Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Әскери-патриоттық тәрбие беру – жауапты іс

Әскери-патриоттық тәрбие беру – жауапты іс

Изамеденов Қайрат Асқарұлы,  «Ш.Уәлиханов атындағы Сарыөлең орта мектебі» КММ-нің әскери жетекшісі, Күршім ауданы

    Қазақ халқының туған жерге деген сүйіспеншілігі аса қасиетті! Әр адам өз Отанымен бақытты. Отанды сүйе білмеген адамды бақытты деп айтуға болмас. Өйткені, құрмет те, бақ та, даңқ та, атақ та Отанды сүюден басталса керек. Қазақстанның әр азаматы өз Отанының көркейіп дамуына, оның өркендеп жетілуіне, өз ұлтының салт-дәстүрлерінің сақталуына ат салысады. Бұл істермен оның патриоттық сезімі көрінеді.
    Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қанымен қорғап, бізге аманатқа қалдырған атамекенімізді, біз, келер ұрпаққа көзіміздің қарашығындай абыроймен сақтап, көркейтіп, дамытып қалдыруымыз керек. Біздің болашағымыз үшін жас өмірлерін құрбан еткен, қан майданда жасаған ерліктері үшін тарихымызда өшпес із қалдырған ата-бабаларымызыдың алдында мәңгі қарыздармыз!

 

    Еліміздің Ата Заңының 36-бабында: «ҚР қорғау – оның әрбір азаматының парызы» деп көрсетілген. Еліміздің лайықты қорғаушысы болу – абыройлы да, күрделі іс. Қазіргі заман талабына сай отан қорғаушысы Отаны мен демоктариялық идеяға, өз халқына шексіз берілген жоғарғы моральдық-саяси және жоғарғы жауынгерлік қасиеттерге ие қару мен әскери техниканы шебер меңгерген, дене күші шыныққан, тәртіпті, өз ісінің дұрыс екендігіне кәміл сенімді білімді азамат болуы тиіс.
   Жасөспірімдерді мектеп қабырғасынан бастап әскери қызметке дайындау, өз Отаны Қазақстан Республикасы алдындағы, халқы алдындағы парызын ұғындыру АӘД пәнінің негізі болып табылады. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат жастарды қазақстандық патриотизмге, Отанға, Қарулы күштерге деген сүйіспеншілік, әскери борышты мүлтіксіз әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталған.
    Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында мектепте АӘД және сыныптан тыс іс-шаралардың берер пайдасы зор. Әсіресе, тыл еңбеккерлері мен ауған соғысының ардагерлері, жоғарғы әскери оқу орындарда оқып жүрген курсанттармен кездесу оқушылар жүрегіне патриотық сезім ұялатады. Әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарға енгізілген: «Жас Ұлан» әскери-спорттық сайысы, «Айбын» әскери-патриоттық ойыны және Ауған соғысының ардагерлерін еске алу турнирлері ауданымызда жоғарғы деңгейде өткізіледі.
   Мектебіміздің әскери-патриоттық «Бүркіт» клубы ауданымызда жоғарғы көрсеткіштерге жетіп, аудан құрама командасының сатысында, облыста өнер көрсетіп жүр.
    АӘД пәнінен теориялық білім алған оқушылар 5 күндік оқу - дала жиынында өзін жауынгер ретінде сезініп, практикалық түрде көрсетеді.
   Жеткіншекке ұлттық тәрбие бере отырып, егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, білімді қазақ азаматын тәрбиелеу қажет. Келешек қоғам иелерін жан-жақты, ақыл-парасатымен өнерлі де саналы замат етіп тәрбиелеу менің қоғам алдындағы борышым деп білемін!