Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

Отбасында бала тәрбиелеудің маңызы

Жортарова Зарина Аскарбековна, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 26 орта мектебі» КММ-нің тәрбиешісі

«Тек қана ата-аналармен бірге,  жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер  балаларға үлкен адамдық  бағыт беруі мүмкін».
В.А. Сухомлинский

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты-балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні-өз ұрпағы.

Подробнее...

Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің рөлі

Дусупова Сындар Сагатбековна, «№45 бейімделген орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы 
 
   «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз  М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп.  Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы.  Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.
   Рухани жаңғыруды сипаттап және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында №45 бейімделген орта мектебінің бастауыш сынып ұстаздары ата-аналармен патриоттық іс – шараларды бірлесіп ұйымдастырып  отырады.

Подробнее...

Болашағың жарқын болсын десең ұрпағыңды дұрыс тәрбиеле

Шарафутдинова Шынар Ризабековна, «Жасұлан» ясли-бақша» КМҚК тәрбиешісі, Тарбағатай ауданы

Отан отбасынан басталады демекші, бала ең алғашқы тәрбиені үйдегі ата-анасынан алады. Сол кісілер арқылы дүниені танып біледі. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген тағы бар. Яғни жас сәбидің қандай адам болып шығуы, ең біріншіден, тікелей ата-анасына байланысты болмақ. Сен досыңды көрсет, мен саған сенің кім екеніңді айтамын деген де нақыл сөз бар. Баланың өсуіне өзінің араласатын ортасы да қосымша әсер етеді. Жалпы бала тәрбиесі қызығы мен қиыншылығы көп, аса жоғары жауапкершілікті қажет ететін өмірлік мектеп деп те айтуға болады. Сәби дүние есігін ашқаннан бастап тұлға болып қалыптасқанға дейін бала тәрбиесіне баланың ата-анасы тікелей жауапты. Сондай-ақ баланың ес кіріп, дүние тануынан бастап, білім алуына, азамат болып қалыптасуына да ата-анасы жауапты. Бала тәрбиесі жайлы айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов өз сөзінде: -"Өтірікші қайдан шықты? Бала кезінде сіз оны ойнатып жатырмын деп, мəн бермей, алдай беретінсіз. Қолыңызда жоқ болса да, "балам бері келші, тәтті беремін",- деп өтірікті көп айттыңыз. "Қайда кеттің?"- деп есіктен жылап, шығарып салып тұрған балаңызға "қазір келемін",- деп ұзақ іс-сапарларға кете беретінсіз. Сөйтіп, баланың бойына өтірікті дарытып, қоғамда уəдесінде тұрмайтын тағы бір өтірікшінің көбеюіне үлес қостыңыз.

Подробнее...

Болашағың жарқын болсын десең ұрпағыңды дұрыс тәрбиелеу