Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Балалар үйі тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбие беру мәселелері

Балалар үйі тәрбиеленушілеріне патриоттық тәрбие беру мәселелері

 Терликбаева Галина Амангельдиновна, «Үміт» балалар үйінің тәрбиешісі, Өскемен қаласы

     «Бақыт деген сенің бала күндерің» депМұқағали Мақатаев айтқандай, Балалық шақ – қамсыз, мұңсыз, қызықпен өтетін бақыттыбалалық болуы тиіс. Бірақ та балалық шағындаата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға үкімет тарапынантүрлі қолдаулар көрсетілгенімен, ата-анасыныңорнын алмастыра алмайтыны белгілі. Балалар үйі барлық мемлекеттерде бар. Десек те қазақ – ежелде жетімін қаңғыртпаған, жесірін тентіретпеген халық.


Еліміздің болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады.
    Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен. Ұлттық педагогиканы мұрат тұтқан Ш.Әленұлы «Педагогика кітабында»: «Патриоттық тәрбиені сабақ процесінде де, сабақтан тыс тәрбие саласында да үзбей беру керек. Ұлттық мектептің алға қойған ең негізгі мақсаты, маңызды міндеті де осы болмақ» деген еді. Мен көбінесе ұл балалар тобында жұмыс істегендіктен мен оларға қатаң талап қоя отырып, аналық қамқорлығымды көрсетуге тырысамын. Сондай-ақ, оларға патриоттық тәрбие беруге байланысты көптеген шаралар ұйымдастырылып отырады. Солардың бірі "Ерлік сабақтары" апталығының іс-шаралар жоспары бойынша "Ер есімі - елге мұра, ұрпаққа ұран" тақырыбында 28 батыр-панфиловшыларға бұрыш жасақталып, "Барлық бала бейбітшілікті аңсайды" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сонымен қатар әндер байқауы, әдеби-музыкалық сазды кештерұйымдастырылды.
    Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын. Отанымыздың аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
    Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызмет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білуі, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар оқушылар мектеп қабырғасында жүріп–ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады.

    Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан–ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. «Ұлттық патриотизм» және «Қазақстандық патриотизм» ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділгі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз –бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну.
    Сөйтіп, «ұлттық патриотизм және «қазақстандық патриотизм» ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы, саяси көзқарасы, т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін - «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық,оның заңдарында бас ию, рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану, кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады.
       Әр баланың бойындағы ерекшеліктерін ескере отырып, оны ары қарай дамытуда жүйелі түрде жоспармен жұмыс жасаудамыз. Өзімнің тәрбие жұмысымда халық педагогикасын қолдана отыра, балаларды рухани адамгершілік бағытында тәрбиелеу мәселелерін де назардан тыс қалдырмаймын. Күнделікті жұмысымда ұл балаларды қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасаймын. Балаларға әртүрлі әңгіме жүргізу арқылы топтағы балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, тәртіп мәдениетіне, еңбекке баулуға тырысамын. Жеке бас гигиенасына, салауатты өмір салтына, шынығуға көп көңіл бөлемін. Соған байланысты өз тобымда: «Адам еңбекпен әйгілі», «Күн тәртібі», «Амандаса білу мәдениеті», «Тіс тазалығы», «Дене тазалығының гигиенасы», «Сыпайы болайық», «Темекі шегудің зияны» атты жиындар өткізіліп тұрады. Мұндай шаралар балалардың танымдылық қызығушылықтарын арттырып, олардың ақыл-ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыруға өзіндік септігін тигізеді. «Үміт» балалар үйінде өтетін барлық шараларға оқушылар қызығушылықпен белсене қатысады.
    «Үміт сұлтаны» сайысына балалар ұйымдастырылып, қатысушылар жүлделі орындарға ие болады. Ұл балалар тобында жұмыс істегендіктен, өз ұлдарына қатаң талап қоя отыра жұмыс жасайды. Өзінің тәрбие жұмысында этнопедагогиканың негіздерін пайдалана отыра, ұлттық мерекелерге, тілге көп көңіл бөледі. Елбасының тілдердің 3 тұғырлығы мәдени жобасын өзімнің әрбір сабағымда пайдалана отырып жүргіземін. Бұл күндері шәкірттерім «Үміт» балалар үйінде өтілетін барлық мерекелерге белсене қатысады. «Тәуелсіз Қазақстан поэзия мен музыка әлемінде» атты фестиваль, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», «Менің арманым», «Электромагниттік толқындардың ағзаға тигізер әсері», «Поляна детства», «Табиғат біздің үйіміз», «Что в жизни зависит от меня», «Салауатты өмір салты» , «Иманды ұл, инабатты қыз елдің көркі», «Өнер өмір жемісі, «Тарихи тұлғаңды танисың ба?» атты тәрбиелік шаралар өткізу дәстүрге айналды.
    Сонымен қатар педагогикалық, әдістемелік кеңестерде баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөліседі. Педагог қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерді қолдана отыра жұмыс жасайды. Тәрбиеші өз тобында балалармен тіл табыса алу үшін аянбай еңбек етеді. Ұлдар тобында жұмыс жасай отырып, тәрбиеленушілерінің спортпен щұғылдануына көп көңіл бөледі.
    Осы тәрбие жолында жоғарыда айтылып кеткен тәрбие мектептері балаларға патриоттық үлкен рөл атқарады. Халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі - мәдениет, әдебиет, дін, салт-сана, тіл деген ең негізгі құндылықтардың беріктігіне келіп тіреледі.