Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Балалардың жарқын болашығы біздің қолымызда!

Балалардың жарқын болашығы біздің қолымызда!

Смекенова Гулбану Турсынбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Міне, автобустан асыға үйге түсіп, мектепке қарай жүгіре ұшып келемін. Жерге жанай тиген аяқтарым құстың қос қанатындай қалықтап келе жатқандай сияқты. Тез, тез. Жүгір, жүгір. Келдім киіндім. Әне, әжесінің жетегіндегі Әсем де келіп жетті. Екі беті назтай болып қызарған, көзінде қуаныш, аузында маза жоқ. Недеген тәтті еді. Әне, екінші, үшінші төртінші бөбектерде көріне бастады. Әрқайсысы бір әлем. Әрқайсысы бір тұлға. Бәрі келді ме екен! Бәрі келсе екен, қалмаса екен. О, бүгін толықпыз.

Міне, біздің-болашамығыз, міне, менің қуанышым-сағыныштарым, оқушыларым. Бүгін дәл бүгін бойымыздағы бар білімді білдіремін, бойларына қондырамын, тәрбиені сіңіремін. Күні бойы құстай ұшып, кешке қарай мұрттай ұшып, шаршаса шалдықпайтын, болдырса алдырмайтын, сіңірсе құламайтын, ренжісе жыламайтын ұстаз жұмысы басталды да кетті.

 

«Бала біздің – болашағымыз» Елбасы сөзі. «Кәрі өшеді, жас - өседі» өмірзаңы. Осы келе жатқан жас ұрпақ ұл мен қыз бүршік жарған тал сияқты, қалай баптап күтсен солай өседі. Дүниеде пәлсапә көп, ой көп, мақсат көп, мүдде көп, тәтті бар, ащы бар, сұлу бар,сұрықсыз бар, шындық бар, сұмдық бар. Дүние сан алуан. Өмір сынақ. Осындай жағдайда жіптей түзу, айнадай жылтыр, шыныдай мөлдір жол тауып, пәк секілді ұшқыр ойлы, мінсіз, өтірікке сенбейтін, өсекке ермейтін, білуге құштар, болашақты қалыптастыру ісі қажетті іс кеш деп кім айтар.

Мағжан Жұмабаев айтқандай, «бала жаман болып өссе, ұстаз кінәлі». Иә, ұстаз ісі аса жауапты. Сондықтан баланы: бала менің жыр әнім, ұрпағым, назарым, базарым, қуанышым, жұбанышым, шуағым, шырағым, бұзығым, қызығым, байлығым, жүрегім, тілегім деп жан дүниеңмен сүйе білген абзал. Өйткені олар біздің болашағымыз, өйткені олар біздің әкелерімізден алған ізгілік пен парасаттылықтың білімділік пен ұлтжандылықтың эстафетасын жалғастырушы.

Тағы да сол алаштың ардақтысы Мағжан Жұмабаев «Баланы құлағымен емес, көзбен тәрбиелейді, естігенін емес, көргенін істейді» дейді. Құнанбай Өскенбайұлы үйіне ақын-жырауларды, би-төрелерді жиі жинағандықтан Абайдай ұлы тұлға қалыптасты. Не деген көрегендік. Ал қазіргі жағдайда біздің болашағымыздың негізі білімде. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық жаңалығында «...тілін дамуда, даму-әлемде. Бұл әлем мойындаған аксиома» деген. Демек біздің болашағымыз бала бойына қазіргі өркениет дамуына сай білімс беру кезек күттірмес міндет. Елбасы бастамасымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаларға 5 бағытта жүзеге асырушы, жаңа техника мен технологияға, ғылым мен білім жетістіктеріне негізделген қоғамда өмір сүру, әрі оны дамыту біздің балаларымыздың пешенесіне жазылған, әсте солай болғай.

