Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қосымша білім беру

Использования видеоматериалов на занятиях хореографией

 Табакова Елена Леонидовна, педагог дополнительного образования ГККП «Усть-Каменогорское объединение детско-подростковых клубов «Жігер», г. Усть-Каменогорск 

       Хореография – органическая  часть системы  образования, воспитания  и развития  личности  ребёнка. Занятия  хореографией  совершенствуют   каждого  физически и духовно. Хореографическое  искусство  обладает  редкой возможностью  воздействия  на  мировоззрение  ребёнка.
       В Государственной  программе  развития  образования и науки  Республики Казахстан на  2016-2019 годы определены приоритетные  задачи для  развития  и становления  качественного образования  -  дошкольного, среднего, технического и профессионального,  высшего и послевузовского, а  также акцентировано внимание   на развитии дополнительного  образования.

Подробнее...

Білім берудің жаңа жүйесі - заман талабы

 Насилова Зауреш Ерченқызы, А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

        Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
        Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Подробнее...

Оқушылaрдың оқу белсенділігін арттырудағы топтық жұмыстың тиімділігі

 Нурсапарова Асем Зарылкановна, А.Байтурсынов атындағы  №20  орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Өскемен қаласы

        А.Бaйтұрсынов: «Алдымен тәжірибелі басшы керек. Бaланы оқытатын білімді мұғалім керек. Мектептің жaны мұғалімге нұр» - дегендей, қазіргі таңда мектептің жаны болa білетін өмірден түйгені мол, еңбекқор, адал жүрек, ұстaз ретінде білім берудің жаңа жүйесін меңгере отырып, әлем өзгерісімен үндесетін қасиеттерге ие болатын табысты мұғалім керек. Сондықтaн да, менің ойымша бүгінгі таңда ұстаздар қауымы үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Осы орaйда екінші негізгі деңгей курсы мұғaлімдерге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретуде тиімді болып отыр.
         Бірлескен оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі, aталған тәсіл проблемаларды шешу, тaпсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.

Подробнее...

Шәкәрім шыңы

 

 

 

 

Муратбаева Алия Шерияздановна,   «№7 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі пәні мұғалімі,   Өскемен қаласы

 Сабақтың мақсаты:
1.Ұлы ойшыл, ақын, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірімен, шығармашылығымен таныстыру.  Сұрақтарға дұрыс жауап беру,  мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Білімді игеруде ақпараттық құзіреттілікті жүзеге асыру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру.
2. Сөздік қорын молайтып, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыта түсу, өзара бірлесіп топпен қарым-қатынас тәсілдерімен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа үйрету.
3. Адамгершілікке баулу.

Сабақтың  типі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі:  түсіндіру, ойландыру, сұрақ-жауап, іздендіру, өздік жұмыс.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, информатика.
Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті, «Адамдық борышың» өлеңінің мәтіні, «Шәкәрім Құдайбердіұлы»  слайд-презентациясы (АКТ), бағалау парағы, стикерлер.

Подробнее...