Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері («Педагогика» пәнінен ашық сабақ әзірлемесі)

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері («Педагогика» пәнінен ашық сабақ әзірлемесі)

Кундукова Маншук Тлеугазыевна, «Бизнес және сервис колледжі» КМҚК-нің педагогика және психология пәні оқытушысы, Семей қаласы

     Педагогика пәнінен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3-ші курс студенттеріне өткізілген ашық сабақ. Ашық сабақ тақырыбы: «Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы», бұл тақырыпты таңдау себебім: әлеуметтік қызметкерге өте өзекті, қажет, пайдалы. Отбасы ошақ қасы, асыл қазына, баланың шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, көз алдында өтіп жататын дүниесі. Студенттер үшін тақырып қызықты, маңызды. Сабақ проблемалық және сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін пайдалану арқылы өтті. 

      Бұл технологияның жұмысы - студенттің  еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, қатарластарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталғандығы. Студент әдістерді пайдалана отырып сабаққа деген қызығушылығы артып, өз ойын еркін, дәлелдей, зерттей отырып, тұжырым жасайды. Өзгенің ойын тыңдап, білгенін талдап, білмегенін естіп, салыстырып, реттеп, жүйелеп, өз бетімен және топпен шығармашылық жұмыс жасайды. Шығармашылық жұмыстар студенттерді ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

    Сын тұрғысынан ойлауды дамытудың мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнды сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл бағдарлама студенттердің  білім деңгейін көтеруде, шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада, дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. Сын тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған ойлау. Студенттердің де бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

    Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында топтық жұмыс үрдісіне байланысты міндеттеранықталады:
    1. Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады.
    2. Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды.
    З. Топтастарының сұрақтарына жауап береді.
    4. Қорытынды шығарады, өз пікірін дәлелдейді.

    Тәрбиелік мәні: өзара құрмет сезімін тудыру, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.

    Назарларыңызға «Педагогика»пәнінен ашық сабақ  әзірлемесін ұсынамын:

    Пән: Педагогика

    Тақырып: Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Білім алушыларға отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелділігі туралы түсіндіру, отбасы тəрбиесiнің негізгі мәселелері жөнінде түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан – тәрбиелік орта туралы түсініктерін кеңейту, белсенділік пен танымдылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету, ой-санасын қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар: Философия, психология

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: семинар

Құзыреттіліктер:

Базалық құзыреттілік: БҚ 1.2 Жеке қызметін ұйымдастыру, кәсіби міндеттерін орындау барысында ұтымды әдістер мен амалдарын таңдау , олардың тиімділігі мен сапасын бағалау.

БҚ 2.7 Тұрмыстық қызмет көрсетуде этикалық және эстетикалық мәдениетті сақтау.

Кәсіби құзыреттілік: КҚ 3.1.3. Әр – түрлі саладағы халықтарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету.

КҚ 3.1.4. Әр түрлі топ халықтарына әлеуметтік-психологиялық кеңес беру.

КҚ 3.1.8. Арнайы әлеуметтік көмек көрсету қызметкерлердің  қызметін  бақылау  және әдістемелік басшылық ету.

Құрал-жабдықтар: көрнекі құралдар, презентация, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар.

Сабақ оқытуда қолданылатын ұйымдастыру әдістері, технологиялар: АКТ оқыту  технологиясы, проблемалық оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, әңгіме, түсіндіру

 

Қолданылған  әдебиеттер:

1. . Пидкасистый И., Педагогика М., 2000

2. Ж.Б.Қоянбаев, Педагогика А.2002

3. Р.М.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000.

4. Е.Сағындықұлы, Педагогика (дәстүр курсы). - Алматы, 1999

5. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.

6. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983

7. Қ. Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.

8.  К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.

9.  Я.А.Коменский Ұлы дидактика

10. Құрманалина Ш. Педагогика А., 2007

11. www.libsid.ru

12.  www.znaytovar.ru

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын сұрау
  3. Жаңа білімді меңгерту
  4. Жаңа білімді бекіту
  5. Үйге тапсырма
  6. Бағалау 

Бөлімдер №

№ элемента

Сабақтың барысы

Әдістер

Формы

1. Ұйымдастыру

-  Сәлемдесу

-  Оқушыларды түгендеу

-  Сырт киімдеріне назар аудару

-  «Шаңырақ ойсергегін өткізу» (ленталар арқылы топқа бөлу)

Оқу – танымдық әрекеттерді ұйымдастыру

2.Үй тапсырмасын сұрау

Мұғалім – сынып жетекшісі, негізгі функциялары, жұмысының мазмұны

1. Сұрақтар иерархиясы. (Кластер толтыру)

а) Жеңіл сұрақ.

ә) Анықтамалы сұрақ – «Яғни сіздің ойыңызша, яғни менің түсінуімше...».

б) Түсіндірмелі сұрақ – «Неге?» деген сөзден басталуы қажет.

в) Шығармашылық сұрақ – «Егерде, осындай жағдай болса».

г) Бағалаушы сұрақ – «Неліктен сіз бұны осылай ойлайсыз, неліктен жақсырақ деп ойлайсыз?».

Д)Практикалық сұрақ – «Сіз не істер едіңіз?»

2. Компьютерде тест орындау.

3.Телеграмма әдісі. (хатты толықтыру)

4. Постер қорғау. «Мұғалім-сынып жетекшісі»

3. Жаңа тақырып

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.

1. Бейнежазба. «Отбасы» (1м.)

Отбасы сөзіне ассоциация жасау.

2. Жаңа білімді беру әдісі, түсіндіру әдісі, сұрақ-жауап әдісі, қолдану.

3. Микромінездеме әдісі.

4. Әр топқа тапсырма:

а) РАФТ әдісі. «Отбасы – асыл қазына»

ә) Фишбон әдісі

б) Джиксо әдісі.

в) «Бақытты отбасы» көрініс.

5. Сергіту сәті. «Ой сергек»

Логикалық сұрақтар.

6. Кейіпкерге хат. «Ата – анаға хат»

7. Синквейн әдісі. 5 жол өлең құрастыру.

4. Бекіту

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.

1.Оза тапсырма. (1.Колледждегі жас отбасылар санын анықтау.)

2.«Отбасым - алтын діңгегім» атты тақырыпқа өлең жолдарын құрастыру.

3.«Менің отбасым» атты видеоролик құрастыру.

2.Жағдаяттар.

3.Бекіту сұрақтары.

5.Үй тапсырмасын беру

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы.

Әр топқа жеке тапсырма:

1. «Отбасы - бастапқы тәрбие мектебі» сәйкес келетін мақал – мәтел жазу.

2.«Айнамен жалғыз қалғанда....» (Өз-өзіңе есеп беру түріндегі ойтолғау)

3.«Бақытты отбасы» тақырыбына сурет салу, бейнежазба.

4. «Менің отбасым» шығарма.

6. Қорыту

Бағалау

Сабақты аяқтау

Рефлексия

1.Оқушылардың білімін бағалау

2.«Екі жұлдыз, бір тілек» (Тілек ағашына ілу)