Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Аймақтық компонентті шағын жинақты мектептерде оқыту мәселелері

Аймақтық компонентті шағын жинақты мектептерде оқыту мәселелері

Құрманова Жұпар Сақанқызы, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ кафедра  меңгерушісі, ф.ғ.к.

Қазіргі таңда республикамыздың түкпір-түкпірінде орналасқан шағын елді мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Осы мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстарында жергілікті жер, ел тарихы, мәдениеті мен әдебиеті бойынша аймақтық материалдарды өз еңбектерінде Я.О. Каменский, Ж.Ж. Руссо, Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, В.И.Загвизинский қарастырған. Қазақ өлкесінің зерттеушілері С.У. Ремезов пен В.Н. Татишев те бұл тақырыпты айналып өтпеген. Туған өлкені зерделеу, зерттеу жұмыстарына А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Н. Бөкейхан, Е.П. Михаэлис, Г.Н. Потанин, М.И. Чистяков, В.И. Мызымен қатар кейінгі ұрпақ өкілдері Ш. Мұртаза, О. Бөкей, т.б да атсалысқан.