Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қосымша білім беру

Алғашқы адамдардың өмірі (5-сынып)

Аязбаева Сандугаш Кабийдоллаевна, «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ-нің тарих және география пәні мұғалімі, Қалбатау ауылы, Жарма ауданы

       Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Қазақстан тарихы» пәні бойынша ұсынылып отырған қысқа мерзімді жоспарында оқыту тәжірибесінде берілген  апсырмалар түрлі  дағдыларды дамытуға арналған: мәселелерді шешу, материалды жинақтап қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп рефлексия жасау, ақпаратты талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеу.

ҰМЖ тарауы: 5.1А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

 «Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:Аязбаева Сандугаш Кабийдоллаевна

Сынып.  5

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Алғашқы адамдардың өмірі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.1    Алғашқы адамдардың антропологиялық белгілерін сипаттау

 

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:  бейнематериалды  көріп  алғашқы адамадрдың өкілдерін салыстырады, алғашқы адамның даму сатыларын анықтайды , антропологиялық  ерекшеліктерін  сипаттайды;

Оқушылардың басым бөлігі: суреттерді салыстырып  адам типтерін  анықтайды,  табылған жерлерін картадан  көрсетеді;

Кейбір оқушылар:  қазіргі адам тұрпатының қалыптасуы ұзақ тарихи кезеңді қамтитындігін анықтайды

Подробнее...

Арифметикалық түбірдің қасиеттері тақырыбына есептер шығару

Асқарова Бейбітгүл, Шәкәрім атындағы  №1 орта мектебінің математика пәні  мұғалімі, Өскемен қаласы

    Қазіргі таңда сабақ тиімділігін арттыруда көптеген жаңа технологиялар кеңінен қолданылуда. Әр ұстаз өз алындағы шәкіртінің танымдық белсенділігінің жоғары, жеке тұлға ретінде қалыптасуын қалайды. Сондықтан да, тиімді технологияларды қолданудың маңызы зор, себебі олар оқушылардың ойлау қабілеттерінің, пәнге қызығушылықтарының артуына көмектеседі. Тәжірибе алмасу  мақсатында 8-сынып алгебрасында өткізген «Арифметикалық түбірдің қасиеттері  тақырыбына есептер шығару» тақырыбындағы сабағымның қысқа мерзімді жоспарының үлгісін ұсынып отырмын.

Подробнее...

Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны

Алпыспаева Майгуль Кенесбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы   Шығыс Қазақстан облысы бойынша біліктілікті арттыру институтының аға оқытушысы
Жунисова Гулнар Жумагалиевна, «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ жоғары санатты химия пәні мұғалімі

       Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды. Сондықтан қазіргі уақытта оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қарастырылып, енгізілуде. 
    Еліміздің әлемдік үрдістерге енуіне орай,  білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру керек екендігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деп атап көрсеткен.  Елімізде ора білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуіне байланысты ұстаздар біліктілікті арттыру курстарынан өтуде.

Подробнее...

Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера (6-сынып)

Закариянова Г.С,  Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі, Өскемен қаласы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Қатынас және пропорция

Мектеп:

Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Закариянова Г.С.

Сынып: 6

Қатысқандар: 24 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

6.3.3.4 Дөңгелектің ауданының формуласын білу және қолдану

6.3.1.7 Шар мен сфера туралы түсінігінің болуы.

Сабақтың мақсаты

1. Дөңгелек,  шар және сфера ұғымдарын біледі, формуланы қолданып есептер шығара алады.
2. Дөңгелектің ауданы формуласын біледі және диаметрі арқылы ауданын есептей алады.
3. Берілгені бойынша күрделі есептерді шығаруда формуланы қолдана алады.

Подробнее...