Бұл санынан оқитындарыңыз / Читайте в этом номере

"Ұстаз Әлемі-Педагогический мир" №8(27)-2019

Подать статью для публикации:

Талаптар / Требования

Информационно-педагогическая газета ВКО - Оқушы шығармашылығынан

Кімге айтамын көңілімнің наздарын?

 Уксукпаева Жанель Ердынбековна, «М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-нің 9-сынып оқушысы, Өскемен қаласы
Бердигожина Г Н., жетекшісі - қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 Кімге айтамын көңілімнің наздарын?
«Кімге айтамын көңілімнің наздарын?
Кімге айтамын қара тілдің азғанын?!
Ертең кімге тұлға болып тұрасың,
Оқи алмай жүрсең атаң жазғанын?!»
С. Ғабдуллин

    Мен Согра кентінде тұрамын. Орыс тілді мектепте білім аламын. Сыныптастарым да, достарым да орыс балалары. Анам қазақша сөйлегенімді қалайтындықтан, үйде қазақ тілінде сөйлеймін. Қазақ жазушыларының шығармаларын көбінесе орыс тіліндегі басылымдардан, кітаптардан оқимын. Бірде кітапханаға барып, ұстазымның айтуы бойынша Серік Ғабдуллин кітаптарын сұрап, оқуға отырдым. Алғашында кітап беттерін парақтап, не оқырымды білмей, көз жүгіртіп көп отырдым. Өзіме қажетті тақырып таппай, біраз бет ақтаруға тура келді. Осы ақынның отбасы туралы жазылған өлеңдері бар ма екен деген ой мені кітап мазмұнына қарай жетеледі.

Подробнее...