Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Рухани жаңғыру

Гуманитарлық пәндерді оқытудағы музейлердің рөлі

 Оканов Айдын Кайырканулы,  Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Күршім ауданы  

           Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу ұсынылған.
          «Туған жерге деген сүйіспеншілік нені білдіреді, жалпы, бағдарламаның мәні неде? Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді  абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді. Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі.

Подробнее...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы «Отаным - тағдырым» базалық бағыты негізінде елжанды тұлға қалыптастыру

 Төкенова Әсел Нұрланқызы,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»  КММ-нің мұғалімі, Өскемен қаласы 

    Өзектілігі: Жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім берудің бәсекелестікке қарсы тұру деңгейін арттыруға бағытталған диалогқа қатыса алатын ұлттық сана-сезімі мен азаматтығы, патриотизм деңгейі жоғары оқушыларды тәрбиелеу.Патриотизмгетәрбиелеуқазір жалпы білім беру стандартында да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы кіріктірілген. Сондықтанда қазіргі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөліктері «Тәрбие және білім», «Атамекен» бағыттарында Елжанды тұлға қалыптастыруға ерекше мән беріліп отыр. Аталмыш тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу бүгінгі таңда қоғамдық сұраныстан туындаған, сондықтан да жоба тақырыбы өзекті.

Подробнее...

Мәңгілік Ел – ел мұраты

Ибраимова Шолпан Сагындыковна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойыша ПҚ БАИ-дың «Мұғалімнің кәсіби дамуын   психологиялық-педагогикалық ілеспелеу» кафедрасының аға оқытушысы

        Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда, өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байыту өзекті мәселелердің біріне айналды. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды [1]. Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Подробнее...

Применение идей программы «Рухани жаңғыру» на уроках общественных дисциплин

 Есембаева Г.Т., преподаватель общественных дисциплин КГКП «Колледж радиотехники и связи», г.Семей

       О «модернизации общественного сознания» говорят с момента выхода стратегической статьи Президента «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру». Если прежде все государственные реформы в стране были направлены на конкретные сферы, принцип работы которых людям более или менее понятен – политика, экономика, то теперь, когда речь зашла о модернизации сознания целого народа такой территориально крупной страны как Казахстан, начались бурные обсуждения Послания Президента.
       От государства, общества, педагогического сообщества в том числе, требуется осознанное понимание того, что формирование нового поколения образованных, высококвалифицированных, конкурентоспособных специалистов и дипломированных ученых, ориентированных на активные действия по сохранению стабильности, независимости и безопасности нашего государства, способных строить конструктивный диалог с представителями других культур невозможно вне воспитания у них высокого уровня национального самосознания, национального духа, духа патриотизма, гражданственности и социальной активности, развитого исторического сознания и социальной памяти.

Подробнее...

Айтыс - сөз өнері

Тұрғанбаева Алмагүл Кеңесқызы, «Балауса-Балғын» ясли-бақша тәрбиешісі,  инновациялық бағыттағы «Атамұра»  қоғамдық сөз өнері үйірмесінің жетекшісі, Ақжар ауылы, Тарбағатай ауданы

       Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеуде «Балауса-Балғын» ясли-бақшасында «Атамұра» үйірмесі 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. «Атамұра»  қоғамдық сөз өнері үйірмесінің өзекті тақырыбы: «Айтыс өнеріне, тіл шешендігіне баулу».

     Мақсаты:
       1.Балалар фольклоры жанрлары арқылы балалардың ойын ұштап, қиялына қанат беріп тапқырлыққа, шешендікке баулу.
       2.Халықтың тұрмыс-салты, мәдени ерекшелігіне байланысты туып қалыптасқан ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы –айтыс өнеріне баулу.
      3.Қарт Тарбағатай тауының табиғаты, тарихы, аңыз-дастандар жайлы айта отырып туған өлкеге деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.Үйірме жұмысында қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі ұлттық құндылықтарды құрайтын балалар фольклорын дәріптеуде мазақтамалар, сұрамақтар, арнау-тілек  өлеңдері, қаламақтар, балбұл сөздер, тыйым сөздер, өтірік өлеңдер, мақал-мәтел айтыс, мысал айтыс, наурыз айтыс, жұмбақ айтыс, айтыс ойындары жопарланған.

Подробнее...