Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Т.У.Аткинсон зерттеулерінің Ұлы Дала құндылықтары қалыптасуына ықпалы

Т.У.Аткинсон зерттеулерінің Ұлы Дала құндылықтары қалыптасуына ықпалы

Мусабекова Гульнара Амангельдиновна, Өскемен қаласы әкімдігінің «Қ.Нұрғалдиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің ағылшын тілі мұғалімі

Рухани жаңғыру аясында еліміздің бай тарихы мен шежіресін зерттеп халыққа таныту ауқымды жұмысты талап етеді. Тарих қойнауында жатқан оқиғалар мен өмір сүріп, еңбектерімен халыққа қызмет еткен сан-қилы адамдар Ұлы Даламыз бен бай тарихымыздың құндылыңын молайта түседі.

Осыған үлес қосқан ағылшын саяхатшысы, суретшісі Томас Уитлам Аткинсон.  Т.У.Аткинсон 1848-1852 жылдарда  Қазіргі Шығыс Қазақстан өңірі, Қапал, Жоңғар Алатаулары өңірінде болған ол табиғаттың тамаша көріністерін суреттеп, көзімен көрген оқиғаларды баяндап жазып және ол өзі өте шебер суретші болғандықтан  көптеген суреттер  салып қалдырған. Томас өз саяхатында Сібірден бастап қазіргі Шығыс Қазақстан жерінің өңірлерін жүріп өткенде кездескен жер-су аттарын да ерекше колоритпен жазып кеткені байқалады.

Tarsakhan- Терісаққан болуы керек, Oubinskoi-Ульбинский, the River Ouba-Ульба, Barnaoul, Gromotooka. There is the source of the Gromotooka. As its name Grom (thander) implies. Bielouka, Cholsoun, Zirianovsky, Bouchtorma River, Moorzinsky, Chesnooka-(garlic) деп оған түсініктеме берген.  Kourt-Chume Mountains,-Күршім таулары мен Nor-Zaisan деп Зайсан атауының ежелгі атауымен атаған . These mountains seem

destined by Nature to the boundary between the two empires.  Ол таулар екі үлкен империяны бөліп тұрған табиғаттың өзі жасаған шекара деп Қытай мен Ресей империяларын осы таулардың бөлетінін жазады.  Monastery Mountain сол маңайдан молаларды кездестіргенін келтіреді. Бұл әліде атын өзгертпеген Монастрь көлдері маңайлары.

Riddersk деп берілген  Риддер қаласы сол уақытта осылайша аталған болуы керек. Little Narum, Great Narum, Kochbouchta, Oust-Kamenogorsk, Tchoubachak-Шәуешек. Werchnayan Pristan on the Irtish деп атауларды жазғанда орфаграфиялық өзгешеліктер байқалады.  Great Narum is a fort. Үлкен Нарын порт болған деп жазылған. Tschinimichanka  деген атау кездеседі Черемшанка болуы ықтимал. Бұл жерде «sch» дыбыстар қосындысы қолданылады. Ч әрпі ағылшын тілінде Тch- деп беріледі, сол кезде ағылшын тілінде sch –дыбысы неміс тіліндегідей қолданыста болған болуы мүмкін.Ac-tas-white stoun, Алакөлді Ala-Kool деп берген.

Semipalatinsk of seven Palace –жеті сарай орны қалаға жақын жерде орналасқан ол содан қалған атау дей келе, төмпешік жоталар бейнеленген сурет салып өз кітабында иллюстрациясын берген. Онда ежелгі қала орны деп жазылған.

Бұл аталған елді мекен аттары әлемдік дәрежедегі Лондондағы Британ Ұлттық кітапханасындағы Томас еңбектерінде жазылып қалды. Бір өкініштісі қазақ деген сөз мүлде айтылмаған себебі Ресей империясы тарапынан қазақ деген атауға тыйым салынып тек киргизы, «киргиз-кайсаки» деген ат қазақ халқына таңылған заман болатын, сондықтан аудармашылар оған киргиз – Kirghis сөзді ғана айта берген болуы керек .

 Making voilocks атты бөлімінде қазақтардың тұрмыс-тіршілігінен тамаша суреттеулер берілген. Құрт қайнатуды айта отырып, үстеріндегі жалбыр-жұлбұр киімдері бар әйелдердің, бұрқ-сарқ еткен үлкен қазандарды қолдарындағы шөмішпен арлы-берлі сапырған көріністі-“the witch scene of Macbeth” деп жазады  («Макбет» У.Шекспир трагедиясы) Олардың дайындап жатқандары қысқы азықтарының ішіндегі негізгі тағамдардың бірі-“Hyran” деп жазылған. Жазбада құрт деген атау кезікпеді, әлде аудармашы казак дұрыс жеткізе алмаған ба ол жағы түсініксіздеу.

Қазақ даласынан Семей Петропавел қамалдары арқылы жылына 50000 бас тек қойдан ғана айдалып, алтын қазатын рудниктерге жөнелтілетіні айтылады. Екатеринбург қаласынада қойдың майлары ерітіліп, майшам жасайтын шикізат ретінде бүкіл Ресейді қамтамасыз етеді және соңғы бес жыл Европаға жеткізіліп жүр деп жазылған.

Бұл жазбалардың барлығы құнды деректер болып табылады. Ел басымыздың қолдауымен бастама алған Мәңгілік Ел Ұлттық идеясының 7 құндылықтарының бірі –Тарих, мәдениет пен тілдің ортақтығы құндылығы осы зерттеулерді оқып, танып білуге, оны өскелең ұрпаққа танытуға негіз болады. Зерттеуші еңбектерінде жазылған жайттар мен деректер, оқиғалар қазақ адамдарының өмірінен қағазға түсірілген нақты фактылер. Аткинсон адамдардың аса қонақжайлылығы мен кең кейілділік танытып қарсы алып отырғанын құрметпен жазады. Сол кездегі билеуші ұлттар, Ресей патшалығы тарапынан көрсетілетін өктемдік, менмендік, басымшылық таныту ол адамның бойында болмағаны жазбаларынан білінеді. Британ Қаншайымы тапсырмасымен келседе, қызығушылығы мен әуесқойлылығы қарапайым халық өмірінен, дала тыныс-тіршілігінен көптеген жайттарды жариялап,  қазақ халқы тарихына мол үлес қосылды.  Т.У.Аткинсонның жазбаларын ағылшын тілін оқып үйренуде СLIL бөліміне материал ретінде енгізсе деп ойлаймын. Жазбаларда орфографиялық, грамматикалық қиындықтар мен ауытқулар өте аз және құнды деректер өте көп.Ұлттық мұраның сақталуына бұл зерттеулердің аса зор пайдасы бар. Т.Аткинсон жазбалары Шығыс Қазақстан өңірін мекендеген халықтар мәдениеті, тұрмысы мен  салт-дәстүрлерінің қағазға түспеген жақтарының ашылуына таптырмас құнды деректер. Бұл деректер қазақ халқын әлемге танытар   Ұлы Даланың  асыл құндылықтары.

Бұл жазбалардың құндылығы -бүгінгі таңға әсіресе Шығыс Қазақстан өңірін мекендеген халықтар мәдениеті тұрмыс – салт дәстүрлерінің қағазға түспеген жақтарының ашылуы таптырмас мұра екені анық.

Осы ұлттық мұра әлем деңгейіне танылып Ұлы Даланың құндылықтары айқындалады.