Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын білім беру мен тәрбиелеуде жүзеге асыру

 Мамырбеков М.,  Раздольное негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі, Көкпекті ауданы

       Мұғалім «Нені оқыту керек?» деген сауалмен қатар «Қалай оқыту керек?» деген сауалға да жауап іздесе оқушыларда ХХІ ғасыр дағдылары, функционалдық сауаттылықтары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы, патриоттық сезімі қалыптасқан жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасалар еді.

Подробнее...

Керемет Аналар» сайысы (8 Наурыз аналар мерекесі қарсаңында жүргізілген аналар сайысының сценарийі)

АКЕТПАЕВА Г., «№ 21»  КМҚК «Айналайын» балабақша-бөбекжайы, Өскемен қаласы

       Музыка залы әсем безендірілген.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8 Наурыз Аналар мерекесімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!
Ана десем – алғыс алам халқымнан,
Ана десем – теңіз болам шалқыған.
Ана десем – ашылады қабағым,
Ана десем – әділдікті ұғамын!
Жүргізуші: Құрметті аналар! Келген қадамдарыңызға гүл бітсін, Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.
Дарын: Көктемге еріп құс келді,
                Әнге бөлеп даланы.
                Өлкем ерек түске енді,
                Киінгендей жаңаша.

Подробнее...

Білім беру ұйымдарында денсаулықты қорғаушы ортаны дамыту

 Сансызбаев Е.,  №5 Күршім орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, Күршім ауданы

        Өскелең ұрпақтың бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы олардың еңбек потенциалын дамытуда басты роль атқарады. Демек, балалардың және мектеп оқушыларының денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
    Салауатты өмір салтын қалыптастыру мен халықтың ауруын ескерту және денсаулығын нығайтуға байланысты біршама құжаттар қабылданды. Атап айтсақ, «Қазақстанның-2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы», «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы», «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы, «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы» және «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» құжаттар қабылданған.

Подробнее...

Ата-ананың бала тәрбиесіне жауапкершілігі

       Тургамбаева И.С., «Рахат» балабақша бөбекжайының тәрбиешісі, Өскемен қаласы

        «Ел болам десең бесігіңді түзе», «Тәрбие – тал бесіктен» деп, дана халқымыз айтқандай, парасатты, зерек, кішіпейіл, адал, адамгершілігі мол ұрпақ болашағымыздың кепілі. Бала тәрбиесінде ең маңызды рөл атқаратын әрине, ол отбасы екені мәлім. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы болғанын қалайды. Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуі үшін өз отбсында балаларын тәрбиелеудің нәзік жақтарының заңдылықтарын білуі шарт. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы-бақытты отбасы.
       Сәби күнінен ананың әлдиімен ақ бесікте тербетіліп, асыл әженің ертегісін тыңдап, тәтті ұйқыға батып өскен әрбір қазақ топырағының перзенті, жаман болмайтыны анық. Сәби дүниеге келгеннен бастап салт-дәстүріміз, жоралғыларын жасап, ұлттық құндылықтарымызды санасына сіңірсек ұлтымыздың ұлы азаматы болары сөзсіз. Тәлім-тәрбие беруде салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызды пайдалану ең бір оңтайлы тәсіл. Себебі, баланы қырқынан шығару, ақ бесікке жатқызу–тазалыққа, бесік жыры мейірімділікке тұсау кесер-адалдық пен адамгершілікке, сүндетке отырғызу – мұсылмандығын тануына өз септігін тигізеді. Сондықтан әр ата-ана балаға тәрбие берумен қатар сол берілген тәрбиенің ұрпақ болашағы үшін маңызды екенін ескерген жөн.
       Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отбасындағы тәрбиесі, тілі, діні. Ертеде дана халық: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тіл алғыр етіп баулығаны жөн деген екен. Шариғатта да алтын ұя отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Өйткені, «Балалар – ата-аналар қолына берілген аманат!».

Подробнее...