Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Әріптесім жайлы бірер сөз

«Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі»

Эссесінің авторы Ахмадиев Адлет Амангельдинович.,

«Өскемен медициналық  колледжі» КМҚК директоры ,

Өскемен қаласы (1 орын)

Мектеп қабырғасынан бастап «орыс тілі мен әдебиеті» Роза Дуйсембекқызы Баянғазинаның жақсы көретін пәніне айналған екен. Осы пәннен сабақ берген ұстазының әр сабағы жадында мәңгі сақталып қалғандықтан, мектептен соң ұстаздық жолды қуған. Қызықты да әсерлі өткізілетін сабақтан соң А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Блоктың өлеңдерін, Л.Толстой, И.Тургенев, М.Горький шығармаларын бас алмай оқып, әдебиет саласына шынайы көңіл аударған.

Подробнее...

Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады

Садвакасова Т., Благодарное орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Келдімұрат ауылы, Үржар ауданы

      Мектеп – рухани даналықтың баспалдағы. Білім ордасының тірегі де, жүрегі - озық ойлы білімді де білікті  ұстаз.
      Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
      Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
      Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
      Ұстаз болу – адамның асылдығы,деген Ғафу Қайырбековтың өлең жолдары өз қалаған мамандығының қыры мен сырын меңгере білген менің әріптесім, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Лепсібаев Ербол Төлеуғазыұлына арналғандай. 

      Ербол Төлеуғазыұлы өзі жас болғанымен, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру жолында жетістіктері жетерлік. Жоғарғы санатты ұстаз облыстық, аудан әкімінің және  білім бөлімінің мақтау грамоталарымен бірнеше рет марапатталған. Ол қашанда игілікті істің қасынан табылады.
        Ауылдық, аудандық, облыстық, республикалық шаңғы жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы атанған Ербол Төлеуғазыұлының бүгінде тәрбиелеп отырған шәкірттері де аз емес, солардың бірі – Тарасова Анжелла. Ол – Қазақстан Республикасының жасөспірімдер спорты арасындағы жеңімпазы, спорт мектебінің тәрбиеленушісі, шаңғы спортының шебері, 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиадаға қатысты.

Подробнее...

«Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогының жарқын үлгісі»

Эссесінің авторы Тайгулова Жанна Жанузаковна, 

«№2 орта мектебі »  КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,   

Риддер қаласы  (2 орын)

Өзгеріп жатқан алмағайып заманда білім саласына жаңартылған  білім беру бағдарламасы тың өзгерістер әкелуде. Ұрпақ тәрбиелеудің басты  мекені- мектеп табалдырығы болса, сол табалдырықтан аттаған бүлдіршінді заман ағымына ілестіріп, жан- жақты тұлға етіп тәрбиелеу, ең бірінші ұлағатты ұстаздардың  еншісінде. Ұстаздықты ту еткен, өзінің өмірінің мәні деп қарайтын  ұстаздар сан алуан. Бірақ солардың ішінен бірі де бірегейі ғана өзін нағыз ұстаз деп айта алады.

Подробнее...

Тәлімгерлік – мұғалімдердің кәсіби білімдерін арттыру тәсілі

МУХАМЕТКАЛИЕВА У.,
Үлкен Владимировка орта мектебінің тарих және география пәндері мұғалімі, Бесқарағай ауданы

      Қазіргі кезде мемлекетіміз үшін кәсібилік деңгейі жоғары мамандар дайындап шығару қандай өзекті мәселе болса, мұғалімдердің бір-біріне қолдау көрсетуі дәл сондай көкейкесті мәселе болып табылады. Бұл мақсатқа жетудің тиімді тетіктерінің бірі - тәлімгерлік ісі.
«Тəлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тəлімгер мен тəлім алушы арасында сенімді, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Тəлімгерліктегі басты ұстаным – қызмет емес, қарым-қатыныс болып табылады, оның барысында тəлімгер объективті тыңдаушы жəне бағыттаушы болады» деп анықтама берілген.
      ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларының екінші (негізгі) деңгейі бойынша сертификат иегері Жумашева Толқын Нургалиевнаның үйретуімен жаңа форматта сабақ беру әдіс-тәсілдерін тез үйренуге мүмкіндік алдым. Толқын Нургалиевна менің жеке қасиеттерімнің дамуына, ұстаздық жолымның қалыптасуына көмектесіп жатқан ұстаз. Жыл басынан тәлімгерімнің сабағына қатысып, көп нәрселер үйреніп келемін. Әр сабағы өзгеше. Сабаққа қатысу мақсатын құрып алып, әр сабағына қатысқаннан соң «Тәлім алушының күнделігі» деген дәптеріме түсіріп отырамын.
      Тәлімгерлік ету үдерісі туралы іс-шаралар жоспарын айқындап, екі жылдан бері бірге кеңесе отырып жұмыс жасаудамыз. Тәлімгерім кез келген уақытта сұрағыма жауап беріп, ойымды тыңдап, ұсыныс-пікірін айтып, аптасына бір рет сұхбат жүргізіп тұрамыз.

Подробнее...