Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Бала тәрбиесі баршаға

Бала тәрбиесі баршаға

 Аманова Жанар Амирбековна, «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі, Өскемен қаласы

      Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар.  Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күн талабы. Балалар үйінде тәрбиеленушілер өмір сүруге қажетті барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенімен, дара бағыттағы үлкендердің эмоциялық қарым-қатынасының тапшылығы, ортаға бейімделуіндегі психологиялық қиындықтар олардың жан-жақты дамуын баяулатуы мүмкін.

      Балалар үйіндегі тәрбиеленушілермен жұмыс жасау барысында  мынадай шаралар ескерілу тиіс:

     -   жұмыс барысында қолданылатын педагогикалық бағыттың мазмұнын, түрін, тәсілдерін қамтамасыз етуді;
     -   жеке тұлғаға әсер ететін балалар мен үлкендердің қарым-қатынастарының дұрыстығына бағытталған педагогикалық іс-әрекеттілікті ұйымдастыруды;
      -  бұзақылық жасаған жасөспірімдерге көмек беруге,  қайта қалпына келтіруге жағдай жасау.

       Сондықтан олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіре отырып, абыройларын, ар-ождандарын құрметеуге рухани-адамгершілік пен әдептілікке баулу, адамды сүйе, сыйлай, құрметтей, қадірлей білуге үйрететін көптеген шаралар ұйымдастырылуда.
      «Үміт» балалар үйінде мемлекеттік тілді үйретіп, оны құрметтеуге баулуға, қазақ халқының салт-дәстүріне, әдет-ғұрыптарын үйретуге көп көңіл бөлінеді. Әсіресе, балалар үйінің арасындағы тәжірибе алмасу барысында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында сабатар өткізіледі. Балалар үйінде өтетін барлық мерекелік байқауларда балалардың қазақ тілінде көркем сөздерді шебер орындауларына баса назар аудара отырып дайындау басты жолға қойылған.
      Бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауға бағыттайды.
      Әр бала – керемет күш иесі! Сондықтан  мұндағы ұстаздар тек педагог ретінде ғана емес, әр балаға рухани күш ретінде  сеніммен  қарайды. Қарап қана қоймай, оларды  жеке тұлға ретінде дамытуға барлық күш-жігерлерін салады десем артық айтқандық емес.
     Балалар үйі өзіне тән жұмыс ерекшелігі бар - өте маңызды балалық шақ аумағы. Мұнда жұмысқа орналасқан кезде мен балалардың  «ата-аналарының орнын баса аламын ба?» олар «мені өз отбасыларына қабылдай ма?», деген ойлар жиі мазалады... Бірақ уақыт өте келе, оларды тек менің төзімділігім, жүрек жылуым мен махаббатым ғана баурап алды. Мен өзімнің жұмысым мен өз тәрбиеленушілерімді өте жақсы көремін.  Оларды тәрбиелеуде  ішкі жан дүниесін  ашуға көмектесуге тырысамын. Балалар үйінің тәрбиеленушісі - тәрбиешісін анасы, досы, ұстазы деп таниды. Бүгінгі күні менің байқағаным: балалар үйінің тәрбиеленушісі сүйіспеншілік пен сенімділіктің, шыдамдылық пен қолдаудың арқасында ғана өз мүмкіншіліктері мен талаптарын және өз күштеріне сене алу қабілеттерін шыңдай алады және бұл сүйіспеншілік күші күйрету емес, жақсылыққа бағыттайды.
    Балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет ету оңай сияқты көрінетін шығар. Менің ойымша, жаныңның жарасының орнын ешқандай жалақы толтыра алмайды. Бүгін міне жиырма жеті  жылдан аса уақыт өткен соң түсінгенім: балаларға деген сүйіспеншілік, өзіңе деген сенім,  шыдамдылық, болашақтан үміт күту, ең басты мақсат. Балалардың жәудіреген көздері, бауыр басып алулары балалар үйіндегі жұмысымды тастап кетпеуіме себеп болды. Өйткені, бұл менің мамандығым! Өйткені, бұл менің жұмысым! Өйткені, мен бала тәрбиелеп отырған анамын! Сондықтан балалармен жұмыс мен үшін бір ғанибет!
     Мен өз мамандығымды мақтан тұтамын және тақырыпта айтылғандай «Мамандығым – мақтанышым!» деп зор ықыласпен айтамын.

Бүгінгі күні денім сау, өзіме ұнайтын, өзімді қызықтыратын жұмысым, сүйікті ұжымым бар. Мені сыйлайтын және әрқашан түсінетін, менің сенімді достарым бар. Үлгілі, сүйікті жанұям бар. Өмірге, Аллаға ризамын!

      Оқушылар тәрбиешілердің қолдауының арқасында көптеген сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иемеденуде. Мәселен, Кузьменко Кира және Чинпулатова Карина «Таңшолпан» IX Республикалық балалардың музыкалық сайысына белсене қатысқандары үшін алғыс хатпен марапатталды. Облыстық интеллектуалдық «Айналайын» байқауында III орын алғаны үшін  Кузьменко Кира грамотамен марапатталды. Ағылшын тілі пәнінен облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсында I  орын алғаны үшін Гредина Алина грамотамен марапатталды. 2016ж. облыстық интеллектуалдық «Айналайын» конкурсында III – орын алған үшін  Кузьменко Кира грамотамен марапатталды. 2017ж. өте жақсы оқыған үшін Мақтау қағазымен Кузьменко Кира марапатталды.
     Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектерге тілектестікпен қарау; жағымды қасиеттеріне сүйену; адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену; салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану; балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастырылған. Олармен әртүрлі үйірмелерге қатыстыру арқылы бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған түрлі үйірмелер ұйымдастырылуда.  Сондықтан балалар үйіндегі педагогтердің жұмысы  - ең алдымен  жасөспірімдердің  жүрегіне жол таба білу қажет. Олардың  жүрегіне жолды сөзбен де, айла, әдіс-тәсілмен де, балаға деген  жүрек  сезімі – махаббатпен де табуға болады. Жылы-жылы сөйлессе жібімейтін жүрек жоқ, тек соған апарар жолды таңдай білуіміз керек. Сондықтан  балалар   үйіне  тәрбиеленіп жатқан балаларға ұйымдастырылған адамгершілік тәрбие жасөспірім бойында қажетті мінез-құлық қалыптастырып, қоғамға пайдалы әрекет етуді, оның алдағы уақытта өмірден өз орнын табуына септігінтигізері сөзсіз.
     Бұл мәселеге педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарасақ, балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік, парасаттылық тұрғыда қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу  яғни  моральдық-адамгершілік білімдірін  жандандыру әр педагогтің міндеті деп ойлаймын.