Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру - Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асыру

Абенов Болат Балтанович, «Приречное жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы

       Батыс пен Шығысы да, оңтүстіктің шырайлы аймағы, солтүстіктің егінді алқабы байлық қазынаға кең, жаны жайсан дархан халық қазақ халқы біздерміз. Біз бірге болсақ үнемі жетістікке жетерміз, шыңайы шындықты ту еткен арда халық сақ, ғұн, қаңлы, үйсін, сармат, көк түріктің, қайтпас көкжал арлан ұлттың ізіміз. Жетістіктің бастауы береке демекші, 130 дан астам ұлттың ұйытқысы болған қазақ халқы қайсар, дана, ержүрек сол бір тектілердің ұрпағы екенімізді мақтаныш тұтамыз. Рухани жаңғыру дегеніміз- қайта түлеп, қайта өрлеу ұмыт қалған тарих парақтарына бұлжымас дәйекті деректер мен толықтыру. Жалпы өркениетті елдерден экономикалық даму бағытын үйреніп, біздің құндылықтарымызды өзге елдерге дәріптей отырып, олардың жоғары бағасын алу үлкен жетістік.  Біздің, Қазақстан Республикасының алар асуы алда, дамыған озық ел болармыз. Әлеуметтік жағдай түзеліп, мәдениетіміз ешбір елден кем түспес мемлекет біз боламыз мен соған сіздерді сендірмекпін. 

Подробнее...

Жыр-шашу: «Бағаналы орда, басты орда» (Қазақстан Республикасының елордасы-Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналады)

Шаяхметова Камшат Кенжеканкызы, А.Орманбетов атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің тәрбиешісі, Зайсан ауданы 

"Ақиқатында біздің жайымыз ісімізден танылады. Сендер біздің құдыретімізге күдіктенсеңдер-зәулім ғимараттарымызға қараңдар".
Әмір Темір 

Көрді талай халқым менің қасірет пен қайғы-мұң,
Сонда-дағы киелі елім құдіретің ғажап тым.
Қанмен жазған, термен жазған тарихы бар қаншама,
Айбынысың Астанам Мәңгілік ел қазақтың.

Ғажабын көрдік кеше ғана ЭКСПО деген пейіштің,
Астананың көркін көріп, шетелдікпен көрістім.
Сондықтан да көркейтуге үлес қосып мен-дағы,
Сені барша мына әлемге танытуға тиіспін.

Подробнее...

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы жаңа тәрбиелік ұстанымдар

Ибраева Гүлназ Найманғазықызы, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы 
Сұлтанбекова Амангуль Керейханқызы, «№2 Ақсуат орта мектебі» КММ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін күрделі тарихи-мәдени оқиғаларға толы шиеленісті ғасыр болып ел есінде қалды. Соның ең бір қасіреттісі кеңес қоғамында ұлттарды жоюға жүргізілген зұлым саяси науқан. Сонау 18 ғасырда әлем елдеріне мәшһүр болған, француз революциясы тудырған «бостандық, теңдік, туысқандық» атты асыл ұғымдарды алға тартқан Алаш арыстары халық санасын оятуға бар күш-жігерін салды. Алайда ат төбеліндей ғана азшылықты құраған зиялы топ өкілдері өздерінің мақсат мүдделеріне жете алмай арманда кетті. Бірақ та сол армандарының болашақта орындаларына сеніп өтті. Бұл сенім ХХ ғасырдың аяғында іске асты, қазақ елі аңсаған егемендігіне қол жеткізді. Тәуелсіздікке қол жеткен сәттен бастап ұлттық сана, ұлттық қасиеттер қайта жаңғыра бастады.

Подробнее...

Ұлттық ойындардың бала тәрбиесіндегі маңызы

Ноғайбаева Ө.Б., «Шілікті орта мектебі» КММ-нің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі, Зайсан ауданы

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деп атап көрсеткен. Елдің болашағы- тәрбие ісіне тәуелді. Жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақша мен мектептің міндеті.

Подробнее...

Рухани жаңғыру - еліміздің болашаққа бағдары

Көккөзов Мерей Аманкелдіұлы, Аягөз қалалық «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-нің тарих пәні мұғалімі

Әрбір халықтың өткен белестері, әдет-ғұрып салт-дәстүрі, әдебиеті- мәдениеті, тілі мен діңі, тарихы бар екендігі мәлім. Әлемнің жаһандану тұсында кез келген мемлекет өзінің құндылықтарын, қадір қасиетілігін жоғалтпауға тырысатындығы айқын. Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан Республикасыда өз кезегінде шежірелі тарихын, тектілік парасаттылығын ұмыт қалдырмауға талпынатындығы және де қазіргі заманның өмір атты иірім ағыстарына қарама-қарсы жүзе білуге үйрету. Рухани жаңғыру ұлттық сананы, отансүйгіштік, патриоттық рухты арттыратындығы сөзсіз.

Подробнее...