Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тырнақалды

Жасөспірімдердің көшбасшылық қасиеттерін дамыту

Аманова Айнур Ермекқызы, ШҚО білім басқармасы «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі

Қазіргі қоғамға өзекті мәселелерді шешуге жаңаша қарауға қабілетті және өзімен бірге алып жүруге қабілетті азаматтар қажет. Осыған байланысты жасөспірімдер арасындағы көшбасшылық мәселесін зерттеу ерекше маңызға ие болады, өйткені осы жаста көшбасшылық әлеуеттің негізі қаланады және қалыптасады, ол кейіннен ересек өмірде ашылады, өйткені қазіргі жастар әрбір жас адамға тәрбиелегісі келетін белсенді өмірлік ұстаным қажет.

Подробнее...

Тәрбиеші болу- бір бақыт

Анар Кажыканкызы, «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ-нің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы

Мен үшін осынау өмірімдегі ең қастерлі, әрі қасиетті мамандық -тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол - өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық,әрі ыстық ықылас дер едім. Шын жүрекпен қалаған кәсіп және жемісті еңбек арқылы ғана өмірлік несібеңді, абырой- беделіңді, қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.

Подробнее...

Балалардың мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру

Самбусунова Клара Абылкайыровна, ШҚО білім басқармасы «Үміт» қосымша білім беру педагогы

Бос уақыт бала тұлғасын қалыптастырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады. Ол өзінің еңбек саласына да тікелей әсер етпейді, өйткені бос уақыт жағдайында қарқынды физикалық және психикалық жүктемелерді алатын рекреациялық-қалпына келтіру процестері неғұрлым қолайлы болады. Балалардың бос уақытын пайдалануы оның мәдениетінің, баланың нақты тұлғасының, жас адамның немесе әлеуметтік топтың рухани қажеттіліктері мен мүдделерінің шеңберінің өзіндік индикаторы болып табылады.

Подробнее...

Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы

Нуртазина Еркежан Маратовна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы,

Хихматалимова Кулжан Жумагельдиновна, ЖШС "Бөбек" мектепке дейінгі шағын  орталықтың тәрбиешісі, Өскемен қ.

Эмоциялық-еріктік аумақтың қалыптасуы бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі болып саналады. Эмоциялық аумақтың дамуына отбасы, мектеп, баланы қоршап тұратын және оған үнемі әсер ететін өмір жағдайлары ықпал етеді.

Подробнее...

Ұстаз-ұлағатты есім

Нуртазина Еркежан Маратовна, «БАҰО «Өрлеу» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, Өскемен

Мыңбаева Ұлпан Серікқызы, ЖШС " Бөбек" мектепке дейінгі шағын орталықтың тәрбиешісі

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі- Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Ұстаз әр адамның жанына білім дәнін сеуіп, әр шәкіртін аялап, өмір атты шексіз ғаламға қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Менің ойымша, кез келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнер тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез- келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген тегін айтылмаса керек. Дүниедегі сыйлы адам да ұстаз. Себебі, шәкірт өнер, білім, әдеп, тәрбие, кәсіп үйреткен адамының алдында өзін өмір бойы қарыздармын деп санап, ұстазының көзі тірісінде өзін, өлгеннен кейін аруағын сыйлап, ардақтап өтеді.

Подробнее...