Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың ерекшелігі

Білім сапасын арттырудағы инновациялық технологиялардың ерекшелігі

Апселемова Гульнара Дюсембековна, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы
Калимолдина Гульназира Каппасовна,  «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі»КММ-нің математика пәні мұғалімі

Білім мазмұның жаңарту жағдайында қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.
Оқытушыдағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады.

Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының басты ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын негіздеу. Білім философиясының негізі оқушы денсаулығын сақтай отырып, тұлғалыққа бағытталған танымдық көзқарас қызметін ұйымдастыру арқылы оқытуды жүзеге асыру. Тұлғаға бағытталған көзқарасты ұйымдастыруда оқытушы қызметінің негізгі мақсаты: бала бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ол жаңа инновациялық үрдісті кеңінен пайдалана отырып, жеке тұлға бойындағы мүмкіндікті ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алу.

Жаңа технологияларды жетілдіру әр түрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді. Бүгінгі таңда педагогикалық оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу – үлкен қажеттілік. Соңғы жылдары оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару қызметін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу үрдісін технологияландыру терминдері даму үстінде.

ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Әлемдік білім кеңістігінде білім беру идеологиясы «бүкіл өміріңнің білімі» принципінен «өмір бойғы білімге» ауысуда. 

Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән білім алушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс екендігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына  Жолдауында атап көрсетілді.

«Бәсекеге қабілеттілік мәселесі - бұл ең алдымен сапа мәселесі»,- деп атап көрсетті Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты математика пәні бойынша білім сапасын жетілдіру мәселесі ерекше өзекті болып отыр

ХХІ ғасырдың алғашқы ширегі бұл - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, био-нанотехнологиялар заманы екені мәлім. Оған қоса мен аталған кезеңді бүкіл өмірді математикаландыру заманы деп айтар едім. Шын мәнінде, қазіргі кезде математика енбеген сала жоқ.

Математика бұл күнде әлем ғылымының алдыңғы шебі болып есептелетін космонавтикадан бастап, өмірдегі бар мәселелерді шешуде қолданылуда: лингвистикалық математика, педагогикадағы, психологиядағы математикалық зерттеу әдістері бұл мәселенің айқын белгісі.

Сондықтан қазір әлемнің дамыған елдерінің бәрі де математикаға ерекше мән беруде.

Отанымызда математикалық білімнің өзекті болуы Қазақстан Республикасы Президенті бастауымен қолға алынып жатқан – мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасымен тығыз байланысты.

Қай саланың болмасын маманының сапасы мұғалім біліктілігінен тікелей тәуелді екені белгілі. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» деп текке айтпаған. Ғұлама ағартушы Ы.Алтынсарин «Мұғалім-мектептің жүрегі» деп айтқандай қоғамда мектеп мұғалімінің рөлі қандай болса, болашағымыз да сондай болмақшы. Сол себептен «2011-2020 жылдарға арналған ҚР Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» педагог мамандығының беделін көтеру мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру сапасы басым бағыттардың бірі болып табылады. Бағдарламада біліктілік арттыруда бәсекеге қабілетті орта құру мақсатында оны ваучерлік-модульдік жүйеге көшіру жоспарланған. Мұндай жүйеге көшу педагогтың білімін көтеру орнын, формасын, мазмұнын еркін таңдау құқығын қамтамасыз етеді әрі педагогтардың өз біліктілігін шет елдерде де еш кедергісіз көтеруіне жол ашады.

Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.

Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр, сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйені оқыту үрдісінде іске асыру үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.

Мұғалімдердің алдына қойылып отырған  басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.

Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекет жиынтығы. Педагогиялық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толық жету.

Оқытудың жаңа технологиясының бағдарламалап оқыту мәселелері В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер және тағы басқалардың еңбектерінде көрініс табады. Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.Выготский, Л.Занковтың, ал жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.Амоношвили еңбектерінде зерттелген.Қазіргі уақытта заман талабына сай оқытудың жаңа технологияларын қолдану математиканы оқыту барысында оқушыларға білім берудің мақсаты олардың экономикалық ой-өрісін қалыптастыру, өмірден өз орнын таба білуге, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықтарды меңгере алатын, күрделі өмірлік мәселелерді жылдам шешуге икемді жастарды қалыптастыру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, жан-жақты білімді де дарынды тұлғаны білім нәрімен сусындатып, тәрбиелеуде жұмыстана береміз.