Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Рухани жаңғыру

Т.У.Аткинсон зерттеулерінің Ұлы Дала құндылықтары қалыптасуына ықпалы

Мусабекова Гульнара Амангельдиновна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалдиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі

Рухани жаңғыру аясында еліміздің бай тарихы мен шежіресін зерттеп халыққа таныту ауқымды жұмысты талап етеді. Тарих қойнауында жатқан оқиғалар мен өмір сүріп, еңбектерімен халыққа қызмет еткен сан-қилы адамдар Ұлы Даламыз бен бай тарихымыздың құндылыңын молайта түседі.

Осыған үлес қосқан ағылшын саяхатшысы, суретшісі Томас Уитлам Аткинсон.  Т.У.Аткинсон 1848-1852 жылдарда  Қазіргі Шығыс Қазақстан өңірі, Қапал, Жоңғар Алатаулары өңірінде болған ол табиғаттың тамаша көріністерін суреттеп, көзімен көрген оқиғаларды баяндап жазып және ол өзі өте шебер суретші болғандықтан  көптеген суреттер  салып қалдырған. Томас өз саяхатында Сібірден бастап қазіргі Шығыс Қазақстан жерінің өңірлерін жүріп өткенде кездескен жер-су аттарын да ерекше колоритпен жазып кеткені байқалады.

Подробнее...

Латыннегізді әліпбиді қолданысқа енгізу – қазақ тілінің өркендеуінің кепілі

Зайсанбаева Гульнар Нигметовна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ

Білім беру үрдісін психологиялық-педагогикалық ілеспелеу

кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Подробнее...

«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын жүзеге асыру –білім алушылардың түлғалық дамуының негізі

Зайсанбаева Гульнар Нигметовна, "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы

«Жағдайды өзгерте алмасаң, өзіңді өзгертуге тура келеді»

Виктор Е. Франкл

«Елу жылда ел жаңа» - дейді халық даналығы. Бүгінгі өмір сүріп жатқан қоғамда азаматтардан күнделікті жаңаруды, өзгеруді талап етуде. Бұл - уақыт талабы. Өзгерістер адами капиталдың сапасын қамтамасыз ететін білім беру жүйесі арқылы қарқынды жүзеге асырылады. Сондықтан да орта білім беру жүйесінде жастардың өмірден өз орнын таба білетін, қоғамдық қарым-қатынаста үш тілде еркін байланыс орната алатын, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген, сол арқылы өзінің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын тұлғаға бағытталған ортаның қалыптасуы маңызды болып табылады.

Подробнее...

Дана халқымның дара музыкалық мұрасы - домбыра

Адамбаева Галина Қарасайқызы, Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қызметкері

Халықтың өз тарихи тамырын танып-білуінде музейлердің атқарар қызметі ерекше. Өйткені олар халықтың әр замандағы тұрмыс тіршілігінің құндылықтарын сақтаумен ерекшеленіп отыр. Бүгінгі Шығыс Қазақстан өнер музейіндегі «ЖЕР ЖАҢҒЫРЫҒЫ» атты көрмеде халқымыздың өткені мен бүгінгі замандарындағы музыкалық өнерінің деңгейінен мол мағлұмат беретін экспонаттар қойылған. Экспонат дегеніміз көпшіліктің ықылас- зейінін үйіретін, сана-сезімін нұрландыратын баға жетпес асыл мұра. Адам өмірінде оның рухани азығы ол – өнер. Әр халықтың ұлттық музыкалық аспаптары сол халықтың тағдырымен,тарихымен тікелей байланысты.

Подробнее...

Ұлттық ойындар –мәдениетіміздің байлығы

Кенжина Алмагуль Муслимкановна, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың ғылыми қызметкері 

Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Ұлттық ойындар арқылы өз халқының тарихын, даму сатысын, әдет-ғұрпын айқындап көруге болады. Балаларға ұлттық ойындарды үйрету арқылы әділдікке, достыққа, сыйластыққа, кішіпейілдікке, яғни адамгершілік қасиеттері де дамиды.

Подробнее...