Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

Ойын арқылы баланы тәрбиелеу

Теребаева Айнаш Аргынбековна, «№8 балалар үйі» КММ тәрбиешісі

Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным- түйсігі қалыптасады.

Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын - баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Халық даналығында «ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған өмірде де озады» деген аталы сөзінің сырына жүгінсек, мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ойынға деген құлқы, қарым-қатынасы олар өсіп-өркендеп, есейгенде де өміріне жалғаса кететіндігін дәлелдерлік дәйекті деректер жетерлік. Оны біздің де күнделікті тәжірибеміз жан-жақты айқындап отыр.

Подробнее...

Отбасы мен мектептің бірлігі

Жазнаев Нұрсұлтан Әлімханұлы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Бала толыққанды отбасы мүшесі, сондықтан оның отбасындағы өзінің міндеттері мен борышын адал атқаруы оған да, отбасы мүшелеріне де қуаныш сезімін сыйлайды. Саналы тәрбие, сапалы білім баланың ертеңіне даңғыл жол ашады. Халқымыз: «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» дейді. Бүгінгі күні баланы әдепті де, саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын балалардың санасына сіңіре білу ата-ананың басты міндеті дегіміз келеді. Оқушы – мұғалім, оқушы ата-ана, мұғалім – ата-ана адамгершілікке бағытталған тұлға аралық қатынасты қалыптастыруға күш салатын үштік одақ. Ал мектеп баланы болашаққа дайындап, келешек өмірін қай бағытпен жүрсе дұрыс екенін, өздеріне керекті, бейім мамандық таңдауға жол, бағыт беретін ұя.

Подробнее...

«Кешегі күн, бүгінгі тарих...»

Серікболатқызы Сая, «№49 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Семей қаласы

XXI ғасыр таңы атып, тамыры тереңге жайылған бәйтеректің қайта көктер кезіндей бүкіл әлем тереңінен бір тыныс алып ішіндегі құсасты сыртқа шығарып тастағандай тыныштық күйге оранды.

Ал, өткен өмірге зер сала қарасақ, ел басына күн туып, сақ сынып, сүйек сырқырататын тарихтың тулаған тұстары аз емес. Соның ішінде қазақ елінің басына нелер келіп, нелер кетпеді десеңізші?! Жазиралы жазығымыз, дархан даламыз қанға бөгіп жер бетін жауыздық пен азғындық атты зұлмат күш билеп тұрған кездер де болды емес пе?!

Подробнее...

Сыныптан тыс шараларда тәрбие нәтижелеріне қол жеткізудің формалары

Қыдырбекова Күншуақ Айдарқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

Қазақстанда білім жетілдіру тұжырымдамасы қазіргі кезеңдегі жалпы білім берудің негізгі мақсаттарын айқындап берді. Мектепте оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен қатар, шығармашылық қабілеттерін дамытуға сабақтан тыс жұмыстар (факультативтер, пәндік үйірмелер, сынып сағаттары, ертеңгіліктер мен т.б шаралар) үлкен мүмкіндік береді.

Подробнее...