыққа төзу керек

Тот басып кетсе даға майыспайтын

Темір емес болаттай болу керек

 

*******************************************

Көрдім дағы қуандым

Суретіме өзімнің

Себебі ол суретім

Агентіңде өзіңнің

 

Сен әдемі түскенсің

Айдай жүзің құлпырып

Қызыл алма піскенсің

Ғазиз жүрек бұлқынып

 

Қарай бердім суретке

Сағынышым басылмай

Жара салма жүрекке

Махаббатым осындай

 

******************************

Ұлпа қар жатыр жалтырап

Алыста жүр ғой елесің

Жаңа жыл келді жарқырап

Сен қасымда емессің

 

Сезімім сағым бұлдырап

Шақырсам дағы келмессің

Көңілім қалай құлпырад

Сен қасымда емессің

 

Жүрегім жатыр атойлап

Еріккеннен демессің

Жүрсем дағы той тойлап

Сен қасымда емессің

 

Қолымдағы суретің

Жетпес маған білмессің

Ойланып кетсем кейде тым

Сен қасымда емессің

 

Оқуда бітпес оңайма

Түсінбейді мені ешкім

Жабығып жалғаз қалғанда

Сен қасымда емессің

 

Болмасаң дағы қасымда

Жүрегің бірге жансыншы

Тезірек барып қасыңа

Бұл күндер артта қалсыншы

 

*********************

Қиналады бұл жүрек қиналады

Сыйлағанды сыйлауды ұйғарады

Егер мені түсінсе бәз біреулер

Сыйлағаннан менен де сый қалады

 

Сыйлау керек қарт пенен жастарды да

Таныс-тамыр болсын мейлі басқаны да

Досың болсын дұшпаның болсын дағы

Аланы да құланы қасқаны да

 

Сыйға сый деген қазақ ертеден

Бұл өмірдің тұңғиығын мен көрем

Алла қолдап мынау қысқа өмірде

Сыйлағанды менде сыйлап үлгерем

 

******************************************

Күте білші күтші мені сағынып жаным

Сүйе де білші сүйгенде сені тулайды қаным

Армандар асқақ жетелей білсін біздерді алға

Ешқайда ешбір кетпейді бақыт бір өзің барда

 

Күте де білші күте де білші жылама енді

Қашан қасыма келесің деп те сұрама енді

Екеуміз жүрген кездерді еске ал суретке қара

Көңілмен шыққан биіктен бүгін құлама енді

 

*******************************************

 

Сен өскенсің арасында күріштің

Махаббатым бастамасы бір істің

Рахмет жаным алғаш көрген сәтіңде

Ұнатпадың ұнатуға тырыстың

 

Сен өскенсің менен алыс жырақта

Сол қашықтың сезімдерге сынақпа

Мен сүйемін жан тәніммен барыммен

Маған мейлі ұнат мені ұнатпа

 

Сен өскенсің тәп тәтті боп асылым

Сені көріп толқыдым да тасыдым

Қашан бірге жаңа жылда боламыз

Бірге көріп келген жылдың шашуын

 

Өскен жерің елің қымбат білемін

Күні түні соны ойлап жүремін

Сол сөздерді естігенде өзіңнен

Бір мезгілде тоқтағандай жүрегім

*****************************************

Билеп жүрген сәттерді

Еске аламын толғана

Сүйіп едім беттерді

Алдағандай жәй ғана

 

Қайда сол бір тәтті кез

Жоғалғандай біржола

Мөлдіреген тұнық көз

Оның өзі бір дара

 

Есім кетті неліктен

Ақша жүзің алма ма

Ән шығады жүректен

Шын сүйгенім сен ғана

 

****************************

Қоңырау шалып қуанттың күлдірдірдіңіз

Мені шын сүйетінің білдірліңіз

Кешегідей емеспіз бүгін міне

Бүгін міне бақытты көңілдіміз

 

Күлесіз маған қалжыңдайсыз нұрлана

Қарасаңыз жүрегімде есіміңіз тұр дара

Ұрласаң да төрт ұйқымды бөлсем де

Жаным менің тәтті болған сезімімді ұрлама

 

****************************************

Жадырап жүру үнемі болса үнемі

Бұл күнім менің тамаша күннің біреуі

Білмеймін неге екенін өзім түсінбей

Таңым да ғажап сәтті көрген түсімдей

 

Бұл күнім болса қуанышқа толысса

Қызық ау шіркін тасбақа қоян жарысса

Келмесе дағы қолыңнан ешбір жасымай

Намыспен ұтыл болмаса дағы қалыспа

 

Болса екен сәтті барлығы бүгін шіркін ай

Жар бола гөр жебеші мені а Құдай!

