Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Жаңа сөздерге құралған өлең

Жаңа сөздерге құралған өлең

Булжанов Орал Рәбілұлы, Күршім ауылының бала-бақшасының музыка пәні муғалімі

(Компьютер, сотовый телефон, флешка, файл,инстаграм, ватцап, сканер, ламинат, терминал, банкомат, индрайвер такси, вайфай, интернет, баннер, онлайн,интерактивтік тақта, тугис, скайп, нотбуг, планшет, смартфон, сайт, ипотека, кредит, депозит, гарант, менталды математика, грант, билайн, актив, алтел ,электронный пошта, сим.карта, спутникті антена, инновация, навигатор,программист, хакер, киви кошелёк, инклюзивті балалар, банкоматтық карточка, твистер, юзби, ютуб, блютуз, гугл, фейзбуг, эмайл, самсунг, айпат, айфон,виши, шоплифтер, пин-код, селфи, мобил, лайк)

Жиырма бірінші ғасыр, сөздігіміз көбейді.

Көбейгенде бұл сөздік, біздің халық не дейді.

Жаңалықты құптаймыз, жаңа сөздер жаңаша,

Жақсылығын әкелсе, өмір өтер тамаша.

 

 

«Компьютер» мен «Сотовый», телефонды шығарған,

Қандай ғана адамдар, оны білу бір арман.

Флешкаға көшіріп, файлдарға сақтаймыз,

Инстаграм, ватцапты әсірелеп мақтаймыз.

 

Сканерге көшіріп, ламинаттап қаттаймыз.

«Терминал» мен «Банкомат» жүйелерін жаттаймыз.

Индрайвер таксидің, қызметі халыққа.

«Вайфай» менен «Интернет», шыға берсін жарыққа.

 

Жарнамалар жарқырап, баннерлерге ілінді.

Онлайндік қызмет, қажеттігі білінді.

«Интерактивті тақта», слайдтармен сан түрлі,

Білім алу жолында, таптырмайтын бір үлгі.

 

Қала ішін білмесең, пайдаланшы тугисті.

Қазақстан жеріне, шақырайық туристі.

Қызметін «Скайп», пайдалансаң ғаламат,

«Нотбуг» пенен «Планшет», смартфонда ақпарат.

 

«Билайн», «Актив», Алтелге, ақшамызды саламыз.

Байланыстық нөмір деп, сим- картасын аламыз.

«Электрондық пошта», компьютерлік ол мекен

Құжаттарды поштама, лақтыра сал дейді екен.

 

«Спутникті антена»,елдің бағы ойласаң.

«Инновация» - деген сол, жаңалықты қолдасаң.

Қала ішін жасқанбай, аралайсың жол тауып,

Машинаңның ішіне , «Навигатор» орнатсаң.

 

Сайттар бар сан түрлі, көңіліңе қонады.

«Ипотека» жолымен, үй алуға болады.

«Кредит» бар ұзақ жыл, мойныңызға алсаңыз,

Депозитке ақша сал, пайызына қансаңыз.

 

Гарантың болмаса, кредитте бермейді.

Кепілдікке не қойдың, деп біреулер тергейді.

«Менталды математика» ескілікке көнбейді,

Талаптанса әр адам, биіктерге өрлейді.

 

Юзби, ютуб, блютуз, жаңа сөздер біліңіз.

Гогле, фейзбуг, эмайл, тіл үйретіп көріңіз.

Айфон, айпат, самсунг, сөздіктерде жаңалық,

Көптен қалмай тек алға, ұмтылайық халайық.

 

Компьтермен телефонды, юзби жалғастырады,

Телефоннан телефонга, блютуз алмастырады.

Қосып алсаң ютубты, видеолар көресің,

Гуглды қос, білмегенді содан сұрап білесің.

 

Эмайлды пайдаланып, парақшаңды ашасың,

Жарнамалық ісің болса одан ақпар аласың.

Социалдық сеть деген бар, пароль жазып кіресің,

Фейсбук пен инстограмм жаңалығын білесің.

 

«Виши» -деген сөзіңіз, балық аулау деген сөз.

«Шоплифтер»- дүкен тонаушы, ұрыларға болма кез.

Мобил дейміз, лайк бас, селфи- сурет мақтаныш,

Пин- кодыңды жария етпе, ол қаржылық қорғаныс.

 

«Программист» - деген бар, компьютердің шебері.

Сынып қалса компьютер, жөндеп берер дегені.

Компьютерде архивті, бұзатындар «Хакер» ме?

Программист өшіксе, хакер болып кетер ме?

 

Үйден шықпай ақшаны, аударуды құптаймын.

«Киви кошелёк» - деген, файл бар деп нұсқаймын.

Телефоннан ақшаны, басқа шотқа аударсам,

Деп ойлама бұл іспен, хакерге көп ұқсаймын.

 

Ауыратын балалар, елмен қатар болады.

«Инклюзивті балалар» - деп атайды мұндайды.

Түрлі – түсті шеңбердің, жиынтығы құралған,

«Твистер» - деген ойын бар, балаларға ұнаған.

 

Аудандар да, қалада, банктерге кірмей – ақ,

Ақша алуға болады, «карточкаңыз» - төл құжат.

Жаңа кірген ғасырдың, жаңалығы қаншама.

Үйрене бер, оқи бер, жасың жүзге толса да.

 

Грантты ұтсаңыз, жақсы оқып мектепте.

Әйгіленер есімің, құрмет түбі еңбекте.

Жарқын болар болашақ, оқып білім алсаңыз.

Қызмет қыл халыққа, ер азамат болсаңыз.