Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қосымша білім беру

«Биоақпараттану және синергетика» білім беру технологиясы – инновациялық іс-әрекет кепілі

 Жанымханова Әйгерім Бақытбекқызы, «№27 орта мектебі» КММ-нің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

      Қазіргі заман талабына сай әр оқушы қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған бай мәдени мұрасы әдет-ғұрпын, өз ұлтының рухани байлығын терең меңгерген, ғылыми терең біліммен қаруланған, егеменді мемлекетіміздің болашағы болатындай нағыз азамат болуы керек. Ол үшін теориялық оқу материялын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізде ең жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және теориялық білімін практикада саналы түрде қолдана білуі тиіс. Мектеп оқулықтарымен шектелмей қосымша әдебиеттер, ғылыми көпшілік журнал материалдарын қолданып өз білімін толықтыра білуге дағдылануы керек. Сондықтан оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, ізденімпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттігі туындайды. Осы мақсатты іске асыру үшін келесі проблемалық тақырыпта зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туындайтындықтан зерттеу жұмысының тақырыбын «Математика пәнін оқытуда оқушының сыни ойлауын, кұзыреттілігін белсенді-әрекетті технологияны қолдану арқылы дамыту» деп алып отырмын.

Подробнее...

Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт

Касаинова Айнаш Кабидолдиновна, «Балғын негізгі орта мектебі» КММ-нің математика пәні мұғалімі, Балғын ауылы, Катонқарағай ауданы

    Қазіргі ғасыр жаңа инновациялық технологияларды пайдаланып сабақты жандандырып өткізу заман талабы.  Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет». Біз әрбір сабағымызда осы қасиеттерді ашуға, дамытуға тырысу керекпіз.
    Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту үшін сабағымда кейбір тәсілдерді пайдаланамын. Мәселен есепті шығарғанда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру үшін түрлі-түсті қағаз қиындыларын пайдалануға болады. Оқушы есептің жауабын тауып сондай сан жазылған жерге әкеліп жапсырады, соныңда рухани жаңғырудың символикалық суреті шығуы керек. Сабаққа «Мәңгілік ел» идеясын кіріктірудің бір тәсілі ретінде де, оқушылардың санасына ұлттық рух сезімін ұялату үшін де қолдануға болады.

Подробнее...

Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытудың ерекшеліктері

Сейтказина Рысгуль Сейтбековна, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО ПҚ БАИ-дың «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы
Тотиева Сабира Сериккановна, «Переменовка орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Бородулиха ауданы

     Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр. Заманауи Қазақстан білім беру жүйесінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды.
     Тіл үйретудегі басты мақсат – оқушылардың сөйлеу әрекетін бірізді және жүйелі түрде дамыту. Сөйлеу әрекеті – ақпаратты алу мен ұсынудың мақсатқа бағытталаған белсенді үдерісі. Ол қарым-қатынас жағдаятына байланысты тілдік жүйеден көрінеді. Оқыту тәжірибеге бағытталаған жағдайда сөйлеу әрекеті жетекшілік қырынан қарастырылады.

Подробнее...

Тура және тура емес теңдіктер (1-сынып)

Байгурманова  Гульназ Табараковна, «Степное негізгі мектебі-балабақша кешені» КММ, Глубокое ауданы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  «Теңдік және теңсіздік» 
Пән: математика
Мұғалімнің аты-жөні:
 Мектеп:
 Сынып:  1-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Тура және тура емес теңдіктер

Осы  сабақта  қол  жеткізілетін оқу мақсаттары  (оқу бағдарламасына сілтеме)

Теңдікті және теңсіздікті теңдеуді біледі,тура және тура емес теңсіздікті ажырата алады.

«<   >»  «+» « - »   «=  » таңбаларын қолдана алады

Оқу мақсаттары:

Барлық оқушылар: Теңдікті және теңсіздікті теңдеуді біледі, тура және тура емес теңсіздікті ажырата алады.

«<   >»  «+» « - »   «=  » таңбаларын қолдана алады

Оқушылардың басым бөлігі: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтауды меңгереді.

Кейбір оқушылар:.санды өрнектердің мәнін салыстыра отырып,оның түрін анықтайды.

Подробнее...