Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Психологиялық ілеспе

Психологиялық ахуалдың сабақтың тиімділігіне әсері

Мухаметжанова Меруерт Заманбековна, Лингвистикалық және компьютерлік технология мектеп-гимназиясы, Семей қаласы

 

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат

К.Д.Ушинский

Балаға білім берудің алдында оның қызығушылығын ояту керек. Осыдан қызығушылықты қалай оятамыз?-деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап бермес бұрын сабақтың басындағы психологиялық ахуал дегеніміз не? –деген мәселеге тоқталайық. Ахуал - өзара қарым-қатынас, көңіл-күйін білдіретін психологиялық ұғым. Көбінесе топтық психологияға байланысты айтылады. Сондықтан ол, көбінесе “әлеуметтік-психологиялық ахуал” немесе “психологиялық атмосфера” түрінде түсіндіріледі. Бұған қоғам мен ұжымдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, көңіл-күйі мен ынтымағы, бірін-бірі түсінуі, тәртіп пен жауапкершілік, ортақ борыш пен намыс, үйреншікті жұмыс стилі, ортақ пікір, өзара сын т.б. кіреді.

Подробнее...

Психикалық даму тежелуі бар балаларды классификациялаудың теориялық сипаттамасы

Смагулова Алина Нурлановна, С.Аманжолов  атындағы  Шығыс  Қазақстан Мемлекеттік Университетінің магистранты

Қазіргі кезде дамуында бұзылысы бар  балалар арасында психикалық дамуы тежелген балалар өте көп орын алады әрі осы балаларды оқыту жұмыстары бүгінгі таңда қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы  төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты  психикалық  дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi, сегiз жастан анық байқалады. Оның негiзгi белгiлерi: сабаққа белсендiлiгi байқалмайды, берiлген тапсырмаларды үлкендердiң көмегiнсiз дұрыс орындай алмайды, өз ойын ашық айта алмайды, көп қателер жiбередi, тез шаршағыш, зейiнi тұрақсыз болады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тiл байлығы әдеттегi балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде.

Подробнее...

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде арт-терапияны қолданудың тиімділігі (Шағын орталықішілік психологиялық семинар жоспары)

Масалимова Эльмира Бидахметовна, ЖШС «Ер-Тан 1» шағын орталығының педагог-психологы, Семей қаласы

Сарсембекова Сана Амантаевна, ЖШС «Ер-Тан 1» шағын орталығының тәрбиешісі, Семей қаласы

Подробнее...