Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қосымша білім беру

Жаңартылған білім беру бағдарламасы - сапалы білімнің кепілі

 Мажинова Чинар Тылегеновна, «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ-сі директорының оқу ісі меңгерушісі, Өскемен қаласы 

       Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.   «Министрлік «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатындағы жаңартылған білім мазмұнына кезең-кезеңмен көшу жұмыстарын бастады. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2016-217оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру  мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.

Подробнее...

Үй жануарлары

Кешубаева М.А, Самарканова Л.М., Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ, Өскемен қаласы

 Күні: 07.12.2017ж.
Топ: «Ботақан» ересек тобы
Білім саласы: Қатынас, шығармашылық
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Түзетушілік білімділік: Үй жануарларымен таныстыру. Атауларын  дұрыс атауға үйрету. Тіршілік ету ортасымен, қоректену талабымен, пайдасымен  таныстыру. 
Түзетушілік дамытушлық: Тақырыптарға сай сөздік қорларын, грамматикалық байланыс құрылымын арттыру. Ойындар арқылы ойлау, есте сақтау қабілетін, сөйлем құрау дағдыларын дамыту.
Түзетушілік тәрбиелік: Үй жануарларына деген сүйіспеншілік пен қамқорлық жасауға  тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер: Үй жануарларының  суреттері, интерактивті тақта, проектор,  компьютер, Суджок доптары, жануарлардың  көлеңке суреттері,  макеттер, ойыншықтар.

Подробнее...

Жеке тұлғаны іс-әрекетке баулу арқылы оқу сапасын жетілдіру

 Дююсова Булбул Бекешовна,  А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, Өскемен қаласы

       Атақты педагог-ғалым В.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады», - деп мұғалімдік өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деген.  Егеменді елімізде болып жатқан өзгерістер мектеп жұмысына елеулі жаңалықтар әкеліп отырғаны даусыз.Демек оқушыларға жүйелі білім, саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан қарап, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Өйткені, Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп, бізге сенімін жеткізіп отыр.

Подробнее...

Үй жануарларының төлдері

Курманбаева Гульхат Серикболовна, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» балабақша» КММ мұғалім-логопеді, Өскемен қаласы 

Таным саласы: Қатынас
Пән: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарларының төлдері»
Мақсаты: Төлдер туралы түсініктерін қалыптастыру
Міндеттері:
Түзетушілік-білімділік:Үй жануарларының төлдерін таныта отырып, атауларымен таныстыру . Дауыс, дене бітімі, іс-қимыл  ерекшеліктеріне байланысты сипаттап, ажырата білуге үйрету.

Түзетушілік-дамытушылық: Төлдермен таныстыра отырып сөздік қорларын молайту. Сипаттау арқылы сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық қатарын дамыту. Ойындар арқылы фонеко-фонематикалық, затты тану қабілеттерін дамыту.
Түзетушілік-тәрбиелік: Төлдерге деген сүйіспеншіліктері мен қамқорлық сезімдерін ояту. 
Сабақ түрі: ойын сабақ
Сабақ типі:  жаңа сабақ
Қажетті құрал-жабдықтар:Киіз үй (макеті), ағаштар, құдық, ит, үйшік, төлдер (жұмсақ ойыншықтар), өзен, бұлт, күн,компьютер, интерактивті тақта, конверттер, қима қағаздар «Төлін тап», қарындаштар.

Подробнее...