Мақсаттан тайма көздегенді ала біл

Жетпесең бүгін жетесің әйтеу бір күні – ай

 

********************************************

Сүйемін сені жарқыным

Махаббат бұл да заңдылық

Өзің деп өтер әр күнім

Мен сендікпін мәңгілік

 

Ойларға батып күні түн

Атыңды әсем ән ғылып

Сөнбесін ешбір үмітім

Мен сендікпін мәңгілік

 

Қимаймын өзге басқаға

Қызғанамын жан шығып

Мөлдірім мені тастама

Мен сендікпін мәңгілік

 

Өзіңсіз өмір өтпейді

Жазылмас дертке шалдығып

Тәттіме ешкім жетпейді

Мен сендікпін мәңгілік

 

Ғашық боп қалдық екеуміз

Ол жағы үлкен әнгіме

Өтсе де айлар неше күз

Сен мендіксің мәңгіге

 

Қинамаймыз жүректі

Атар ғой әлі таң күле

Ғашық боп қалған себебті

Сен мендіксің мәңгіге

 

Сынбасың сағың мен барда

Сызат түспесін көркіңе

Мынау бір әсем жалғанда

Сен мендіксің мәңгіге

 

Амандық тілеп ынтығып

Тәубе етемін әр күнге

Жүрекке сен деп жыр тұнып

Сен мендіксің мәңгіге

 

Тәңірім қолдап жебесін

Мұң болмасын көңілде

Жүздіріп тағдыр кемесін

Болайық бірге өмірде

Жаным күнім ән жырым

Сезімге жылы сөз емші

Кездестірген тағдырым

Қандай ғажап десеңші

 

Жадырап күліп жаздай боп

Өткізген қызық уақытты

Сендеде менде маздайды от

Болайық бірге бақытты

 

Өмірде бекер өтпеңдер

Бақыт тілемін баршаңа

Көп айтты деп сөкпеңдер

Сезімнің сыры қаншама

 

*******************************

Лағыл моншақ

Сені аңсап

Отырамын егіліп

Қайды сол шақ

Тәтті бал сәт

Келмеймісің көрініп

Сағынғанда

Сабылғанда

Көзімнен жас төгіліп

Маздайды да

Лаулайды да

Кеудемдегі бек үміт

Бір өзіңсіз

Мен сенімсіз

Кетпейінші шегініп

Көрінсеңші

Сен келсеңші

Махаббатты сезініп

******************************************

 

Уайымдамашы берілмеші еш мұңға

Апашым ау меңің бәріде жақсы қалпында

Өмір ғой бәрі өрнектерін салатын

Қайтеміз енді мінезсіз ұл ол ұлма

 

Уайымдашы, көздеріңе жас алма

Жадырап жүрші жайнаңызшы қашанда

Сыймайақ кетер нетермін енді осылай

Жазылған маған өмірдің заңы қаталда

Уайымдамашы егілмеші  апатай

Басқадан басқа мен шығармын сормаңдай

Дұрыс та шығар бұрыс та шығар менікі

Шынымен ақ ақымақ шығар бұл жантай

 

 

*******************************************

Жаным ау сені көруге құштар жүрегім

Сенің де тәттім сағынышынды білемін

Денсаулық қинап бұл күндері сыр беріп

Таба алмай жүрмін іздеуменен бір емін

 

Жүрегім менің жетелейді бір саған

Көрмесе жанын қажиды екен бұл адам

Суретке қарап көздеріме жас келіп

Қиын- ақ екен дауысын ғана тыңдаған

*********************************************

Сағынып сені қызарды жүрек алмадай

Кеудемде соқты шатұр да шұтыр найзағай

Сезім ау қиын екен ау қайдан білгенмін

Сол сезімді көтерген мен бір толағай

 

Ойымда жүрсің кетпейсің бейне көлеңке

Арналды бәрі дастан да жыр да өлеңде

Қайтемін енді сағыныштан сарғайдым

Не етемін жаным осы отқа күйіп кетем бе?

 

Арамыз алшақ көлімде қалай шалқиын

Неліктен жаным қиын ау екен тым қиын

Сезімнің шыңы патшасы ол - Махаббат

Онсыз ау бекер өмірдің құны бір тиын