Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

Мектепке дейінгі балаларда патриоттық тәрбиенің дамуы

Катпанова Галия Партизановна, 2535 әскери бөлім балабақшасының меңгерушісі, Күршім ауданы

     Қазіргі таңда өскелең ұрпақты елінің патриоты болуға тәрбиелеу өзекті мәселесі болып отыр. Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға рухани-патриоттық тәрбие беру күрделі педагогикалық кезең болып табылады.
     Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тәрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан дәстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нәрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тәрбиелесек - бұл еңбегіміздің жанғаны,тәуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Адамзаттың асыл мұраттары қайта гүлдеп, мәдениет дәрежесі мен білімділік деңгейі қоғамның өркендеуінің басты өлшеміне айналып отырған жаңа ғасырда жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңызы артып келеді.

Подробнее...

Әскери-патриоттық тәрбие беру – жауапты іс

Изамеденов Қайрат Асқарұлы,  «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ-нің әскери жетекшісі, Күршім ауданы

    Қазақ халқының туған жерге деген сүйіспеншілігі аса қасиетті! Әр адам өз Отанымен бақытты. Отанды сүйе білмеген адамды бақытты деп айтуға болмас. Өйткені, құрмет те, бақ та, даңқ та, атақ та Отанды сүюден басталса керек. Қазақстанның әр азаматы өз Отанының көркейіп дамуына, оның өркендеп жетілуіне, өз ұлтының салт-дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
    Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қанымен қорғап, бізге аманатқа қалдырған атамекенімізді, біз, келер ұрпаққа көзіміздің қарашығындай абыроймен сақтап, көркейтіп, дамытып қалдыруымыз керек. Біздің болашағымыз үшін жас өмірлерін құрбан еткен, қан майданда жасаған ерліктері үшін тарихымызда өшпес із қалдырған ата-бабаларымызыдың алдында мәңгі қарыздармыз!

Подробнее...

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері («Педагогика» пәнінен ашық сабақ әзірлемесі)

Кундукова Маншук Тлеугазыевна, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің педагогика және психология пәні оқытушысы, Семей қаласы

     Педагогика пәнінен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3-ші курс студенттеріне өткізілген ашық сабақ. Ашық сабақ тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы», бұл тақырыпты таңдау себебім: әлеуметтік қызметкерге өте өзекті, қажет, пайдалы. Отбасы ошақ қасы, асыл қазына, баланың шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, көз алдында өтіп жататын дүниесі. Студенттер үшін тақырып қызықты, маңызды. Сабақ проблемалық және сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану арқылы өтті. 

Подробнее...

Халық мұғалімі Қ.Нұрғалиевтің тәрбие туралы ойлары

 Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ аға оқытушысы, т.ғ.к.

    Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық көзқарастары, мектеп білімін дамытуға қосқан үлесі ұлттық педагогиканың қалыптасуына зор ықпал тигізген тарихи құбылыс болды. Құмаштың түрлі тақырыптарда жазылған, айтылған ой-пікірлерін, мектеп ісіндегі жаңашылдығына тарихи талдау жасасақ, оның еңбегі гуманистік және адамгершілік мұраттарды, демократиялық ағартушылық идеяларды уағыздаған мұра деп бағалау керек. Оның педагогикалық ойларында өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық көріністері, ақыл-ой ізденістері, талғамды тұжырымдары із қалдырды. Ол қазақ қоғамының рухани өсуіне көмектесуді, жастарды білім, ғылым, өнерге баулуды мұрат тұтты.
   Бүгінде Құмаш Нұрғалиевтің арманы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның барлық жерінде іске асып, егеменді еліміздің ұл-қыздары соңғы үлгіде жабдықталған мектептерде білім алуда.

Подробнее...