Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

Тәрбиеші болу- бір бақыт

Анар Кажыканкызы, «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ-нің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылы

Мен үшін осынау өмірімдегі ең қастерлі, әрі қасиетті мамандық -тәрбиешілік. «Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам баласының өмірінде болуға тиіс бақыттың бірі не десек, ол - өз қалауыңмен таңдаған кәсіп-мамандығыңа деген салиқалы ынтызарлық,әрі ыстық ықылас дер едім. Шын жүрекпен қалаған кәсіп және жемісті еңбек арқылы ғана өмірлік несібеңді, абырой- беделіңді, қоғам алдындағы құрметіңді еселей аласың. Ал, тәрбиеші болу айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп жүрген жандар жақсы түсінеді.

Подробнее...

Мектеп оқушыларының ата-аналарымен өткізілген диалогтік алаң жоспары

Мукантаева Нургуль Кайратовна, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Жанұзақ ауылы «Ш. Башиков атындағы негізгі мектеп» КММ, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Подробнее...

Тек жағымды ой ойлаңыз

Жаксылыкова Гульмира Идришевна, Өскемен қ.,«Өрлеу» БАҰО» АҚ ШҚО бойынша ПҚ БАИ Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының аға оқытушысы

Біздің менталитет солай қалыптасқан ба, жоқ әлде кеңестік тәрбиенің құрсауынан санамыздың шыға алмай жатқандығы ма, әйтеуір өз басымызға түскен жағдайдың барлығында ең алдымен, оның жақсылығын емес, жамандығын ойлап, көруден бастаймыз. Не нәрсенің түйіткілінен ең алдымен, ойымыз бен санамыз жамандықты еске түсіреді. Ойпырмай, солай болып қалмаса екен? - деген іштей бір сақтық сұрақты өз-өзімізге қойып, өзіміз содан шошынып тұрамыз. Бұл неліктен?

Подробнее...

Заманауи тәрбие технологиясы

Тлеубердинова Венера Муратбеккызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ, МДТжТӘ кафедрасы, PR SMM маманы

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, тәрбие бағытында да заманауи технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.

Болашақ құзыретті мамандарды өсіріп, дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Жаңа заман маманы ертеңгі еліміздің болашағы. Кәсіби құзыретті маманды қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.

Подробнее...