Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Ұлттық ойын – Тоғызқұмалақ

Ұлттық ойын – Тоғызқұмалақ

Серік Алимов, «№35 орта мектеп» КММ-нің тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі

Қазақ халқының «Тоғызқұмалақ» ойыны – шахмат ойыны сияқты өте қызықты, көп ойлануды қажет ететін, ежелден келе жатқан ойын түрі. Бұл ойын адамның терең ойлау, жақсы есте сақтау және математикалық қабілеттерін жетілдіреді. Ойын өзінің сан алуан қиын сәттерінде ойыншының ұстамды болуын, біліктілікпен қорғана білуді және тегеурінді шабуыл тактикасын дұрыс қолдануды керек етеді.

 

№35 орта мектебінде бірнеше жылдардан бері тоғызқұмалақ үйірмесі тұрақты жұмыс істеп келеді. Ұлттық спорттың бұл түрінен көп оқушылар қызығушылық танытып, уақыт өткен сайын шеберліктерін шыңдай түсуде. Тоғызқұмалақ ойнаудың ережесі қарапайым. Арнаулы ойын тақтасында 18 кіші ұясы (отауы) және үлкен екі ұясы (қазаны) болады. Ойынды ойнау үшін ойыншыларға 162 құмалақ беріледі. Тақтадағы әрбір ұяның әріппен белгіленген өз аты бар.

Ұяның аттары ойын тәсілінің орындайтын мақсатына сай келеді. Мысалы, белбасар, қанды қақпан, көкмойын отауларына «тұздық» жасалынса, онда ол ойыншы қарсыласынан басым түседі. Өйткені, құмалақтардың көпшілігі сол ұялар арқылы өтеді. Ал «таңдық» (А), «көшпелі» (Ә) деген ұяларға құмалақтарды жинауға болмайды. Өйткені, ол ұяларға қарсыласы басқа ұяларға қарағанда көп шабуыл жасап отырады. Тоғызқұмалақ ойнаушы ойыншылар жарыс ережесін дұрыс сақтау үшін және нәтижесін тез есептеп шығару үшін өздерінің жүрістерін жазып отырады.

Мектептің тоғызқұмалақшылары сан мәрте қалалық біріншіліктерге қатысып, өздерінің ойын шеберліктерімен көзге түсіп жүр. «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 5-ші жыл өткізіліп отырған Тоғызқұмалақтан Қазақстан Ұлттық ЮНЕСКО Федерациясының мүшесі Қ. Бітібаеваның есіміне арналған жасөспірімдер арасындағы Өскемен қаласында жарысты ұйымдастырып отырған Рамазанов Асқар Ашимжановичке мың да бір рахмет.

Биылға командалық жарыста №35 орта мектебі ІІІ орыннан көріне білді. Спорт жарыстарына үнемі мектеп намысын қорғап жүрген шәкірттерім аз емес. Атап айтқанда Жүнүсова Әйгерім, Қиноят Дина, Төлеуханова Ажар, Мұратова Айым, Тоқтаров Олжас, Нурбек Фатих талай жарыстарда топ жарып, жеңімпаз атанды.