Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Түсімдегі тұлпар

Түсімдегі тұлпар

Тұрарбеков Ерсұңқар Жасұланұлы, "Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі" КММ-нің тарих пәнінің жас маманы, Абай ауданы, Саржал ауылы

Болат тұяғы шаң қылып құба белді

Кең жазыққа құйғытып шыға келді

Жібек жалы желменен тербелгенде

Еске салды аңыз ат Құлагерді.

 

Бөкен танау ой желке алып кеуде

Түскендей бейне бір сәт көктен жерге

Жирен өңі күрен боп бара жатыр

Қара терге малынып өткен кезде.

 

Кең қолтық,кең жаялы,қабырғалы

Шапқан сайын лаулады жалындады

Желдей ұйтқып құйындай құйғытқанда

Бір сәткеде тынысы тарылмады.

 

Жұлдызба едің аққан сен көктен құлап?

Боз шаныңа көмілді ой мен қырат

Жүрегімді өртеген жалын қылып

Мына түсім керемет неткенсің ақ.

 

Ия түсім ал сен дос не ойладың?

Оянсамда есімді жия алмадым

Түн ішінде тұрдымда өлең жазып

Түсімдегі тұлпарды қиялдадым!