Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Рухани жаңғыру

Тәуелсіз елдің тұғыры биік

Тлеубердинова В.М., «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ бас маманы

«Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы».
Ж.Аймауытов

          Осыдан жиырма жеті жыл бұрын егемегендігімзді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы біздің, яғни қазақ халқының аңсаған арманы еді. Отанымыз осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
           Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихымызды ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

Подробнее...

«Рухани жаңғыру» аясында оқушыларды ұлттық құндылықтарымыз арқылы шығармашылық жұмыстарға баулу

Нурпеисова Асель Алексейқызы, «А.С. Пушкин атындағы орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, Ұлан ауданы

 «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». 
Н.Назарбаев. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы біздің өміріміздің барлық саласына қатысты деп ойлаймын. Білім саласы, соның ішінде, ұстаздар үшін алатын орны ерекше, себебі біз шәкірттерімізді Отанға, еліне, халқына деген сүйіспеншілікке тәрбиелейміз, рухани өсуіне мүмкіншілік жасаймыз. Елбасы «әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай» деп атап көрсеткендей, оқушыларды ұлттық құндылықтарымызды қадірлеуге, сақтауға тәрбиелеу – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің басты міндеттерінің бірі. Бүгінгі мақаламда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бағыттарын өз сабағымда қалай қолданамын, неге баса көңіл аударамын деген сауалдарға тоқталмақпын. «Алдымызда отырған шәкірт – еліміздің ертеңі» деген сөзді жиі айтамыз. Бірақ, осы шәкіртіміз елімізді көркейту үшін, Отанына қызмет істеу үшін біз мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ ата-анамен бірлесе отырып, оның бойына ұлттық құндылықтарымызды, отансүйгіштік қасиеттерді сіңіре білуіміз керек, алған білімін өмірмен ұштастыра отырып, тәрбиелеуіміз керек, сонда ғана бүгінгі шәкіртіміз елімізді көркейтетін азамат, тұлға болып ер жетеді деп ойлаймын. Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы арқылы білім беретін сыныптарда сабаққа қойылатын талаптар, сабақ мақсаттары, нәтижесінің бәрі жеке тұлғаның өз ойын дәлелдей білуіне, туындаған мәселелерді шеше білуге бағытталған. Сонымен бірге, ұлттық дүниетанымымызды бағалай білуге баса назар аударылады, қысқа мерзімді сабақ жоспарында «Құндылықтарға баулу» бөлімі жеке көрсетілген.

Подробнее...

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында жүзеге асырудың маңызы

Сейтказина Рысгуль Сейтбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ-дың «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы 

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында жаңа жүйе құраушы «Мәңгілік Ел» құндылығын жалпыұлттық патриоттық идеясы ретінде ұсынды.
«Мәңгілік Ел»Жалпыұлттық идеясының миссиясы мен құндылықтары оқу-тәрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде  жүзеге асырылуда. «Мәңгілік Ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алуды енгізу болып табылады.

Подробнее...

Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын ұлттық құндылықтар негізінде оқыту

Құрманова Жұпар Сақановна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.
Қаматаева Сауле Төлегеновна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ  аға оқытушысы

Болашақта ел тізгінін ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі. Ел жастарының патриоттық сезімін, білімі мен біліктілігін, дағдыларын, ізгілік қасиеттерін, дүниетенымдық көзқарасын, жағымды мінез-құлық нормалары мен сыпайы эстетикалық қарым-қатынастарын ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу ұлттық білім беру жүйесінің  басты міндеті болып табылады.

Подробнее...

«Үш анық» философиялық трактатындағы этикалық негіздер

 Кешубаева Ә.А., , С.Аманжолов атындағы ШҚМУ магистрі

    Шаһкәрім Құдайбердіұлы – қазақ руханиятында ерекше орны бар ақын, философ, тарихшы, ағартушы. Өз еңбектерінде адамгершілік, ар-ұждан тақырыбын тереңнен қозғаған мұсылмандық философия өкілінің қазақ этикалық категориясының қалыптасуына зор ықпалын тигізіп кеткен еңбектері аз емес. Солардың бірі – «Үш анық». Ол – Шаһкәрім Құдайбердіұлының 28 жыл бойы жазған еңбегінің жемісі болып табылатын философиялық трактат.

Подробнее...