Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Алфавитте айтады елдің қамын

Алфавитте айтады елдің қамын

Булжанов Орал Рәбілұлы, Күршім ауылының бала-бақшасының музыка пәні муғалімі

Арнау айтсам ақындық сөзге жеңіл.

Ән айтып көтеремін кейде көңіл.

Болашақтың жүрегі бірлікте деп,

Вагондардай жүйіткіген мына өмір.

 

Гүлдей берсін тілегім, біздің Отан!

Ғажапстан, болсыншы, Қазақстан!

Дариядай кең жатқан жеріміз бар,

Ел, дегенде шығатын жырым дастан.

«Ёл» сөзі жол деген түріктен, аударғанда.

«Жол терек» құрылатын наурызда.

Зор еңбекпен келді бұл тәуелсіздік,

Иншалла армандарым жалғасуда.

Йогамен жастар көп айналысқан.

Кей біреу күш алады күн шығыстан

Қаншама спортшылар шығып жатыр,

Лайым болайықшы бір туысқан.

Мемлекет үйрен деп қазақ тілді.

Неміс тілді білеміз, ағылшынды

Ң менен Н-ды айырмай жүргеніңде,

Орыс халқы жаттады, мақтан қылды.

Өз тіліңді құрметте, деген сөз бар.

Парқын білсең ғылым да ұғындырар.

Расын айтсам бүгін қазақтар көп.

Сенім артып басқаға мойын бұрар.

Ту сыртынан сұқтанса күллі әлем.

Уайымға салынбас қылмай елең.

Ұршықтай айналдырып саясатын,

Үміт артқан еліме жаздым өлең.

Фатихасын жаттаған иман жүзді.

Халықта исламға мойын бұрды.

Һам көңілді қаламас көрікті ел,

Циркте ат ойнатып ойын құрды.

Частушка, лезгинкадай биді сүйіп.

Шығыпты «Қара жорға» топты жиып.

Щи деген тамақты да әзірлейміз,

Ыдысқа әрлеп құйып, дәмдеп құйып.

Ісімен, мамандығын таңдап алған.

Экономист жастар бар білім қуған.

Юрист бар жаттайтын заңдарыңды,

Я, болмаса өнер бар, өрлеп тұрған.