Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

«Мәңгілік Ел» болу – мерейлі мұрат

ЖАУШЕВА С.А.,
Өскемен экономика және қаржы  колледжінің оқытушысы

      «Мәңгілік Ел» патриоттық іс-шарасының аясында Өскемен экономика және қаржы колледжінің «Экономист-есепші» мамандығының 2-ші курс  студенттеріне «Мәңгілік ел болу - мерейлі мұрат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
      Тәрбие сағатының  мақсаты: 7 басты құндылығымызды басшылыққа ала отырып, студенттерді Отансүйгіштікке тәрбиелеп, өз пікірін еркін айтатын, өзгенің пікірін сыйлай білетін, қоғамға деген азаматтық позициясы жүйеленген тұлға қалыптастыруға ықпал ету.
      Ұйымдастыру кезеңі:
      Оқытушының кіріспе сөзі: Елбасының «Қазақстан-2050» Жолдауында көтерілген «Мәңгілік ел» ұғымының пәлсапалық-саяси түп негіздері сонау сақ, ғұн, түркілерден бастау алған. Мысалы, Хасен Қожа Ахмет «моңғол» сөзінің астарын «мәңгі елден» іздейді. Оның «Күлтегін мәтініндегі «мәңгі ел» сөзі мемлекет атауынан гөрі, қағанатты құрушы халықтың идеологиялық ұстанымына келіңкірейді.
      Кезінде айбарлы сақ, ғұн, түркі, Шыңғыс қаған, Алтын Орда империялары салтанат құрған бүгінгі Қазақстан мемлекетіне «Мәңгілік ел» идеясы мирас болып қалды. «Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік ел» боламыз», - деп ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауында айтылып отыр.  Тәуелсіз ел атанғаннан кейін бұл идеяны іске асырудың тарихи мүмкіндігі туып отыр.
     

Подробнее...

Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу

ӘЛІБЕКОВ Е.Ә.,

«№46 қазақ орта мектебі» КММ-нің  11 «М1» сынып оқушысы, Өскемен қаласы

      Жасөспірімдердің  бос уақытты тиімді  ұйымдастыруы болашақ үшін пайдалы және ол арқылы өздерінің қоғамдағы орнын табуға  негіз салады. Еліміздің болашағы кімдер? Әрине, біз жасөспірімдер. Еліміздің болашағы, қазіргі біз, жасөспірімдердің бойына сіңірген тәрбиесіне тікелей байланысты. Заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезовтің «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөзінің мәні тереңде жатыр. Яғни, болашақ тізгінінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру талабынанан туындап отырады.
      Бос уақыттың маңыздылығы тек жеке адамның өз қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймайды, сондай-ақ қоғамдық-пайдалы нәтижелерге де қол жеткізеді. Мысалы, жеке тұлғаның дамуы, рухани құндылықтарды насихаттау мен мәдениетті қалыптастыру.

Подробнее...

Жасөспірімдер және отбасылық тәрбие

ЕШЕНБАЕВА А.,
Өскемен қаласы экономика-қаржы колледжінің  қазақ тілі  пәні  оқытушысы

      Мұғалім – адам қатынасының дәрігері. Ол диагноз қояды, емдейді. Қандай емнің қандай нәтиже беретінін болжайды. Мұғалімнің жасөспірімдердің сеніміне кіруі оңай емес. Мұғалімнің көп жағдайда оқушыға қойған талабы оқушының көңілінен шықпауы мүмкін. Осыдан барып қарсылық шығады. Мектеп өмірінде ондай мысалдардың бірнешеуі кездеседі. Сол шым-шытырық жағдаяттан мұғалім сүрінбей өтуі тиіс. Ол үшін әр уақытта ұстаздық әдепті сақтап, түрлі жағдаятты сауатты шешіп, шатақ, текетіреске бармаған жөн. Мұғалім баланы айқаймен жеңбейді, ұжымның тамырын басып көріп, өзінің қатесіне орынды баға беріп қана, балалар ұжымын ақылмен басқарады.       

Подробнее...

Білім сапасын арттыруда мектеп пен ата-ана байланысының рөлі

 Құсайын Д.Б.,  «Өрлеу»» БАҰО» АҚ филиалы МКДППІ кафедрасының аға оқытушысы

Республикасының «Білім туралы» Заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХI ғасыр - бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытта жетелеу - ұстаз парызы. Ұлы ойшыл Плутарх кезінде: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек», - деген екен.

Подробнее...