Ғылымы болжамдарға көз жүгіртсек: 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық түбірімен жойылып, 186 мамандық дүниеге келеді. Давос экономикалық форумының бағдарламасында 2020 жылы әлемдегі интеллект пен роботты техниканың дамуы нәтижесінде 2 миллион жаңа жұмыс орны ашылса, дәл қазіргі мерзімдегі 7 миллион жұмыс орны жойылады. Жаңа ( әрбір жұмыс берушілердің тапсырыстарын бір мезгілде орындайтын адам) мен краудорсингтер (бір тапсырманы орындауға жұмылған топ) мамандықтары басымдыққа ие болады. Міне, біздің балаларымызды не тосып тұр. Елбасының «ғасырдағы қазақтың жұлдызы жанатын ғасыр» деуінің еліміздің өркениет өркендеуінің көшінен қалмауды, көшінен ғана емес, көшбасшы болуына бағытталған міндет қой. Бүгінгі «Нұрлы жол», «Руханы жаңғыру», «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазахстандағы 100 жаңа есім» бағдарламалары бүгінгі балаларымыздың ертеңгі күнге тәрбиелеудің басы емес пе?

Мектеп табалдырығын аттап басқан бүлдіршіндеріміздің тарп-тұрп басқандарына, шалдыр-шұлдыр сөздеріне мәз бола отырып, олардың дүбірлі дүниенің дамытушы, жетілдіруші болатындарына тәтті қиял еріксіз жетелей жөнеледі. Осынау бүлдіршіндердің жылағандарын уатып, жығылғандарын тұрғызып, қисайғанын түзеп, білім шырағын тұлғалық қалыптастырып жүрудің өзі зор бақыт.

Біздің болашағымыздың бақытына бастар тағы бір таң қалып, таңдай қақтырар жаңалық.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының мақаласы жарық жұлдыздай жарқ етті». «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады» дейді. Зор міндеттерді іске асыруға балаларымыздың ғылым мен техникалық зор жетістіктерін меңгеру үш тілді білімді, «цифрлы әлемге» енуі бұл бір жағынан десек, сол сияқты жеткіншектер бойында ұлттық рух, ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру міндеті тұр.

Мінезі кесек, тұлғасы – зор, ісі –мол, басқаларды жақсылығымен жақындап тұрар азаматты «Тарихи сананы жаңғыртпай» жүзеге асыру мүмкін бе?

Ері елім деп, елі ерім деп жан сүйсініп, тебіренділік жақсы істерін, ұлы істердің бастаушысы болып отырған Елбасының ұсынған «Архив 2025» жеті жылдық бағдарламалары, тарихи-археологиялық қозғалыстар құру, ұлы даланың ұлы есімдері, түрлі өркениет, дала фольклорлық анталогиясы жаңа міндет жүктеп отыр.

«Тіл үшін көру керек, көру үшін жүз керек» дейді халық даналығы. Осы даналық білу үшін көретін ғаламтормен қамтылған, жүру үшін әлемнің бар еліне есігі ашылған. «Болашақ» бағдарламасы жасалған елімізде жүзеге асуда.

Ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев:

«Асығу керек!

Тындыру керек барлығын

Ешкімнің күтпей жарлығын» дегендей асығу керек, бару керек, тындыру керек. Тәуекелсіз іс бітпейді,тәуекелшіл тау жарар.

Қазіргі нарық заманы, дүниенің бәрі сатулы, барлығы ақшаға келіп тірелді, тек сатылмайтын бір құндылық бар, ол- адамгершілік. Дамыған 30 елдің қатарында өмір сүретін қазақ баласы өркениетті әлемде тіршілік құратын қазақ баласының бойында адамгершілік қасиеттінің болуы шарт. Мен ойлаймын, осы орайда, біздің болашағымыз болуы үшін Саққұлақ шешеннің мына бір даналығын бойымызға қондыру артық емес: «адамның басшысы – ақыл, жолаушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы – халқ, таусылмайтыны –арман, қымбаттысы – ар сақтау, ардақтысы- адалдық, ең тәттісі- сыйластық».

Қазақ өнерінің тарланы, абыз ақын Асанәлі Ашімов былай айтқан болатын: «Тау басын бұлт шалса ашылады, тау іргесін ызғар басса айығар, бірақ тау құласа болды, сен де құла ма!».

Сен де құла ма, жас ұрпақ! Өркениеттің өрінде бол – болашақ! Елім деген, жерім деген Елбасындай бол!