Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Менің әріптесім – 21 ғасыр педагогінің жарқын үлгісі

Маржан Мырзабекқызы Хасенбаева, «М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ,  Зайсан қаласы

       Ұстаз – жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне  жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек деп ғалым Әл-Фараби бекер айтпаған. Осы атқа лайық болу үшін қаншама тер төгіп, еңбектенетін де мұғалім.

        Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге болуы тиіс. Ұлы ақынымыз Абай «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға » деп бекерден бекер айтпаған. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.
         ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы - өз кәсібінің майталманы болуы шарт. Осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керек. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай қателіктерді  кешіре білуі қажет. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды.
        Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа форматтағы жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазіргі  кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу - әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші,жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен  жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Ұстаздың кəсіби шеберлігінің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге деген көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден, пəнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан- жақты, терең дайындықпен баруы, оқуышлар бойына əдеп, əдет, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден, оқыту мен тəрбиелеудің əдіс-тəсілдерін міндетті түрде меңгерілуі қажет. Осындай мұғалімдердің қатарына жатқызатын ұстаздар саны көбеюде. Солардың бірден-бірі деп біздің мектебіміздің ұстазы - Досмухамбет Мөлдір Арыстанбекқызын айтқым келіп тұр. Ол - жаратылыстану-математикалық бағытындағы химия пәнінің ұстазы. Жастығына қарамастан үлкендерге ақыл қоса білген, әріптестеріне қол ұшын әрдайым соза білген, күн-түн демей мектеп үшін, оқушы үшін білімін әрдайым толықтырып, ізденісте  жүретін жандардың бірі. Мөлдірдің жетістіктерінің көптігі соншалықты, марапаттарының санынан шатасасың. Ең негізгілеріне тоқтала кетейін. Біріншіден, жасы 34-те болса да, жоғарғы санатты мұғалім. Екіншіден, әр жыл сайын өзі де, оқушысы да ғылыми жоба, «Үздік ұстаз-2013», «Ұлағатты ұстаз-2013» сайыстарының жүлдегері. Үшіншіден, аудан мектептерінің қауымдастық жетекшісі, мектепте бірлестік жетекшісі. Төртіншіден, отбасының ұйытқысы. Жетістіктері мен алған атақтарын санасам, қолымдағы саусақтарым жетпейді.
         Ұстаз алдындағы басты міндеттердің бірі - ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдіниетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелеу болып табылады. Ұстаз - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.