Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі

Қоғамдық ұдайы өндірістегі қаржы және қаржы жүйесі. Құндық категория ретіндегі қаржының ұғымы, мәні және қажеттігі

Укиртаева Гаухар, «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-нің экономика мұғалімі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің «йпапсіа» сөзінен пайда болған француздың «йпапсе» сөзінен шыққан) - тауар-ақшалай қатынастармен және мемлекеттің өмір сүруімен байланысты тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақшалай айырбасқа көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің қаржылық ресурстарға қажеттіліктерімен тығыз байланысты болды.

 

Қаржы ақша негізінде, ақша көмегімен іс-әрекет ететіндіктен ақша, ақшалай қаражаттар, ақшалай операциялар ретінде кең мағынада «қаржы» ұғымын қабылдау күнделікті тұрмыс практикасында, публицистикада кең таралды. Бірақ ақша - тарихи категория, ол өзінің дамуында әр түрлі трансформацияларға - қарапайым нысандардан күрделі, кәміл, қазіргі түрленімдерге ұшырады. Бұл дамуда оған қаржы да жататын ақша жаңа сапалы нысандарға ие болды.

Бүгінде «қаржы» терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге жазып қоюға болады.

Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.

Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақшалай қатынастарды қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Құндық категориялардың жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияға қатыстылығын баса көрсетеді.

Экономикалық заңдармен анықталған өндірістік қатынастар категориялар арқылы білінеді. Экономикалық категориялар бұл экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын және абстрактты, жалпылама түрде көрінетін біртекті экономикалық қатынастардың тұлғалануы.

Қаржы экономикалық категория ретінде экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарылау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.

Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай қорларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар - бұл қаржылық қатынастар.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қараудан оның мәнін - оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін предметінің ішкі мазмұнын зерттеуге кешу қажет. Бүл ретте зерттеу предметінің бейнесі оның сыртқы және ішкі қасиеттерінің өзара байланысында елестелуі мүмкін.

Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және оның құндық экономикалық категорияларға қатыстылығын баса көрсетеді.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақшалай қатынастар экономикалық қатынастарға жатады, ал бүл қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіріктіріледі (1.1 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржылық қатынастар - өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни базистік қатынастар болып табылады деуге болады.

Қоғамда адамдардың, олардың топтарының (ұжымдарының) қызметі қатынастарда, яғни белгілі бір мүдделердің негізіндегі өзара байланыстарда, тиісті қажеттіліктерді бейнелеп көрсететін осындай мүдделерді қанағаттандыруда қалыптасады.

Қаржы - ақшалай қатынастардың жиынтығы және олардың ажырағысыз бөлігі, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда, ақшалай қатынастарда қандай орын алатынына байланысты болады. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияланған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай қорларды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.

Алайда қаржы ақшалай қатынастардың бүкіл сферасын қамтымайды. Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорларын құратын тек ақшалай қатынастар ғана қаржының мазмұны болып табылады.

«Қаржы» ұғымы ақшалай нысандағы қоғамдық өнімнің ұдайы өндірісімен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу үдерісінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақшалай нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржылық қатынастардың бейнеленуі. Тауар-ақшалай қатынастардың жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған рыноктық экономика жағдайларында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақшалай қатынастармен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі. Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық - заттай факторларының айырмашылығы мен олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша тетіктің объективті қажеттігі туады. Бұған ақшаның және оның туынды экономикалық категорияларының, соның ішінде қаржының көмегімен жетеді. Қаржы тауарлық қатынастардан тыс өмір сүре алмайды. Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде - ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқа субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемесі де болуы мүмкін.

Қоғамдық қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары коғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әртүрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Тек өндірілген тауарлар, қызметтер, адам еңбегінің басқа өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір ақшалай баламамен еткізгенде өндірушілердің түсім-ақшасы (табысы) жасалады.

Түсім-ақша жиынтық коғамдық өнімнің микроэлементі ретінде «с», «v» және «т» құрамды бөліктерін, яғни өндірістің жұмсалынған кұрал-жабдықтары құлының мөлшерін, жұмыскерлердің жұмсалынған нақты еңбегін өтеуге сәйкесетін құнының бір бөлігін және жасалған қосымша өнім құнын кіріктіреді. Өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден алынған түсім-ақшадан тиісінше өндірістің жұмсалынған құрал-жабдықтарының орнын толтыруға, еңбекке ақы төлеуге бағытталатын тиісті ақшалай қорлар бөлінуі тиіс, ал қосымша өнім құны қоғамдық өндірістің, өндірістік емес сфераның барлық қатысушыларының, қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің экономикалық мүдделерін қанағаттандыратын, сақтық қорлары мен резервтер жасауға арналған бөліктерге бөлінуі тиіс.

Бөлудің бүкіл үдерісі өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну предметтері қорларын жасай отырып натуралдық – заттай нысанда да, сонымен бірге ақшалай нысанда да еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақшалай қорлардың қозғалысы арқылы болып жатады. Ақшалай қорларды қалыптастыру, тауарлы қатынастарда оларды пайдалану қаржыны пайдалану көмегімен жүргізіледі. Сөйтіп қаржы тауар-ақшалай қатынастармен байланысқан, олардың салдарлары болып табылады және сонымен бірге олардың жұмсалуына жәрдемдеседі.