Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Ел боламын десең, бесігіңді түзе

Манасбаева Арайлым Әуелхановна, ШҚО білім басқармасы «Үміт» балалар үйінің қазақ тілі пәнінің маманы

Ұлттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам ғана жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына сіңіріп өседі. Бүгінгі жаһандану дәуіріндеұлттық тәрбиенің іргетасы қазақ халқының алты алашынан бастау алған. Ұлттық тәрбие – баршамызға ортақ іс. Озық жетістіктерге негізделген білім нәрімен қатар, ұлттық тәрьие құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңінен таразылап, болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретінде танылатыны анық.

 

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Асанқайғыдан бастап Абайға дейінгі алып тағылым кеңістігіндегі қазақ ғұламаларының тәлімгерлік идеялары – қазақ қанымыз бен ұлттық намысымызға сіңген мәңгілік рухани құндылықтар ошағы болып қала бермек. Ұлттық тәрбие жөнінде Абай, Ыбырай және Шоқан мұраларының шоқтығы биік. Оларды рухани ұстазы санаған А.Байтұрсынов, Шәкәрім, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ш.Әлжанов және басқа қазақ зиялы қауым өкілдері ұрпақ тәрбиесі жөнінде аз еңбек жазған жоқ. Сол мақсатта олар мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар, әдеби шығармалар жазды.

Ұлттық тәрбие атауын алған әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгізген Мағжан Жұмабаев болды. Ол өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрьиесі. Әрбір ұлттың баланы тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болмағандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті...», дегенді айтады. Сонымен қатар «Тәрбиеші мен мұғалімнің тек өз ұлтының ғана тәжірибесімен ғана таныс болуы – бірбеткей ішкі тәрбиелер» дей келе, түрлі ұлттың түрлі замандағы ғалымдарының ойларымен терең таныс болуларын ұсынды.

Әлемдегі аса ауқымды құбылыстардың бірі – жаһандану дәуірінің білім жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезеңінде – адамзат ұрпағының тағдырына деген алаңдаушылығы мен жауапкершілік сезімдері толастаған емес. Қазіргі кезде балаларға білім мен тәрбие беру орындарында осы мақсатта заман талаптарына сай жалпы тәрбие жүйесі ұлттық рухани үрдістің негізінде құрылып, жұмыстар атқарылуда. Егеменді еліміздің болашағы -бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайында білім алып жатқан жасөспірімдеріміз ғылыми-техникалық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, ұлттық-рухани, діни-философиялық тұрғыда жан-жақты білім алып, еліміздің әлем алдындағы жарқын келбетін құраушы ұрпақ болуы тиіс. Халық педагогикасының ұрпақтың жан-жақты дамып-өсуіне, таным кеңістігінің ұлғаюына зор ықпалын тигізіп жатқанын педагогика ғылымы жоққа шығармайды. Мектептегі оқушылар ұжымының негізгі қалыптастырушы күші – оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, оқушылар қауымының қоғамдық пікірін қалыптастырады.

Ұлттық тәлім-тәрбие ата-бабаларымыздың көне дәуірден бүгінге дейін жас ұрпақ өкілдеріне жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық қасиеттер негізінде сапалы білім, саналы тәрбие беру жөніндегі тәжірибелер жиынтығы деп анықтама беруге болады. Біздің ойымызша, ұлттық тәлім-тәрбие дүниесін қалыптастырушы екі заңдылық бар. Біріншісі - халықтың тәлім-тәрбие жетістіктерінің жалпыадамзаттық ой-таным мен ұлттық психологиясымен бірлігі мен тұтастығы, екіншісі -  аталмыш дүниелер синтезінен туындаған әдіс-тәсілдер жиынтығы.

Әлемдегі барша халықтың өкілдері өз бойындағы барлық асыл қасиеттері мен құндылықтарын өскелең ұрпағының санасына сіңіруді ғұмыр бойына мақсат етіп келеді. Классикалық жабза әдебие пен халықтық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі тартымды кейіпкерлерлдің бойындағы ізгілік, махаббат, бақыт, өмір мен бостандық үшін күрес, әділдікті, шыншылдықты, адалдықты жақтау, елін, жерін сүю, еркіндік пен адам құқығын қорғау, біріншіден, әрбір ұлттың бойындағы бар асыл қасиет болып саналса, екіншіден, ол барлық ұлттарға, бүкіл өркениетті адам баласына тән гуманистік қасиет. Әлімдік өркениет – ұлттық озық мәдениет үлгілерінің жиынтығынан құралады. Олай болса, ұлттық әдебиет пен ұлт мәдениетінде марапатталатын озық үлгілі адами қасиеттердің әлемдік өркениетпен ұштасуы – ұлттық патриоттық сезімдердің, бүкіл адамзат ұрпағын сүюге негізделген интернационализм идеясына ұласуы табиғи заңды құбылыс. Қазақстанда халық педагогикасына қатысты тұңғыш зерттеулерге А.Х.Мұқамбаева, И.Оршыбеков, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Қ.Сейсембаевтың еңбектері жатады.

Ұлт болашағы – жас ұрпақтың қамын әуел бастан ойлаған әр этнос – өне бойындағы барлық асыл қасиеттерді ұрпағының санасына сіңіріп, өркениет мәдениетінде теңдесі жоқ рухани қазынасын сақтай білді. Даналық сөздерімен оза білген қазақ халқында «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген сөз бар. Біз халықтың нақыл сөзінен сусындаған, аталар сөзімен өсіп-өнген, бабалар, даналар өсиетінен тәрбие алған, ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен дана халықтың ұрпағымыз. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі – жалпыадамзаттық іс. Сондықтан бүгінгі жас ұрпаққа ұлттық мүдеге сай тәрбие беруде баршамыз бірге күш салып, ұлттық тәлім-тәрбие саласында үлкен ізденіспен еңбек етуіміз қажет.