Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Әл-Фарабидің қазақ жеріне қайта оралуы

Әл-Фарабидің қазақ жеріне қайта оралуы

Чекетаева Роза Сарқытбекқызы, «Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.

Сабырбаева Жаннур Мухаметовна, Күршім ауданы Н.Островский атындағы №4 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Әл-Фараби өзінің өмірінің ең ақырғы күндерін Сирияда өткізгені белгілі. Ұлы ұстаз Сириянын астанасы Дамаскіде жерленген. Кезінде ұлы ғұламаны Сирия әмірі Сайф-ад-Даула өз қолымен Баб-ас-Сағир зиратына қойғаны мәлім. ХХ ғ. 60 жылдарынының соңында ғалым Ақжан Машанов сол зиратты тауып, әл-Фараби қабірін көріп қайтсам бір жолға сол да аз емес  деген ойға келеді. «Бірақ туристік сапарда шет елде белгісіз қабыр іздеуге мүмкіндік бола ма? Әсіресе осыдан 1100 жыл бұрын өткен адамның зиратын?» -деген ой оны қатты толғандырады. Ал міне біз қазір әл-Фарабидің 1150 жылдық мерей тойына дайынбыз!

Бұл жолда А.Машанов  жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан әл-Фараби еңбектерін жинап, 1968 жылы оның Дамаск қаласынан бейітін тапқан да сол еді, бір уыс топырағын әкеп, Отырар топырағына қосты. Сол жолы ол әл-Фарабидің қабіріне Сирия үкіметі тарапынан құлпытас орнатуға жағдай жасады. А. Машановтың «Дамаск күнделігінде» 1968 жылдың 19-24 қыркүйегінде Сирияда, 25-30 қыркүйекте Ливанда болған жол сапары жайлы тамаша деректер бар:

Қыркүйектің ортасында Алматыда бабасын Сириядан іздеу үшін жолға дайындалады. 17-сі Мәскеуге ұшып келіп, қажетті жұмыстарды аяқтайды. Келесі күні КСРО Ғылым Академиясының Азия халықтары институтының директоры Б.Г. Гафуровпен әңгімелеседі. Ол оның бара жатқан сапары дұрыс деп шешіп және өзінін елшіліктегі адамына сәлем жолдады. Сонымен айтылған күні Москвадан Сирияға ұшып барады. 1968 жылдың 19 қыркүйегінде Сирия астанасы Дамаскіге келеді. «Кавказ - Қырым тауларының жотасы айқын байқалады. Қара теніздің үстінде ұшып келеміз. Менің жүрегім лүпілдеп, әл-Фараби алдымнан қарсы шығатындай сезінемін. Бір мезгілде Дамаск аэропортына келіп қондық. Жерге түскендегі алғашқы сезгеніміз күннің ыстығы болды», -дейді.

Қыркүйектің 22-де Пальмирадағы молаларды шарлайды. Сирияның географиялық орталығы Пальмира қаласы деуге болады.  Шам шаһары дүние жүзіндегі ең көне қала. Осы арадан барлық діннің басы тараған деседі сириялықтар.

Олар «Бұл қалада сіздердің Ақсақ Темірлеріңіз де болған. Ол өзінің елінде: Самарқандта, Бұхарада, Түркістанда тамаша құрылыс, ғимарат салу үлгісін осыдан алған дейді. Оны да бекер деуге болмайды. Сонымен байланысты, осы екі мәдениеттің арасын жалғастырушылардың бірі әл-Фараби ғой. Оны да ұмытпаңдар», дейді Жағыфарға. Ол: «Мұғаллим ауал Афлатун, Мұғаллим сани аль-Фараби» деді.

А.Машанов серігі Жағыфардың сөзіне ол елен ете қалады. Қайталауды сұрап осы сөзді қойын дәптеріне жазып алады. Оның себебі, бізде бірінші ұстаз Аристотель десе, Жағыфар бірінші ұстаз Платон деп отыр. Осы мәселені кейін тағы бір кездескенде анықтайды: «Бір ауыз сөз. Оны мен әл-Фарабиді білетін, оны құрметтейтін елдің адамының аузынан естіп отырмын. Ол өте құнды, зор мағыналы нәрсе. Дәл осы ғана сөздің өзін мен елге алып қайтсам, алтын алып қайтқаннан құнды. Менің барлық еңбегім осымен ақталғандай болды», - деп ойлайды ол.

Яғни, 23-ші қыркүйекте Дамаск, Баб ас-Сағир (Бабасағыр) молаларынан кешкі 17.30-да әл-Фараби зиратын табады. Қазір кейбір ғалымдар мен сол сәтте әл-Фарабидің моласының қасында әл-Машанимен болдым дейді, ал ғалымның күнделігінде қасынан табылғандардың аты-жөні нақты жазылған. Қасында жүргізуші - ұлты күрт, түрік тілін жақсы білетін, Малатия тумасы Салахаддин ибн Ибраһим Малатили; «Дружба» өкілі Корабов Борис Васильевич және елшілік қызметкері Дработя Михаил Андреевич  табылды.

Қаланың солтүстік-шығыс жақ бетіндегі бір биік қақпаның алдына келіп, іздеген Баб ас-Сағир – кіші қақпаға  тоқтайды. Алдында кішірек әдемі мешіт, оның бір жағында мрамор тастан жасалған жуынатын орындар. Мешіт ішінде кітапхана сияқты қаланған папкалар, кітаптар т.б. Күзетшісі  оларға  әл-Фараби қабырын көрсетті. Айналасы сәл ашықтау жерде жатқан жұпыны сұпы, сыртын цементпен сылаған. Басқа ешнәрсе жоқ.

«Мұның әл-Фарабидікі екенін сіз қайдан білесіз? Ешбір белгі жазу жоқ қой? – деп сұрадым. Күзетшінің айтуынша белгі оның басында бұрын болған. Жер сілкінген кезде құлап қалыпты. Онан кейін оны күзеткен кісі жоқ. Айналасында тұрған мынау қабірлердің де белгілері құлаған. Бірақ сіз мұның әл-Фарабидікі екеніне ешбір шүбә келтірмеңіз, өйткені бұл зиратта жатқан адамдардың бәрі дәптерде тіркеулі, кімнің қай жерде жатқаны белгілі дейді».

Баб ас-Сағир зираты белгілі адамдарға арналған династиялық жай көрінеді. Онда тек патшалар, пайғамбар нәсілдері, халифа нәсілдері, әмірлер немесе солардың ұстазы болған үлкен ғұламалар ғана қойылады. Сирия әмірі Сайф ад-Даула әл-Фарабиді өзіне ұстаз тұтқан. Сол себепті ол кісі оны өз қолымен осы жерге қойдырған. Олай болмаған күнде мың жылдан бұрынғы жалпы зираттар жермен-жексен болып кеткен, онан табу мүмкін де емес. Баб ас-Сағир бір кезде қаланың шетінде қоршау қақпада болған. Кейін қала өскен соң ол ортада қалып қойыпты. Сонан кейін оның айналасын темір шарбақпен қоршап бұрынғы қалпында сақтаған.

Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені – Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін өзінің «Әл-Фараби және Абай» атты кітабында, күнделіктерінде де жазып кетті.  Мола басына барарда А. Машани қасындағы Қазақстандықтар зират басына бармай өз жұмыстарын бітіруге басқа жаққа кетіп қалады.

Ия, әл-Машани немесе Ақжан Машанов  әл-Фараби бабамызды осылай іздеп тапқан еді. Оның халқына сіңірген еңбегін ұрпақтары ешқашан ұмытпақ емес.