Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Тәрбие мәселелері

Бала тәрбиесіне байыппен қарайық!

Жумаханова Гульжан Жагпаровна, Семей қаласындағы Аружан»мектепке дейінгі шағын орталығының тәрбиешісі

Адамзаттың өміріндегі ең қымбаттысы ,көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға. Бала тәрбиесі өте күрделі үрдіс. Ол ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын құбылыс. Бала дегенде ет жүрегі елжіремейтін адам баласы жоқ шығар. Өйткені, ол ата-ананың ақ тілегі, қуанышы. Әрбір жас өркен – елдің ертеңі, ұлттың болашығы. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі өте жоғары. Өйткені бала дүниеге келген күннен бастап ата-ана ықпалында болып, өмірге бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Ата-аналар балаларын өздерінің өнегелі сөздерімен, жеке басының асыл қасиетімен тәрбиелейді.

Подробнее...

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Дүйсенова Гүлсаян Дүйсенқызы, Өскемен қаласы әкімдігінің «Құмаш Нұрғалиев атындағы №43 мектеп- лицейіні» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі

«Адамның адамшылдығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»-деп Абай атамыз айтпақшы, ұлт болашағы –ұрпақ тәрбиесі екенін жақсы білеміз.Көкірегінде өмірге деген құштарлығы, ізгілікке деген құлшынысы бар жас буынды еліміздің, өңірдің тарихымен, дәстүрімен тәрбиелеу - ұстаздық парызымыз.

Подробнее...

Баскетболдың адам денсаулығына пайдасы

Мергенбаев Марат Газизович, Өскемен қаласы әкімдігінің «Шоқан Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ-НІҢ дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Баскетболдағы ойын үрдісі техникалық және тактикалық дағдыны қажет ететін көптеген арнайы тәсілдерге толы, ал бәсекелестіктен пайда болған рух матч қатысушыларының жоғары қызығушылығын оятады.

Ойын үрдісінде адамға бұлшық еттің әртүрлі топтары қажет. Бұл бұлшық еттер спортшының жан-жақты дамуы үшін күрделі маневрлік қозғалыстарды, жүгірулерді және жоғарғы секірулерді жүзеге асыру үшін қажет.

Подробнее...

Алғашқы әскери дайындық пәнінің патриоттық тәрбие берудегі ролі

Жазнаев Нұрсұлтан Әлімханұлы, Өскемен қаласы әкімдігінің «№27 орта мектебі» КММ, алғашқы әскери дайындық мұғалімі

Алғашқы әскери дайындық азаматтарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқаруға дайындық жүйесінің бір бөлігі болып табылатындықтан, қазіргі кезеңде «Алғашқы әскери дайындық» пәнін оқыту Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Әскери доктринасы, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қорғанысы туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарына сәйкестікте жүзеге асып отыр.

Подробнее...